Эпикалық дәстүр тудырған жанрлардың бірі — толғау. Оның мазмұны ойлы, мақамы сазды келеді. Толғау деп өмір, тіршілІк туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.

Құйрьгғы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

   Жылан қайтіп күн көрер? —

деген Асан Қайғы толғауларының айтар ойы өте терең.

Қазақтың от тілді, орақ ауызды келесі бір жырауы Бұқар болса, ол Абылай тұсында өмір сүрген. Оның жырларына қарап Бұқардың Абылайдың сыншысы, ақылшысы болғанын көреміз. Ел туралы толғанғанда ол  Абылай ханның жеке басына да мін таға береді.

Ал, тілімді алмасаң

Қазақ халқының бірлігін ойлап, үш жүзді бір тудың астына жинауды көздеген Абылай ханның да қиғаш кеткен жерлері аз емес көрінеді. Сондай тұстардың бірІнде Бұқар жырау Абылайға ақыл салады. Онда биліктің қызығына түсіп, еліңе қиянат жасама. Күні кеше сен кім едің? Түркістан жеріндегі Әбілмәмбет патшаның қызметшісі, Төле бидің түйесін баққан құлы емес пе едің. Есейе келе қолыңа қылыш алып, жауъшды жеңдің. Колың билікке жетті. Басыңа бақ қоңды. Бірақ сол бақты көтере алмай жүргендейсің. Болмаса өзге батырлардан сенің қай жерің артық? Қабанбайдан бұрын қай жауды жусатып едің? Шыққан тегің кімнен артық? Атаң арқар ұранды жат, анаң түрікменнен туған күң еді деген қатал сын айтады.

Бұқар жыраудың бұл сөздерін Абылай жақтырмай қалады. Соны байқаған жырау:

Ашуланба, Абылай,

Ашулансаң, Абылай,

Көтерермін, көнермін,

Көтеріп қазға салармын.

Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма…

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба.

Күнінде мендей жырлайтын,

Тоқсан үште қария

                   Еңді де саған табылмас, — деген екен.

Бұл — анық толғау үлгісі. Мазмұнына сай оның мақамы да ойлы, әсерлі, сезімді тереңнен қозғайтын сазға құрылған.

Кейде толғау сазынен үлкен эпостық жырлардың бір саласы да айтылады.

Эпикалық дәстүр шеңберінде туған дидактиқалық жанрдын келесі бір тармағы — терме. Толғаумен салыстырғаңда мұның жырлайтын тақырыбы да, әуен-сазы да өзгеше. Егер толғау ойлы, мазмұны қоғамдық маңызы бар күрделі тақырыптарға құрылса, терме өмірдің жеке бір көріністерін жырлауға бейім. Осыған орай оның музыкалық мақамы да жеңіл, ойнакы, сазды келеді. Ол көбіне термелеп айтылады. Мысалы:

Жақсыдан шығады сөз жай секілді,

Жаркырап атып тұрғаң таң секідді.

Ойлайтын елдін қамын ерлерім көп,

Сәулесі көпке түскен шам секілді,

— деп келетін Кенжеқожаның термесі адамға терең ой салып, өсиет айтады. Осы өсиет пен ғибрат — терменің басты белгілері.

Кенжеқожаның термесі

Ертеректе Сыр өңірінің өзбек жерімен шектесетін тұсында Кенжеқожа дейтін кісі тұрыпты. Өзі ауыл арасындағы той-думандарда суырып салма өнерімен танылған ақиық ақын, асқан жырау, термеші екен. Бірде үлкен той болып, түрлі ойын-сауыктар жүріп жатады. Көкпар, күрес, ат жарыстар қызады. Соның арасында саз және ән өнеріне де кезек беріледі. Көптеген ақын-жыраулардың арасынан Кенжеқожа өзінің қайталанбас өнерімен озып шығады.

Жұрт оны тағы бір сынамақ болып: «Жігіттің жақсысы кім? Адамның данышпаны кім?» — деген сауал қояды.

Сонда Кенжеқожа сәл ойланып калады да, домбырасын бір-екі қағып қойып:

Жігітті екі мінез ел демеңіз,

Кеселді екіталай емдемеңіз.

Қабірін қисық біткен қапыс қалды,

Түзетіп тезге салъш жөндемеңіз.

Алдыңа ата дұшпан келсе дағы,

Жекіріп жаман сөзбен жерлемеңіз.

Сасқанда ақыл тауып бермегенді,

                 Данышпан, ақылы мол, кең демеңіз,

деп термелете жөнелген екен.

Эпикалық дәстүр тудырған кенже жанрлардың бірі — желдірме. Атауы көрсетіп түрғандай, бұл жылдам, желдіртіп айтьшатын туынды. Егер толғау мен терме көбіне қазақ халқының эпикалық дәстүрімен байланысты болса, желдірме бүгінгі күн тақырыбын да жырлай береді. Демек ол дамып келе жатқан жанр. Оған дәлел ретінде белгілі ақын әрі сазгер Иса Байзаковтың желдірмелерін айтуға болады.

Желдірменің әуені жеңіл, сазды әрі ойнақы келеді. Оны ең алғаш белгілі сазгер Е. Брусиловский жазып алып, нотаға түсірген. Сол кезден бастап Исаның «Желдірмесі» көптеген музыкалық шығар-маларға арқау больш келеді.

 

Эпикалық жанрлар дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Оның небір көркем үлгілерін біздің заманымызға жеткізуші эпос айтушылары — ұзан, жырау, жыршы, термешілер.

Эпос айтушыларының көне дәстүрі шамандық наным шеңберіндегі бақсылык дәстүрден бастау алады. Ертеде шамандар ел басқарған, әскербасы болған, сиқыршы, емші, түс жорушы, жауырыншы және жын-пері, аруақтармен тілдесетін, екі дүниенің арасын жалғап тұрған адамның қызметін атқарған. Бақсының құралы — асатаяқ, кепшік, даңгыра, қобыз, поэзиялық өлшемі — жыр, дүниетанымы — шамандық (тәңірлік).

Ертеде шамандар ел ақылгөйі болған. Орхон жазбаларындағы Тоныкөк осы бақсылар типінің көне бір көрінісі. Бақсылардың атасы болып есептелетін Қорқыт — қобыз аспабыңда күй тартып, жыр жырлаган. Сондықтан оларды жырау, ал кейінгі айтушыларды жыршы деп атаған. Жырау — белгілі бір сюжетті жырға қосатын, суырып-салма тұлға, жыршы — сол жырларды орындаушы, көршілікке жеткізуші, эпикалық дәстүрді жалғастырушы. Бірақ бұл ұғым-түсініктің шарттылығы да жоқ емес.

Сонымен, музыкалық эпос дегеніміз — ежелгі тайпалардың көркем ойлау жүйесінің белгілі бір сатысында көбіне отбасы, ру, тайпа тәуелсіздігі, ел бүтіндігі секілді этникалық сана аясында туатын күрделі музыкалық-поэтикалық шығарма.

Эпостану ғылымында түрлі танымдық көзқарастар, ағымдар мен бағыттар болғаны белгілі. XІX ғасырдағы фольклортану ғылымында мифологиялық бағыт, тарихи мектеп бой көрсетіп, оның өкілдері эпос мифтік сюжеттерден және тарихи оқиғалардан туады деген пікірді жақтады. Миграция бағыты болса эпос мәдениеті дамыған бір елде туып, өзге елдерге тарайды деген пікірді ұсынды. Бұл жүйе бойынша эпосты тудыруға бір ғана ел қабілетті де, өзгелері қабілетсіз болып шығады. Сондықтан бұл бағыт ғылымда эпостың ақсүйектілігі деген бағаға ие болды.

Кеңес дәуірінде тарихи мектептің табыстары жалғасын тапты. Бірак, 40 — 50-жылдары «Едіге», «Кітаби-Қорқыт», т. б. эпостык жырларға байланысты туған саяси дау олардың басым көпшілігінен бас тартуға әкеліп соқтырды. Қырғыздар — «Манас», түрікмендер — «Деде Қоркыт»,  өзбектер — «Алпамыс», қазақтгар — «Қамбар батырдан» баска
барлық эпосынан бас тартты. 1953 жылдың бас кезінде
эпосқа байланысты басқосулардың бірінде М.Ғабдуллин казақ эпосын феодализм дәуірінің мұрасы ретінде бағалады. Сөйтіп Алпамыс, Қобыланды   -«халық жаулары» больш шыға кедді.

Бұл эпостану ғылымының методологиялык тығырыққа тірелген кезі болатын. Осындай кезенде жаңа ғылыми тезис ұсынған ғалым — В. Я. Пропп. Өзінің «Русский героический эпос» (Москва, 1955) деген еңбегінде ол эпос тарихи окиға ізімен емес, халыктың ой-арманы, қиялы негізінде туады деген кисын ұсынды.

Одан бергі жерде эпостану ғылымы текстологиялық, стадиялық, типологиялық зерттеу тәсілдерімен бірге эпостың тарихылығы деген
мәселеге де ден қоя бастады. Атап айтар болсақ, өзінің музыкалық фольклорға қатысты еңбектерінде И.И.Земцовский   бастаған Ленинград фольклортанушылары музыкалық эпосты тарихи дереккөз ретінде бағалады. Бұл бағыт әлі күнге жалғасын тауып келеді.
Тағы рефераттар