Дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы туралы қазақша реферат

Қазақ радиосының бұрынғы жұмыс принципі бойынша — эфирден өтетін хабарлар алдын — ала үнтаспаға жазылып, өңдеуден өткізіліп, хабарлар бағдарламасына енгізіліп қойылатын. Яғни, алдын-ала дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін. Алдын-ала жоспарлаудың түрлері бар:

Жылдық жоспар.

Тоқсандық жоспар.

Айлық жоспар.

Апталық жоспар.

Ал, журналистік радио дегеніміз – алдын-ала жазылып алынбаған, тікелей эфир арқылы таратылытын хабарлар түрі. Бұл жерде бұрынғыдай дикторлар шақырылмайды, телефон байланысы арқылы белгілі бір тақырыпта жоба авторының қатысуымен немесе жүргізушімен өткізіледі. Тікелей эфирдің талабына сай жұмыс істеу журналистке көптеген міндеттер жүктейді.Соның ең бастысы – сөз өнерін, ой толғауын меңгеру.  Сөз өнері дегенді Ахмет Байтұрсынов былай түсіндіреді: «Бір нәрсе туралы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады». Демек айтылатын ойды, қозғалатын мәселені «жақсылап айту», түсінікті тілмен жеткізу радиожурналистке тән қасиет болуы тиіс.
Тағы рефераттар