Мазмұны

         Кіріспе …….3

         1 Есеп саясатының теориялық негізі ……5

1.1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар …..5

1.2 Есеп саясатының мазмұны  және негізгі аспектілері….8

1.3 Есеп саясатын аудиттеуді нормативтік әдістемелік реттеу ….14

         2 Есеп саясатын ұйымдастыру тәртібі ……17

2.1 «Атырауинжстрой» кәсіпорынының шаруашылық қызметінің сипаттамасы………..17

2.2 «Атырауинжстрой» кәсіпорынының есеп саясаты …….20

2.3 Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті ……….28

         3 Есеп саясатын жетілдіру бағыттары ……32

3.1 Есеп саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар ……32

         Қорытынды …….33

         Пайдаланылған ақпарат көздері…….35

Кіріспе

         Елімізде нарықтық қатынастар салтанат құрғандықтан, дамыған елдердің  тәжірибесіне  көз жүгірту керек. Әсіресе, қаражат  саласына  назар аударғанымыз  жөн. Осы  жерде маңызды  орынды  есеп  саясаты  алады.

Қазақстан  Республикасының  аймағында  әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында  тіркелген резиденттік емес  өкілдіктер  мен  филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен  шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік  есеп  стандарттарында  және  ол бойынша  жасалған әдістемелік  ұсыныстарында басқарушылық пен  қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары  белгіленген, онда әрбір  кәсіпорындардың  техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің  біліктілігіне  қарап  нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы  бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және  бухгалтерлік есептегі шаруашылық  қызметіне жасалған  қорытынды шолу фактілері  кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат — бұл  бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған  талаптар мен  қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы  республика бойынша да  шаруашылық жағдайына  бейімделген  есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталды, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және тағы басқа бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдауды, оны (таңдалғанын) шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді (немесе ұйғарады).

Курстық жұмыстың мақсаты – ҚР есеп саясаты туралы мәліметтерді айқындап, негізгі мәселелерді зерттеу және оны жетілдірудегі халықаралық тәжірибесін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері – есеп саясаты туралы туралы түсінікті және оған қойылған талаптарды оқып-үйреніп,  есеп саясатының негізгі аспектілерін анықтап, жалпы кәсіпорынның есеп саясатын зерттеу. Есеп саясатын аудиттеуді зерттеу негізінде кәсіпорынның  аудитін жүргізуде кәсіпорынның есеп саясатына байланысты кемшіліктерін анықтап, оны түзетуге мүмкіндік беру.

Курстық жұмыс / 35 бет


Тағы рефераттар