Экономикада кәсіпорынның алатын орны туралы қазақша реферат

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Кәсіпорын    экономикасы    микро    және    макроэкономикамен тығыз байланысты. Макроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар,   отбасылар,   яғни   жекелеген  экономикалың құбылыстарды  қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар жане қаржы рыноктарын, банкілерді,   түрлі   фирмалар   мен   кәсіпорындарды,   тағы басқаларды  зерттейді.  Микроэкономика  сол  сияқты  жекелеген   тауарларды   өндірудің   көлемін   қалай   тағайындайтынын және   олардың   бағаларын,   халықтың   жинақ ақшаларына   салықтар   қалай   ықпал   ететінін,   т.б.   зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

Микрозкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы  және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады.

Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық проценттерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс — белгілі баға бойынша тұтынушылар сатын алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні «Кәсіпкерлік экономикасы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау», «Қаржы», «Статистика» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми-техникалық жетістіктер және т.б. кәсіпорынның жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалың пән болып табылады, пәннің мән — мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

Кәсіпорын белгілі бір кәсіпкерлік ортада қызмет атқарып оның барлық іс-әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және саяси-ахуалды, құқықтық, әлеуметтік-мәдени, технологиялық, гео-графиялық ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге институционалдық және ақпарат жүйелерін сипаттайды.

Кәсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті талдай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға:

біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді білуге;

екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

•    Қазақстанның азаматтары;

•     шетел мемлекетінің азаматтары;

•  адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы). Кәсіпкердің мәртебесі   заңды   және   заңды   тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тағы рефераттар