Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттігі туралы қазақша реферат

Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептік бірегейлігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұсынған жағдайда еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан

потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді. Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар тұнық және сенімді, орындалып, мұның барлығы да халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз байланысты болған жағдайда, қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған копиталының қалай және қандай тиімділік дәрежесінде жұмсалғандығын біліп, бақылап отырады.

Өз экономикасын нарықтық экономика және базарлы сауда қатынастары деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіліп келеді.

Біздер кейбір компаниялар өздерінің халықаралық бизнесін жеке бөлімшелер түрінде қарап, басқада бөлімшелер байланысты  жағдайда ұйымдасатынын білеміз. Кейбір компаниялар жекелеген еншілес кәсіпорындар құрып, бұлар өз қызметін ішкі және сыртқы рынокта жүргізетін болып та ұйымдастырады. Қайда және қай елде орналасатындығына қарамастан бірлескен негізгі компаниялардың шаруашылық қызметіне қосымша қызмет көрсету мақсатындағы өндірістік, сату, қаржы процестері орталықтанған түрде ұйымдастырылған үшінші деңгейдегі компаниялар да құрылуы мүмкін. Ұйымдастыру түріне қарамастан барлық салалық экономикалық қатынастар өзара байланыста болады. Өндірістік процестің жоғары деңгейде дамуы мен маңызы жағынан

күрделі болуына байланысты бухгалтерлік есеп мәселелерін танып білу процесі бухгалтерлік есепті интернационализациялау жолдарымен шешілетіндігін білуіміз керек. Есеп жүйесіне тән интернационализациялаудың өзектігі кез келген елде және кез келген жағдайда қолданылатын бірыңғай стандарттар жасау болып табылады.

Әр елдің өз тарихы, өз құндылығы, саяси жүйесі, ұлттық ерекшеліктері айрықша қалыптасатындығына байланысты көптеген ұлттық кәсіби бағыттағы бухгалтерлердің халықаралық қауымдастық  ұйымдары халықаралық стандарттардың біртұтастығы өрісінде әлі де болса шешімін

таппаған мәселелердің бар екендігін, алдағы кезеңдерде мұндай мәселелерді үйлестіру мен икемді жағдайға келтіру керектігін айтып келеді.

Әр ұлттың өз заңдарына, өз тіліне, өз ақшасы мен есеп жүргізу принциптеріне байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу мәселелері гармониялық үйлестіру жолымен жүргізілуі керек. Гармониялық үйлестірудің өзектігі әр елде қабылданған есеп моделін, стандарттар жүйесін, бұларды реттеп отыру жолдарын жүйелендіруге байланысты. Ең негізгі мәселе – жекелеген елдер экономикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп стандарттары экономикалық қауымдастыққа мүше елдерінде қабылданған стандарттар жүйесімен қарама-қайшылық жағдайда болмауы керек. Яғни халықаралық стандарттар мазмұны жекелеген елдерде қолданылатын стандарттар мазмұнымен гармониялық үйлесімді байланыста болғаны жөн.

Кешенді ережелердің (нормалар, үлгілер) әр қайсысы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі шаруашылық фактілері мазмұнын көрсету үшін қолданылынатын әдістер мен тәсілдерді, терминологиялық ұғымдарды, сондай-ақ орын алған шаруашылық операцияларының мәні мен маңызын ашуға арналған.

Халықаралық деңгейге тән қаржылық қорытынды есеп стандартттарының атқаратын міндеттеріне мыналар жатады:

1) Сыртқы мүдделі тұлғаларды пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етуге арналған есеп және қорытынды есеп стандарттар жүйесін

қалыптастыру;

2) Халықаралық деңгейде бухгалтерлік есеп пен стандарттар арасын гармониялық үйлесімділікке салуды қамтамасыз ету;

3) Бухгалтерлік есеп жүйесін өз мәнінде түсіну мен жүргізу үшін ұйымдарға әдіснамалық көмек беру.

Қаржылық қорытынды есеп стандарттары ерекшеліктерін анықтаудағы факторларға мыналар жатады:

Кәсіби бухгалтерлік есеп ұйымдары мен қауымдастықтары ұсынған әдіснамалар мен жетекші ғалымдар еңбегінің әсер етушілігі;

Есеп тәжірибесінде қолданылатын осы және басқа да принциптер (әдістер) нәтижесін экономикалық тұрғыда сараптамадан өткізу;

Салық саясаты;

Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер;

Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын түзу мен зерделеу арқылы ішкі және сыртқа пайдаланушылар талабын қанағаттандыру;

Зандар және нормативтік актілер, сондай-ақ басқа елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін кеңінен қолдану.

Бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық қорытынды есептің қолданбалы бағытын, мұның сапалық сипатын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуі керек. Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есепке тән маңызы жағынан үлкен мәселеге айналып отырған мәселе, бухгалтерлік есептің салық есебіне тәуелді болмау жақтарын шешу. Егер салық есебі бухгалтерлік есепке қарағанда басымдылық жағдайда болса, онда қаржылық қорытынды есептің бейтараптық принципінің мәні жойылып, пайдаланушылардың жалпы талабы қанағаттандырылмайды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің талдаушылық және зерделеушілік қасиеттері төмендейді.

Есеп жүйесін стандарттау жолдары қорытынды есептің негізгі элементтерін: активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар мен шығындар, пайда және зиян тану мен бағалауды мұқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Стандарттау процессі осы элементтерді тіркеудің, өлшеудің және осыларға тән ақпараттардың пайдалылығын анықтауға арналған.

Халықаралық стандарттар бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығындар есебінен, меншікті капитал өзгерісі есебінен, ақша қозғалысы есебінен туындайтын ұйымдардың қаржылық қорытынды есебін даярлауға, сондай-ақ дайындалған қаржылық есеп маңызын қосымша түсіндіруге бағытталған сападағы түсіндірме хаттар т.б. қосымша түсіндіруші материалдардың қалай және қандай бағытта қолданатындығына арналған.
Тағы рефераттар