Мазмұны

I. Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөзі
Тақырыпты алғандағы мақсаттары мен міндеттері
II. Негізгі бөлім
Corel Draw туралы жалпы мағлұматтар
Объектілерді салу
Corel Draw бағдарламасынығ көмегімен киім үлгілерін бейнелеу
III. Қорытынды бөлімі
Лабораториялық жұмыстар
Иллюстративтік материалдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазіргі  кездегі  білім  беруді  ізгілендіру мен — демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, информатикадан білім негіздерін оқыту  процесіне  еңгізу  орта  білім беру  жүйесін  акпараттандырудың  негізі  болып табылады.

XXI гасыр — білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Олай болса,  Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Қазақстандағы жалпы білім беру жүйесін ақпаратгандыру ақпараттық коғамның қалыптасуы жағдайында қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру жүйесі  тәжірибесінде  калыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар — жалпы білім беру жүйесін үлттык, әлеуметтік — экономикалык, рухани және мәдени  кұндылықтармен біртұтас қарастыра отырып,  ақпараттық қоғамдағы өзгерістерге сай тубегейлі кайта қарауды қажет етуде.

Орта  білім беру жүйесіндегі  информатиканың ролі акпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа акпараттык қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты кұрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ак оның элемнің жүйелік-акпараттык бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалық ғылымдардың парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі ақпараттык қоғамға сэйкес келіп отыр. Олай болса, орта білім беру жүйесін акпараттандырудьщ негізі -информатика курсының мазмұнын өзгерту болып табылады. Сондықтан информатиканың мамандыққа баулу курсының мазмұнын ақпараттык қоғам жағдайында анықтау негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.

Білім беру жүйесін реформалау еліміздің тәуелсіз мемлекеттеріндегі даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Олай болса, білім беру тәжірибесінде  қалыптасқан  жағдайларға  жасалған  талдаулар  жалпы  білім  беру жүйесін улттық,  әлеуметтік, рухани және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай түбегейлі қайта қарау кажеттігін талап етіп отыр. Ал орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатиканың мамандыққа баулу курстарының қазіргі бағыттарын дамыту оның алғышарттары  болып  табылады.

Ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-акпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы калыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуальды дамуын қалыптастырудың қажетті жолы. Ол адам мен акпараттық ортаның («мұғалім-компьютер (акпаратты-үйрету орта) — оқушы»; «оқушы-компьютер-оқушы») арасындағы жеке тұлғальң бағыттағы карым-катынасты зерттеуді қажет етеді. Елімізде ақпараттық коғамның дамуы оқушылардың кәсіби бағытын қалыптастырумен сипатталады. Ал ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық  технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру кұралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін  орта мектептерде  ақпараттық  білімді  қалыптастыруда түрлі қарама-кайщылыктар кездеседі. Мұғалім оқушыларды адамгершілікке, ізгіліктілік қасиетке және компьютерлік техникаға ұқыпты қарауға  тәрбиелей отырып, ақпараттык коғам идеяларын насихаттайды. Ал информатиканы мамандыққа  баулу курсы бағытында окытудың оку бағдарламаларының мазмұнында ақпараттык  заңдылықтардың манызы ашып көрсетілген мәліметтер ене бермейді. Жеке пәндерді  зертелеуде әрбір оқушының меңгеруі тиіс ақпараттык  мазмұндағы   ұғымдар мөлшері  айқындалмаған, оған катысты кәсіби бағытың   дамыту мәселелері  ескерілмеген.

Сонымен бірге, орта мектептің 10-11 сыныптарынан  бастап орта және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерін біттіргенге  дейін  әрбір  оқушының  психологиялық жәпе физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық білім, білік және біліктілік дағдыларын  меңгерудегі белсенділіктерін арттыру жұмыстарын жүргізген орынды.

Ақпараттык білімді қалыптастыру төмендегі мәселелерге: тәрбеснің мақсаттында. болашақтағы және ақпараттық қоғамның саясаты мен міндеттерін оқушылардың ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру жүйесіне; орта  мектептің  және бастауыш кәсіптік білім  беру  мекемелерінің  материалдық — техникалык базасына;  оқушылардың жас ерекшеліктеріне; оқушылардың кәсіби деңгейін анықтай білу кабілеттеріне; педагогтардың информатикадан білім деңгейлеріне жәнс шеберліктеріне, тәрбие бағытының ақпараттық  қоғам бағытымен  өзара байланысына тәуелді.

Аталған тәуелділіктерді ескере отырып, оқушыларды қазіргі мамандықтың түрлеріне дайындау  барысында білім мазмұнын талдап, беру бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Осы уақытқа дейін информатиканың мазмүны алгоритмдеу, программалау және акпараттық  технология  сиякты  мәселелер ретінде  карастырылып келді.  Бүл  мәселелер    7 сыныптан  бастап   еңгізілгенменен де, орта білім беру жүйесіне жаппай енгізілмей келеді. Соған  байланысты  аталған  мазмұндағы мәселелер  жан-жақты қарастырылмай келді. Ал ақпаратгык технологияның жеделетіп дамуыпа байланысты жоғарыдағы мәселелерді  7-9 сыныптарға көшіру қажеттілігі тудырып  отыр. Аталған қажеттілікті шешуде информатиканың мазмұнын саралап, ғылыми-теориялық жағынан негіздеп, жүйелеу тиімді.

Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрін ақпараттандыру — бүгінгі күннің негізігі талабына айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау кажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар кажет екеніне талдау жасап, кажетті мамандарды дайындаудың тұжырымдамасын, стандартын, оқу бағдарламасын, оқу -әдістемелік  кешендері мен қолданбалы  программалық  кұралдарды  жасақтау  қажет.

Бугінгі таңда компьютерлік  дизайн,  жүйелік программалаушы, администратор және т.б. мамандардың кажет екендігін түрлі  бұқаралық ақпарат құралдар да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ал   біз   әдістемелік   құралда  Corel  Draw   программаcында  түрлі  графикалық  бейнелерді  өңдеуге  қолданудың   әдістемелік  негіздерін қарастырып отырмыз.

Максаты: Corel DRAW программасында  графикалық редактормен танысу. Графикалық объектілерді салуды, айналдыру, еңкейту,   үлкейту, жылжыту және салынған объектілерді бейнелеу, мүсіндердің тобымен жұмыс жасау, қүюдың түрлі-түсті түрін қолдана білу, графикалык объектілерді салу сияқты әркеттерді үйрену.

Аталған  әркеттерді  меңгеру  процесі  кейбір  ойыншықтар  шығаратын фабриканың  фирмалық  таңбасын  ұсынатын  бүтін  графикалық  объект-суретті құру барысында  орындалады.

 Курстық жұмыс / 45 бет
Тағы рефераттар