Даосизм мектебі туралы қазақша реферат

Лао-цзы (Ли Дань) — даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі \/І-\/ ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин» шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, езгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлауда да, іс-әрекетінде де осы лзо жолын ұстануы, яғни «у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» «ты-кыш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.

Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілудірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.

Ал «даоның» заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: «Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады».

Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі — екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі ол денесіз, екі ұшты, соншалықты кішкентай, мөнсіз, көрінбейді, енжар жөне жалғыз. Ол мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бүл жағынан шектелуді білмейді.

Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден («ци») түрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар «барлық заттардың анасы». «Аты бар даоның» негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл екі түрлі «дао» бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер «аты жоқ даоны» биболмыс десе, «аты бар даоны» болмыс деп түсінген. Барлық заттардың түпнегізі биболмыс болғандықтан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде қайтадан болмысқа сүйеніп пайда болған заттар, құбылыстар мәңгі емес, тек биболмыс қана мәңгі.

Әлемдегі денелерде Аспан (ян — еркек) мен жер (инь — әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасыңда гармониялық бірлікте болады. «Дао» — болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бүл екеуінсіз («дао және дэ») еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.

Заттардың гармониясы дегеніміз — олардың өздерінде қарамақарсы жақтардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз болса, өлер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп бүл өмірден кетеді.

«Даоның» екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. «Аты жоқ даоны» кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле алады. Себебі ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан, заттардың күресінен — гармонияны, қозғалыстан — тыныштықты, болмыстан болмысты көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Шынайы дана билеуші, даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға табиғи жолмен («дао» жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші ештеңеге араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай, әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргендерді заң арқылы шектеуге қарсы болады. Осы тұрғыдан олар конфуцийшылдарға да, легистерге де қарсы болды.

Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.
Тағы рефераттар