Цифрлық картография жүйелерінің бағдарламаларына қойылатын талаптар туралы қазақша реферат

1.Мамандандырылған ГАЖ бағдарламаларына шолу

2.Map Info Professional

Қазіргі кезде нарықта Жер туралы ғылымда қолданатын ГАЖ Encom Discover 5.0 бағдарламасы пайда болды. 1994 жылдан бері бұл стол үстілік ГАЖ геологтарға үлкейткіш лупа және компас сияқты маңызды құралға айналды.

Encom Discover – ді пайдаланатын бағыт:

— геологиялық жиынтық деректерін дайындау;

— ұңғыма жоспарын және қималарды құру;

— берілген масштабта геологиялық символды таңбалармен сызықтық линияларды қолданып жоғары сапалы карталар шығару;

— координаттары байланған графиктерді құру;

— кеңістік деректер жиынтығынан құралған метадеректерді өңдеу және пайдалану. Encom Discover деректерді өңдеу утилиті текстің фрагментін іздеу, бір нысаннан біршама арақашықтықта орналасқан екінші нысанды табу, кестені сұрыптау, графикалық нысандардың қасиетін және оның атрибутын жаңарту, нысандарды трансформациялау, жұмыс жиынтықтарын және метадеректерді өңдеу т.б. операциялар жасай алады.

Discover – ге үйлестірілген кітапханасы – геолоиялық картаға шартты белгілерде орналастыру, геологиялық сызықтардың стилін таңдау және оны картаға орнату, қабатты басқару қосымша «Терезе» арқылы кез келген уақытта алғашқы деректердің жұмыс жиынын қалыпқа келтіру, қабатты өңдеу, деректерді таңдау процедураларын жасайды.

RockWorks геологтар мен геофизиктерге арналған универсалды программалық ГАЖ – ға қосымша. Бұл қосымша геология деректерін өңдеуге және оың нәтижесін Windоws 95/98/NT жүйесінде қарауға бағдарланған.

Бұл қосымша нүктелік картография, изосызықтар құру, үш өлшемді беттер тұрғызу, тік және қисық ұңғыма қималарын модельдеу, стратиграфикалық бағалар тұрғызу, шкала, диаграмма, статистикалық және гидрохимиялық сараптау, деректерді үш өлшемді түрде ұсыну т.б. операциялар жасай алады.

Map Info Professional (АҚШ – тыңMap Info Corp. Фирмасы жасап шығаран). Ресейде кең тараған стол үстілік ГАЖ – дың бірі. Map Info адрестік және кеңістіктік байлаысы бар өңдеу және сараптама жасау үшін жобаланған. Map Info – да мыналар жзеге асырылады:

— географиялық нысандарды іздеу;

— деректер қорымен жұмыс;

— геометриялық функциялар: беттер арасындағы ауданды, ұзындықты, көлемді, периметрді есептеу;

— кез келген нысандар тобының жанында буферлік зона құру;

— SQL сұрауының кеңейтілген түрі, сұраулар өрнектерге негізделеді және бірігуді жүзеге асырады. Алаңдарды бейнелейді, бірнеше кестелерді біріктіреді және географиялық бірігулерге мүмкіндік береді.

— компьютерлік дизайн және картографялық құжаттарды шығаруға дайындық.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қалабаев Н.Б. ГИС и основы цифрового картографирования. Алматы, 2001.

2.Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. – М.:Недра, 1992, с.419

3.Лисицкий Д.В. Основные принципы цифрового картографирования местности. – М.:Недра, 1988, с.261

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,2,3]

1.ГеоГраф бағдарламасы

2.Панорама бағдарламасы

3.ER Mapper бағдарламасы
Тағы рефераттар