Орта ғасырлар.

Батыс Европаның музыкалық мәдениетінің дамуындағы ортағасырлар маңызды да кең тарихи кезеңін хронологиялық шектеулі тұтас дәуір ретінде қарастыру қиын. 12 ғ. дейінгі музыкалық өнерде жазбаша ескерткіштер қалдырған жалғыз сала христиандық шіркеу музыкасы боп табылады. Онымен байланысты барлық сантүрлі комплекс Батыс Европадан асып, шығыстық – Палестиналық, Сириялық, Александриялық, мәдениетті қамтыған, 2 ғ. басталған ұзақ тарихи дайындыққа негізделді.

Ортағасырлардан Қайтаөрлеу кезеңіне өтуді белгілейтін екінші шекара Батыс Европада бірдей өткен жоқ, Италияда – 15 ғ. , Францияда 16ғ. , басқа мемлекеттерде ортағасырлық және ренессанстық тенденциялардың күресі әртүрлі уақытта өтеді.

Батыс Европада музыкалық мәдениеттің шіркеулік сфераның және ұлттық қыспақта болуы жарты мыңжылдық уақытқа созылды, 12 – 13 ғ. жаңа азаматтық — поэтикалық жанрлар пайда болды, және шіркеулік музыкасына да маңызды жаңалықтар енді. Бірақ бұл процесстер дамыған феодализмнің жағдайларында жүзеге асқан.

Феодализм антикалық қоғамның және жаңа социалдық күштердің, яғни иберлер ретінде қоныстанған немесе Европа бойынша көшіп жүрген (кельттер, гермендықтар, славяндар) варварлардың социалдық күштермен ұзақ қатынасының нәтижесінде орныққан. Ерте ортағасырлық мәдениеттің қалыптасуында діннің жолына үлкен рөл беріледі – христиан діні шығыстан, эллиндік Иудеядан Мысыр, Сирия, Армения жолдары арқылы таралған, және жергілікті сипатты ерекшеліктерді сіңірген.

Ортағасырлық мәдениеттің, ортағасырлық біліктіліктің, ортағасырлық өнердің негізгі ерекшкліктері христиандық шіркеумен байланысатыны белгілі.

2 -6 ғғ. бойы шіркеулік музыканың жаңа түрлері қалыптаса бастайды , кейін олар римдік шіркеумен әндердің міндетті жинағы ретінде қабылданған григориандық хорал негізін құрады. 3 ғ. жататын христиандық гимнің бірегей үлгісі египеттегі Оксиринхте табылып отыр.
Ертехристиандық музыка, кәсіпкерлер жорамалы бойынша, әуендік кіріспесі және қорытындылауы бар, речитацияның ерекше түрі ретінде псалмодия әдістерін – ғұрыптық көнеиудейлік әндерден алды, ал әндердің мелизматикалық құрылысын (мысалы, кеңтынысты аллелуйялар) – Сирия, Армения, Мысыр музыкасындағы ежелгі мелизматикалық дәстүрлерінен қабылдады.

4 ғ. аяғында Рим империясы тарихи өмірлері әртүрлі дамыған батыс (Рим) және шығыс (Византия) болып бөлініп кеткені мәлім. Христиандық дін сол кезде мемлекеттік болғандықтан батыс және шығыс шіркеулер де ерекшеленді. Римдік ән мектебі Византиялық ән дәстүрі негізделіп, өркендеген шақта ғана қалыптаса бастаған. Оның нақты мекеме ретінде пайда болуы Сильвестр 1 (314 — 335) кезеңіне жатады. 4, 5, 6 ғғ. бойы римдік әншілер көптеген римде пайда болған, әртүрлі елдерден мында келген әуендерді жинап, іріктеп, өңдеп отырды. Дамазио папасына (384ж. дейін) литургияның вокалдық бөлімдерін реттеу, Целестина папсына 1 (432 ж. дейін) литургияның кіріспе бөлімінің сипатын анықтады деп саналады. Солай – солай папа Григорий 1 (590 — 604) дейін құдайға қызмет ету әндерін системалау, шіркеулік ғұрыптың безендірілуі римдік ән мектебінің тәжірибесңне негізделген.

Проприум, градуал, офферторий, коммунио, трактус, аллелуйя григориандық антифонарийінде үлкен орын алды.
Тағы рефераттар