Жоспары: 

1. Ғылыми таным ерекшелігі.

2. Гипотеза ұғымы, түрлері. 

Адамзат тарихының ұзақ уақыты барысында сана мәселесіне деген қызығушылық үздіксіз бақыланып келді, адамды өзінің мәні, дүниеге келуінің себептері және оның көптеген формалары қызықтырды. Бұл мәселенің философиялық аспектісі адамның саналы қызметінің тұтастығымен құндылығына бағытталған. Философия сананың адамның өмірлік қызметінің формасы, рухани бағыт-бағдардын тәсілі және танымдық қызметінің құралы ретінде қарастырады. Сананың пайда болуы жөнінде әртүрлі  концепциялар бар, олар: 1. Теологиялық. 2. Идеалистік  3. Ғылыми-материалистік.

Теологиялық концепция  бойынша сананың негізі мен бастамасы құдай. Идеализм рухтың бастамасы мен абсолюттілігін көрсетеді.

Материализм болса ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, сананы материаның ең жоғарғы ұйымдасқан қасиеті ретінде қарастырады.

Ғылыми тәсілдер бойынша материя сананы қалыптастырудың негізінде жатқан бейнелеу қасиетіне ие. Бейнелеудің эволюциясы оның жоғарғы формасы болып табылатын сананың пайда болуына әкеледі. Сана ойлау, жады, ерік, эмоция сияқты психикалық қызметтердің басқада формаларымен тығыз байланысты. Ең күрделі мәселелердің бірі   санамен тілдің қатынасы жөніндегі мәселе болып табылады. Сананың өз құрылымы бар, оның негізгі элементтері қоғамдық және индивидуалдық сана. Қоғамдық сана өзін түрлі формаларда көрсетеді:

  1. Адамгершілік сана, моральдық қатынастар саласын қарастырады.
  2. Эстетикалық сана, әсемдік пен ұсқынсыздық саласын қарастырады.
  3. Діни сана, әлемді құдайға сенімнің символы арқылы бейнелейді.
  4. Саяси сана, қоғамдағы саяси қатынастарды идеологиялық және психологиялық тұрғыдан бейнелейді.
  5. Құқықтық сана, адамдардың қатынастарын заңда бектілген құқықтық ерекшелер арқылы бейнелейді.

Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік, тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады.Танымның деңгейі мен мәні қоғам дамуының деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымдық процестің негізгі элементтеріне танымның объектісі мен субъектісі жатады. Осының барысында танымның объектісі табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделері мен мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып табылатын екі түрлі негізгі деңгейлерде жүзеге асырылады. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестету. Ал, танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау,ой қортындылау жатады.Танымның осы деңгейлерінің арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Таным ғылыми және ғылыми емес деңгейлерде де жүзеге асырылады. Танымның ғылыми емес деңгейі- қарапайым, діни, көркемдік.

Ғылыми  таным дегеніміз- жүйелілік, білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми таным танымның әдістерімен формаларын екі түрлі деңгейде қолданады, олар:

  1. Эмпирикалық таным әдістері
  2. Теориялық  таным әдістері

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлділігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Дәлдәі нақтылыққа қатынастың белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енеді. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделіғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғылымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер өз шығармашылықтарында дәл, логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен әдістерге сүйеніп отырады. Білім формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығын, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.

Теория – бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па?  Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештің суи бастағанын, ал бөлмедегі ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Біз мұны қорытындылай отырып мынаған келеміз: а) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылау нәтижемсінде алғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кезкелген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі, ғылыми қорытындылар бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануында да болып шығады.

Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады» және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық. Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д.И.Менделеевтың химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанады. Бұл болжамдар дәлелденгенннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.

Теориялық білімдер өз құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да, әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы дәрежеде дәлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теория құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығында. Мұндай түйін нәтижесінде алынған пікірлер теория салдарлары деп те аталады.

Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар, белгілі бір жағдайларды, ахуалдар мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады.

Танымның ерекше түріне әлеуметтік танымды жатқызамыз. Мұндағы ең маңыздысы зерттелетін объектілерге объективті түрде сипаттама беріліп қана қоймай адамның құнды мәніне де  көңіл бөлінеді.

Ғылым адамзат қызметінің басқа да салаларымен тығыз байланысты және қазіргі замандағы жалпы адамзаттық мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды.

Ғылыми танымның қандай артықшылықтары бар екенін айқын аңғаруға болады. Адамның кезкелген әрекеті қандайда бір міндеттерді және мәселелерді шешуді білдіреді.

Қазіргі ғылыми таным қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен мұндай шешімдердің іске асу уақытын ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туды. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды алуға болады. Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдыққа, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне, ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де сипатталады.
Тағы рефераттар