Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау туралы қазақша реферат

         Металл емес және силикатты материалдарды өндіру жоғары сапалылық және технологияның қуаттылығымен сипатталады. Мұның бәрі өндіру тәсілінің құрылымын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Техникалық бақылау – бұл объектінің (материал, бұйым немесе процесс) бекітілген талаптарға, стандарттау және сертификаттау заңдарына сай болуы.

Стандарттау – бұл ұқсас объектілермен салыстырудағы үлгі эталон модельге сәйкес келінуіне бағыттау. Нәтижесінде нормативті құжаттар дайындалады.  Объектінің спецификациясына және оған бекітілген талаптарға байланысты    стандарттау: жалпы стандарт, өнімге немесе қызметке, сонымен қатар процеске арналған стандарт, сапаны бақылауға арналған стандарт болып бөлінеді.

Загрузка...

Сертификация – бұл бұйымның нормативтік  талаптарға сай келуі және оған сәйкес сертификаттың берілуі.

Әрбір бақылау 2 этаппен жүзеге асады:

—         объектінің жағдайы, құрамының көрсеткіштері және белгілері туралы

ақпарат алу;

—         бастапқы ақпаратқа сәйкес алдын-ала қабылданған талаптарға,

нормаларға және критерилерге сай болғаны немесе сай болмағаны жөнінде екінші ақпарат беру.

Екінші ақпарат бұйымның сапасын жоғарылату үшін қолданылады.

Бақылау жүйесінің негізгі міндеттері болып табылады:

—         зауытқа түскен материалдың сапасын анықтау;

—         өндіру процесі кезіндегі материал ағымының қасиетін және құрамын тағайындау;

—         сапаны бақылау және бұйымды  сертификаттау;

—         технологиялық процесті жүзеге асыру үшін бақылау кезінде алынған нәтижелер мен анализдер қолданылады.

Өндірісте бақылау жүйесі өз ішінде жүйелерден тұрады. Заводта

технологиялық  бақылау бастапқы шикізаттың құрамын және қасиетін, толтырғыштарды, қосымша материалдарды, жартылай фабрикаттарды анықтауды қамтамасыз ету керек. Оперативті технологиялық бақылау жүйесі  материалдың құрамы мен қасиетін және бақылау нәтижелерінің талаптарға сай болуымен айналысыда. Анықтау көлемінің маңызы  аз болуы керек және бақылау өте күрделі қондырғылармен жүзеге аспау керек. Параметрлік бақылау жүйесі қондырғының жағдайын және оның жұмыс істеу режимін бағалайды, технологиялық  параметрлерін бақылайды, технологиялық ағымды, сыйымдылық деңгейіндегі шығынды өлшейді.

Техникалық бақылау жүйесі сапаны бақылау және өндірілген материал  мен бұйымның нормативтік құжаттарға сай болуын қамтамассыз етеді, сонымен қатар бұйымды сертификаттайды. Техниалық бақылау бөлімі сапасыз бұйымды анықтап қана қоймай, осы типтес фактілерді ескертеді. Осы мақсатпен техникалық бақылау бөлімі  өндіріске түсетін материал сапасын  бақылайды, жарамсыздардың пайда болуы мен бұйымның сапасының төмендеу себебін анықтайды.

Техникалық бақылау бөлімі  заводтағы және цехтардағы зертханалармен біріге  жұмыс жасайды.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар