Кәсіпорынның өндірістік ресурстары – бұл, өнім өндіру процесінде қолданылатын  еңбек, материалдық және қаржылық ресурстардың жиынтығы.

Өндірістік ресурстардың барлық түрі жиналып келе кәсіпорынның ресурстық потенциалын құрайды.

Өндірістің көлемін көбейтудің факторларының маңыздысы, негізгі қорлармен кажетті көлемде және ассортиментте  қамтамасыздануы, оларды толық және тиімді пайдалану. Негізгі құралдар өндіріс үрдісінде физикалық және моральдық тозуға ұшырайды. Сол себепті кәсіпорын басшылығы қорлардың  техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлуі керек [24, 75б.].

«Есіл су» РМК қызмет көрсетумен айналасатындықтан, кәсіпорын үшін негізгі қорлар негізгі анықтаушы фактор болып табылады. Төмендегі кестеде кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы көрсетілген.

 

Кесте 7

РМК «Есіл су» Көкшетау өдірістік су құбырының 2009-2011 жж негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы [25]

 

Негізгі құралдар түрлері

Құны, мың,теңге

2009 жылда

%-пен

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Ғимараттар мен құрылыстар

320528

321528

323066

100,3

100,8

Машина мен жабдықтар, беріліс құралдары

909973

915451

922443

100,6

101,4

Көлік құралдары

4645

5137

6684

110,6

143,9

Басқа да негізгі құралдар

42

299

905

712

2155

Барлығы

1235188

1241817

1253098

100,5

101,4

 

7 –кесте мәліметтері бойынша 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы жалпы негізгі құралдар 0,6 % -өсті, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 1,4 % өскен.             Негізгі құралдар ішінде машина мен жабдықтар, беріліс құралдары, көлік құралдарының құны жоғары қарқынмен өсіп отыр. Яғни 2009 жылмен салыстырғанда машина мен жабдықтар, беріліс құралдары 2010 жылы 0,6 % құраса,  2011 жылы 1,4 % өсті. Көлік құралдарының құны 2010 жылы 10,5 болса, 2011 жылы 43,9% құрады. Қорыта айтқанда, 3 жылда да негізгі құралдардың құрылымында басты үлесті – басқа да негізгі құралдар, машина мен жабдықтар, беріліс құралдар, көлік құралдары алады.

Кәсіпорынның ағымды төлем қабілеттілігінен және өтімділігінен бақылау үшін шығындалудың бағыттары және олардың түсімдерінің көздерін анықталуда және ақша қаражаттардың дифицит себептерін айқындалуда қорытындылайды. Ақша қаражатының қозғалысы шикізатқа төленетін ақша арасындағы (периодты)кезеңді материал (тауар) және дайын өнімнің сатылымынан түсетін ақшаны қамтиды. Оның ұзақтығына мыналар ықпал етеді:  жабдықтаушылардың кәсіпорындарды несиелендіру кезеңі, сатып алушылардың  кәсіпорындарды несиелендіру кезеңі, қордағы материалдар мен шикізатты тауып алу кезеңі, дайын өнімнің қоймадағы сақталуы мен өндірілу кезеңі [24, 106б.]. Келесі кестеде кәсіпорынның ақша құралдарының қозғалуы көрсетілген.

 

Кесте 8

РМК «Есіл су» Көкшетау өдірістік су құбырының ақша құралдарының қозғалуы, мың теңге [26]

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2009 ж. %

2010 ж.

2009 ж. %

2011 ж.

Ақша құралдарыныңы түсуі

966288

2323700

1331009

240,5

137,7

Ақша құралдарының шығыны

1090979

2583697

1648701,90

236,8

151,1

-еңбек ақы

759145

2074543

1036288

273,3

136,5

-басқа да шығындар

331834

509154

612413,90

153,4

184,6

Ақша құралдарының таза соммасы

-124691

-259997

-317692,90

208,5

254,8

 

Кесте мәліметтері бойынша 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ақша құралдарының түсуі 140,5% -ға, яғни 2 есе өскенің көрсетті. Ал 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 37,7% құрады. Ақша құралдарының шығыны 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 173,3% құрады, ал 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 36,5% құрады. 2 жылдың ішінде ақша құралдарының шығыны көбінесе еңбек ақыға бөлінді. Жалпы         3 жылдың ішінде ең көп ақша құралдарының түсуі де, шығындалуы 2010 жылы байқалды, ал 2011 жылы ақша құралдарының таза соммасы ең үлкен сомманы көрсетті, яғни -317692,90 мың теңгені құрады. Қорыта айтқанда, 3 жылда да ақша құралдарының таза соммасы теріс нәтижесін көрсетті.

Пайда қаржыландырудың қайнар көзінің маңыздылығы, қызметкерлердің әлеуметтік мәселелері мен иеленушінің капиталды пайдалану, шаруашылықты қанағаттандыру және кәсіпорынның жетілдірілуі болып табылады. Өзіндік құрылымы бойынша пайда қиын категория. Ол өндірістік процесске қатысушылардың экономикалық қызығушылығын қозғайтын субъектінің шаруашылық әрекеттердің барлығының жалпы нәтижесі. Сомманың жалпы пайдасы түрлі қызметтердің (өндірістік, сауда, сатып алу, коммерциялық және қаржы операциясының, т.б.) кірістері мен шығыстардың арасындағы айырмашылық болып табылады [27, 97б.]. Сонымен төмендегі кесте кәсіпорынның шығындарын көрсетеді.

 

Кесте 9

РМК «Есіл су» Көкшетау өдірістік су құбырының су беру қызметіне кеткен шығындар, мың теңге [28]

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2009 ж. %

2010 ж.

2009 ж. %

2011 ж.

1.Материалдық шығындар, соның ішінде

113035

139355

166130

123,3

147

Шикізат пен материалдар

29605

32246

39385

109

133

Электроқуат

83429

107108

126744

128,4

152

2.Еңбек ақыға кеткен шығындар

34849

42282

74952

121,3

215

3.Амортизация

43936

31665

42803

72,1

97,4

4.Құрылыс

655

334

402

51

61,5

5.Период шығыны және жалпы шығындар

16201

21881

27336

135,1

169

6.Басқа да шығындар

4565

8988

13905

197

304,4

Барлығы

213247

244505

294484

115

153

Қызмет көрсету мен шығаруға кеткен шығындар

197241

222623

312086

113

158,2

 

Кесте мәліметтері бойынша, материалдық шығындар 2010 жылы 23,3%-ға өссе, 2011 жылы 47% құрады. Оның ішінде шикізат және материалдарға кеткен шығындар 2010 жылы 9%-ға өссе, 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 33%-ға артты.. Сонымен қатар электроқуат 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 28,4%-ға артса, 2011 жылы 52%-ға артты. Еңбек ақыға кеткен шығындар жылдан жылға өсуде, 2010 жылы 21,3% болса, 2011 жылы 2 есе артты. Амортизация, керісінше, төмендеді. 2010 жылы 47,2%-ға төмендесе, 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,6% -ға төмендеді, яғни 2010 жылға қарағанда 2011 жылы өскенің көрсетті. Құрылысқа кеткен шығындар 2010 жылы 49%-ға төмендесе, 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 38,5% -ға төмендеді. Әкімшілік және жалпы шығындар 2010 жылы 35,1%- ға өссе, 2011 жылы 69% құрады. Басқа да шығындар  жылдан жылға өсуде, 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 97%- ға өссе, 2011 жылы 3 есе өскені байқалда. Қорыта айтқанда, су беру қызметіне кеткен шығындар 2010 жылы 15%-ға өссе, 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 53%-ға артты. Ал қызмет көрсету мен шығаруғакеткен шығындар 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 13%- ға өссе, 2011 жылы 58,2% құрады Жалпы кесте мәліметтері бойынша магистральды су құбырларымен су беру қызметіне кеткен шығындар жылдан жылға өскенің көрсетті.

Келесі кестеден РМК «Есіл су» бойынша Көкшетау өндірістік су құбырының өз тұтынушыларынан қандай мөлшерде табыс алатының көре аламыз.

 

Кесте 10

РМК «Есіл су» бойынша Көкшетау өндірістік су құбырының табысы,     мың теңге [28]

 

Тұтынушылар көрсеткіштері

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

+/-

11-09

+/-

11-10

«Көкшетау су арнасы»

27640

31679

35413

7773

3733

«Қызыл жар»

348

1001

2466

2118

1464

«Бурабай су»

63

197

286

223

89

Барлығы

28051

32877

38165

10114

5288

 

10 –кесте мәліметтері бойынша Көкшетау су құбырының табысы жылдан жылға өскенің көруге болады. 2009 жылы табысы 28051 мың теңгені құраса, 2010 жылы 32877 мың теңгені құрады, ал 2011 жылы Көкшетау су құбырының табысы 38165 мың теңге болды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 5288мың.теңгеге өскенің көрсетті. Жалпы табысқа барлық тұтынушылар да оң әсерін тигізді, бірақ олардың ішінен ең көп әсер еткен «Көкшетау су арнасы». 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы оған 7773 мың теңгеге су сатылса, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 3733 мың теңгеге су сатылды. Сонымен қатар  «Қызыл жар» тұтынушысы табысқа әсерін тигізді. 2009 жылы оған 348 мың теңгеге су сатылса, 2010 жылы 1001 мың теңгеге су сатылды. Ал 2011 жылы 2 есе өскені байқалды, яғни оған 2466 мың теңгеге су сатылды. «Бурабай су» аз да болса, жылдан жылға өсіп келеді. 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы оған 223 мың теңгеге су сатылса, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 89 мың теңгеге су сатылды. Бұл мәліметтерге қарап, Көкшетау су құбырының табысының өскені байқалды.

«Есіл су» РМК-ның табысы мен шығының салыстырып, оның нәтижесі   қосымша 2  мәліметтердің 11 кестеде көрсетілген [30]

11 кесте мәліметтері бойынша Көкшетау өндірістік су құбырының табысы мен шығысын салыстырғанда, негізгі қызметінің 2009 жылдың  нәтижесі -169190 мың теңгені құрады, яғни шығыстың табыстан көп болуынан нәтижесі теріс сан болып шықты. 2010 жылы -189745 мың теңгені құрады, ал  2011 жылы -273921 мың теңге болды. Жалпы 3 жыл бойы табыс өскен сайын, шығыс соммасының өскені байқалды. Субсидиялар да табыс ретінде жылдан жылға өсуде. 2009 жылы 144450 мың теңгені құраса, 2010 жылы 213870 мың теңгені құрады, ал  2011 жылы 303491 мың теңге болды. Период шығыны 2009 жылы 16201 мың теңгені құраса, 2010 жылы 21881 мың теңгені құрады, ал  2011 жылы 27336 мың теңге болды. Басқа шығыстар мен табыстардың нәтижесінің өскенің көрсетті. 2009 жылы 248 мың теңге болса, 2010 жылы 491 мың теңгені құрады, ал  2011 жылы 622 мың теңге болғаны байқалды. Қорыта айтқанда, 2009 жылы барлық табыс 172749 мың теңгені құраса, шығыс 213442 мың теңгеболды, шығыс соммасының көп болуынан нәтижесі -40693 мың теңгені құрады. 2010 жылы табыс 247738 мың теңге болса, шығыс 245004 мың теңге болды, нәтижесі2733 мың.теңгені құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы табыс пен шығыстың нәтижесі 93,3%-ға өсті. Ал 2011 жылы болса, кәсіпорынның барлық табысы 342635 мың теңгені құраса, шығысы 339777 мың теңгені құрады, табыс пен шығыстың нәтижесі  2858 мың теңгені құрады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда ол 4,5%-ға өскені байқалды.  Сонымен 3 жыл бойы табыс пен шығыстың өсуіне қарамастан, нәтижесі 2009 жылы теріс сан болса да, яғни кәсіпорын шығынға ұшыраса да, 2010, 2011 жылдары оның соммасының артқаны байқалды. Сонымен  болашақта кәсіпорын шығындарының төмен болатына, ал табыстардың артуына  үміттенуге болады.

 

2.3 РМК «Есіл су» кәсіпорынның тауарлық – материалдық қорларының  басқаруын және пайдалануын талдау

Тауарлар – бұл өңдеусіз (түрін өзгертпей) әрі қарай сату мақсатымен әдейі алынған мүлік. Егер алынған қорларды өңделген (өзгертілген) түрде сатылады деп болжанылса, онда олар материалдар ретінде есепке алуға жатады.

Қорлардың аналитикалық қозғалыс есебі әрбір баланс шоты мен материалды жауапты тұлға бойынша сандық-сомалық әдіс бойынша жүргізіледі.

Қорлар құрамында апаттық қор есептеледі.  Материалдардың апаттық қорлар номенклатурасы жеке үлестіруші құжаттармен анықталады. Апаттық қордағы материалдардың көлемі есеп беруші кезеңінде төмендемеуі мүмкін.

Есептеу бірлігі әрбір тауарлық-материалдық қорлар топтары бойынша белгіленеді. Қорлардың есептік бірлігі номенклатуралық нөмір, тобы, біркелкі топ және т.б.болып табылады [31, 82б.].

Жабдықтау келісім-шарты бойынша жабдықтаушыдан заңды жекеменшік құқығы бойынша РМК өткен сәтінен бастап қорлар есепке көрсетіледі.

Тендер негізінде сатып алуға жататын материалдық және қаржы ресурстары тізіміне кіретін тауарлы материалдық қорлар алу табиғи монополия субъектілерімен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Ережелерімен қарастырылған тәртіпте жүзеге асады, ал оларға деген шығынды ҚР 06.06.2003 жылдың № 149 Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау бойынша агенттіктің бұйрығымен бекітілген тарифті бекіткенде есепке алынады.

Басқа ұйымдардан сатып алынған, РМК күшімен жасалған қорлар нақты өзіндік құны бойынша кіріс сәтінен есепке алынады.

Сатып алынған қорлардың нақты өзіндік құны сатып алу құнын, импорттық баж салығын, көлік, қайта өндеуге және сатып алу, жеткізіп берумен тікелей байланысты басқа шығындарды қосады. Сауда жеңілдіктері, орнын толтырып беру және де басқа осындай баптар сатып алуға шығындарды анықтағанда есептеліп алынып тасталады.

Қорларды сатып алу бойынша барлық шығыстар оларды кіріске енгізген сәтінде төленгендіктен, кіріске енгізілгеннен кейін қорларды пайданалуға дайындау бойынша операциялар талап етілмейді, бұл кезде қорлар бірден сатып алуда туындайтын барлық шығындарды бағаға қосумен толық өзіндік құны бойынша есепке алынады.

Тауарлық – материалдық  қорларды сатып алуға тартылған несиелер мен заемдар бойынша пайыздар мен басқа шығындар (құрылыстан басқа тауарлы-материалдық қорлар үшін) қорлар құнына кірмейді және ұйымның операциялық шығыстар құрамында есепке алынады [31, 118б.].

Қосымша 3 материалдардағы 12 кестеде «Есіл су» РМК-дағы басқару кесіндіде тауарлы материалдық қорлардың пайдалануы көрсетілген [32].

12 кесте мәліметтері бойынша «Есіл су» РМК-дағы басқару кесіндіде тауарлық-материалдық қорлар 2010 жылы 81090,6 мың теңге болса, 2011 жылы 104947,3 мың теңгені құрады. Ал Көкшетау өндірістік су құбырында 2010 жылы 9467 мың теңгені құраса, 2011 жылы 11525 мың теңгені құрады. Жалпы басқару кесіндіде тауарлы-материалдық қорлардың өскені байқалды.

Қайтадан сатуға сатып алынған тауарлар оларды сатып алудың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Жабдықтаушылардан (жүк жіберушілерден) сатып алу және сату келісім-шарттары бойынша алынатын қорларға есеп айырысу құжаттары (шот-фактура, тауаркөлікті құжат, кеден декларациясы және т.с.с.) және қоса берілген құжаттары (спецификация, сертификаттар, сапа куәлігі және т.с.с.) болуы керек.

Қабылдау кезінде қорлар есеп айырысу және қоса берілген құжаттарда көрсетілген ассортимент, сандық және сапалық жағынан сәйкестікке мұқият тексерістен өтеді.

Барлық түскен материалдық құндылықтар 24 сағат ішінде негізгі (орталық) қоймада кіріске енгізілуі керек.

Қорлар тиісті өлшем бірліктерінде (салмақтық, көлемдік, ұзындық, даналық) кіріске енгізілуі керек. Осы өлшем бірліктері бойынша есептеу бағасы белгіленеді.

Егер қорлар қорлардың топтарына (топшаларына) бекітілген өлшем бірлігінен ерекшеленетін болса, онда өлшем бірліктерінің қайтадан есептеулері жүргізіледі. Бұл жағдайда қоймадан жіберілген материал бойынша өлшем бірлігінде материал саны көрсетілген өлшем бірлігін ауыстыру туралы акт жасалады.

Жауапты сақтауға түсетін қорлар сақтау қолхатымен рәсімделеді, қоймашы арнайы кітапқа жазады, қоймада ерекше сақталады және жұмсалынбайды.

Қоймаға жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттарысыз түскен қорлар (фактуралық емес жабдықтаулар) материалды қабылдау туралы актімен рәсімделеді. Актіні материалды жауапты тұлғаның міндетті қатысуымен қабылдау комиссиясы екі данада жасайды. Алынған қорлар жабдықтау туралы келісім-шартта көрсетілген баға бойынша бағаланады. Егер бағасы келісім-шартта көрсетілмесе, онда нарықтық баға қолданылады.

РМК есеп беруші тұлғаларымен сатып алынған материалдары қоймаға тапсыруға жатады. Есеп беруші тұлғаның аванстық есебіне қоса берілетін сатып алуды мақұлдайтын (дүкендердің шоттары мен чектері, сатып алу актілері және т.с.с.) растайтын құжаттар негізінде материалдарды кіріске енгізу жалпы белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

13 кестеде Көкшетау өндірістік су құбырының тауарлық – материалдық қорларының кірісін көруге болады.

 

Кесте 13

Көкшетау өндірістік су құбырының тауарлық – материалдық қорлардың кірісі, мың теңге [32]

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2009 ж. %

2010 ж.

2009 ж. %

2011 ж.

1

2

3

4

5

6

Шикізат және материалдардың қалдығы

10180

7957

12289

78,2

121

Жаңармайдың қалдығы

1285

1083

1560

84,3

121,4

Қосалқы бөлшектердің қалдығы

210

63

190

30

90,4

Басқа да материалдардың қалдығы

489

364

74,4

Кесте 13 жалғасы

1

2

3

4

5

6

Жыл басындағы тауарлы-материалдық қорлардың жалпы қалдығы

12164

9467

14039

78

115,4

Шикізат және материалдар

27094

27875

25200

102,9

93

Жаңармай

11340

6220

11990

54,9

105,7

Қосалқы бөлшектер

1762

1612

2316

91,5

131,5

Басқа да материалдар

55

56

56

102

102

Тауарлы-материалдық қорлардың жалпы кірісі

40251

35763

39562

88,8

98,3

Барлығы

52415

45230

53601

86,3

102,3

 

Кесте мәлісеттері бойынша шикізат және материалдардың жыл басындағы қалдығы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға төмендеді, 2011 жылы бұл көрсеткіш керісінше 2009 жылмен салыстырғанда 21%-ға артты. Сонымен қатар жаңармай қалдығы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш керісінше 2009 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға артты. Қосалқы бөлшектер қалдығы 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 60%-ға төмендеді. 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 9,6%-ға төмендеді, яғни 2010 жылмен салыстырғанда оның өскені байқалды. Ал басқа материалдардың қалдығы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 25,6%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш мүлдем байқалмады, яғни қалдығы болмады. Сонымен жалпы тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 22%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 15,4%-ға артқаның көрсетті, яғни 3 жылмен салыстырғанда тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы ең аз мөлшерде болған жыл 2010 жыл болып көрсетілді.

Ал жалпы тауарлық – материалдық қорлар кірісінің ішінде шикізат және материалдарды 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда шикізат және материалдар 2,9%-ға өссе, 2011 жылы бұл көрсеткіш керісінше 2009 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмендеді. Сонымен қатар жаңармай 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 45,1%-ға төмен болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш керісінше 2009 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артты. Қосалқы бөлшектер де 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш керісінше 2009 жылмен салыстырғанда 31,5%-ға артқаны байқалды. Ал басқа да материалдар 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға өссе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 0,2%-ды құрады, яғни 2010 жылмен салыстырғандай бірдей болды. Жалпы тауарлы-материалдық қорлардың кірісі 2010 жылы тауарлы – материалдық қорлардың кірісі аз мөлшерде болды 2009 жылға қарағанда, ал 2011 жылы біртіндеп жоғарлады, яғни жалпы тауарлы – материалдық қорлардың кірісі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 11,2%-ға төмендесе, 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ол 1,7%-ға төмендеді.

Сонымен, жалпы кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар кірісі 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға төмен болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш керісінше 2009 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артқаны байқалды.

Басқа ұйымдармен жүзеге асырылатын ұйымның қоймасына дейін  тауарлық – материалдық қорларды тасымалдау және жеткізуге кеткен шығындар тауарлы-материалдық қорлар құнына қосылады.

Өз иелігіндегі автокөлікпен жүзеге асырылатын тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша шығындар көрсетілген тауарлық-материалдық құндылықтар құнын арттырмайды, ал олар жай қызмет түрлері бойынша шығындар құрамында көрсетіледі.

Тауарлық – материалдық қорлар және басқа материалды құндылықтарды (негізгі қаражаттар және т.б.) қабылдау, сақтау, дайындаумен айналысатын дайындау-қойма аппаратына жұмсалатын қаражаттар толық көлемде өндірістке жұмсалған қаражаттар қосылады.

Келесі кестеде Көкшетау өндірістік су құбырының тауарлық – материалдық қорлар шығысын көруге болады, яғни әр жылда қанша тауарлы-материалдық қорларын қолданғанын, өндіріске жұмсалғаның көре аламыз.

 

Кесте 14

Көкшетау өндірістік су құбырының тауарлық – материалдық қорлардың шығысы, мың теңге [32]

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2009 ж. %

2010 ж.

2009 ж. %

2011 ж.

Шикізат және материалдар

29317

23803

27156

81,2

92,6

Жаңармай

11542

5743

10046

49,8

87

Қосалқы бөлшектер

1908

1487

2201

77,9

115,3

Басқа да материалдар

182

158

121

86,8

66,5

Барлығы

42949

31191

39524

72,6

92

 

Негізінен кәсіпорын үшін тауарлық – материалдық қорлардың шығысы көп болса тиімді деп саналады. Кесте мәліметтері бойынша 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда шикізат және материалдар шығыны 18,8%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға төмен болды. Сонымен қатар жаңармай 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 50,2%-ға төмен болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеді. Қосалқы бөлшектер де 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 22,1%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға төмендегенің көрсетті. Ал басқа да материалдар 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға төмен болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда одан әрі төмендеді, яғни 33,5%-ды құрады. Қорыта айтқанда, 2010 жылы тауарлы – материалдық қорлардың шығысы 2009 жылмен салыстырғанда 27,4%-ға төмендесе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 8%-ға төмендеді. Жалпы 2009 жылы тауарлы – материалдық қорлардың шығыс соммасы көп болды, 2010 жылы ол төмендеді. Ал 2011 жылы ол керісінше 2010 жылға қарағанда көбейгенің көрсетті, бірақ     3 жылды салыстырғанда тауарлық-материалдық қорлардың шығысы 2009 жылы болғаның кестеден көруге болады.

Тауарлық– материалдық қорлар  бұзылмай сақтаушылығын қорларды қойма бөлімшелері бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар және типті-сорты-көлемдері бойынша (жинақталып, қатар-қатар үлдірік, сөрелерде және т.с.с.) орналастырумен және осылайша оларды жылдам қабылдауға, жөнелтуге және қолда барлығын тексеруге бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Сақтау орнында әрбір қор түріне қорда бар туралы мәліметтерді көрсетілген (атауы, саны, номенклатуралық нөмірі, маркасы, сорты, пішіні, көлемі және т.б.) жазба қағазын  жапсыру болып табылады.

Олардың түрлері бойынша қорлардың аналитикалық сандық және сомалық есебі бухгалтерияда  материалдық есептер мен карточкалар мәліметтері негізінде құрастырылатын қорлар қалдықтары есептерінің кері сандық-сомалық ведомостарымен жүзеге асады.

Көрсетілген ведомостарда (әрбір материалды жауапты тұлғаға ашылады) қозғалыстың (кіріс, шығыс) есеп беруші айдың аяғындағы барлық қорлардың қалдықтары материалды есептерден жазылады, ал есеп беру айында қозғалыс болмаған ведомостағы қор қалдықтары келесі ай басына көшіріледі.

Келесі кесте Көкшетау өндірістік су құбырының әрбір 3 жыл ішіндегі  тауарлық – материалдық қорлар қалдығын көрсетеді.

 

Кесте 15

Көкшетау өндірістік су құбырының тауарлық-материалдық қорларының қалдығы, мың теңге [32]

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2009 ж. %

2010 ж.

2009 ж. %

2011 ж.

1

2

3

4

5

6

Шикізат және материалдар

7957

12289

2859

154,4

36

Соның ішінде

Коагулянт

1270

Хлордік изв.

1001

Сұйық хлор

955

1598

1198

167,3

125,4

Гипохлордік кальций

4470

2908

1420

65

31,8

Жаңармай

1083

1560

1752

144

162

Кесте 15 жалғасы

1

2

3

4

5

6

Соның ішінде

Бензин

96

71

266

74

277

Дизель жаңармайы

95

471

450

496

474

Май

112

109

116

97,3

104

Көмір

776

908

919

117

118,4

Отын

3

Қосалқы бөлшектер

63

190

151

302

240

Басқа да материалдар

364

2663

0

732

Барлығы

9467

14039

7425

148,2

78,4

 

15 –кесте бойынша шикізат және материалдар 2009 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 54,4%-ға өссе,  2011 жылмен салыстырғанда ол 64% кеміді. Жаңармай  2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 44%-ға артса, 2011 жылмен салыстырғанда ол 62%-ға өсті. Ал 2010 жылы қосалқы бөлшектерқалдығы 2009 жылмен салыстырғанда жоғарлады, тіпті 3 есе, яғни 2006 жылы 63мыңтеңгені құраса, 2010 жылы ол 190 мыңтеңгені құрады.  Ал 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе өскені байқалды, яғни 240 мыңтеңгені құрады. 2011 жылы оның төмендегенің көрсетті. Басқа материалдар болса 2010 жылы мүлдем қалдығы болмады. Бірақ 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда ол 7 есе өсеннің көреміз. Қорыта айтқанда, 2010 жылы тауарлық — материалдық қорларының қалдығы 2009 жылмен салыстырғанда 48,2%-ға артты, ал 2009 жылды 2011 жылмен салыстырғанда ол 21,6%-ға кемігенің көрсетті. Яғни 3 жылды салыстырғанда тауарлық материалдық қорларының қалдығы 2010 жылы артса, 2011 жылы аз төмендеді, бұл кәсіпорын үшін жақсы болып есептелінеді.

Жалпы кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар ағымды активтердің ішінде маңызды бөлігін алады және оны басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде кәсіпорын үшін маңызды болып саналады [19, 96б.]. Келесі 16 кесте тауарлық-материалдық қорлардың ағымды активтер ішіндегі үлесін көрсетеді.

Кесте 16

Ағымды активтердегі тауарлық-материалдық қорлардың үлесі, мың теңге

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2009 ж. %

2010 ж.

2009 ж. %

2011 ж.

1

2

3

4

5

6

Ағымды активтер

57811

70418

82210

122

142,2

Тауарлық-материалдық қорлар

9467

14039

7425

148,3

78,4

Кесте 16 жалғасы

1

2

3

4

5

6

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз

48212

56170

74555

117

155

Ақшалар

131

208

229

159

175

Ағымдағы активтердегі тауарлы-материалдық қорлардың үлесі

0,16

0,2

0,09

125

56,3

Жоғары кестеде көрсетілгендей тауарлық-материалдық қорлар ағымды активтер ішінде аз үлесті алса да, ол маңызды бөлігінің бірі болып табылады. 2009 жылы 0,16 үлесін құраса, 2010 жылы 0,2 үлесті құрады, яғни 25%-ға өскені байқалды. 2011 жылы болса 0,09 үлесті құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда ол 43,7% төмендегенің көрсетті. Жалпы бұл кәсіпорын үшін тиімді болып саналады, өйткені ол капитал айналымдылығын жоғарлатады, ал бұл өз кезегінде табыстылықты арттырады.

Қор құны төмендеуінен резерв, егер қордың нарықтық бағасы есеп беру жылы төмендесе, сондай-ақ, егер РМК қорларды мүмкін болатын бұзылулар, істен шығулар немесе ескіру салдарынан қолданылмайды немесе сатылмайды деп есептеген жағдайда құрылуы мүмкін.

Қорлардың ағымдағы нарықтық құнының есебін қолда бар ақпараттар негізінде РМК мамандары жүргізеді. РМК қорлардың ағымдағы нарықтық құнын растайтын есеппен қамтамасыз етілуі тиіс. Берілген растау қорлардың нарықтық құнының өзгеруі, олардың құны өлшемінің төмендеуі себебін көрсететін қорлар бағасын жүзеге асыратын комиссия есебі түрінде рәсімделеді.

Қор құны төмендеуінен резерв ағымдағы нарықтық құн мен қорлардың нақты өзіндік құны, егерде соңғысы ағымдағы нарықтық құнынан жоғары болса олардың арасындағы өлшем айырмашылығына құрылады.

Қор құны төмендеуінен резерв төменгі айналымды қорлары бойынша да құрылады. Әрбір қорлардың тауар топтары негізінде оның күндер бойынша айналымдылығы анықталады, және егерде қоймада сақталған қорлардың сақталу мерзімі оның орташа статистикалық айналымынан жоғары болса, онда резервке бұл қорлардың тауарлар тобының толық құны қосылады [33, 86б.].

Қорлардың өзіндік құндылығына қосылмайды және олардың туындауы кезеңінде шығындар ретінде танылады:

—                    материалдар, жұмыс күшінің және басқа да жоспарланбаған өндірістік шығындардың жоғары нормативті (кәсіпорында орнатылған оңтайлы шығыс нормалары бойынша) шығыстар;

—                    егер сақтау технологиялық процестермен қарастырылмаса, өндіріс циклдерінің  жекелеген кезеңдері арасындағы тауар-материалдық қорларды сақтауға жұмсалатын шығыстар;

—                    әкімшілік-басқару шығыстары;

—                     жұмыс, қызмет (өтім шығыстары) жүзеге асырумен байланысты шығыстар.

Халықаралық Стандарттың Қаржылық Есебінде қорлар  сәйкес екі өлшемнің ең азымен бағаланады: өзіндік құны және мүмкін болатын таза сатылу құны.

Мүмкін болатын таза сатылу құны – бұл активтерді сату бойынша мүмкін болатын шығындар мен мүмкін болатын қалпына келтірулерді алып тастағандағы істің қалыпты жағдайындағы күтілетін сату бағасы. Қорлардың өзіндік құнының орны сату бағасы төмендеген кезде толмай қалуы мүмкін. Сондай-ақ қорлардың өзіндік құнының орны сатуды жүзеге асыру немесе аяқтаумен байланысты шығындар артқан кезде толмай қалуы мүмкін. Қорларды өзіндік құнынан төмен сатудың таза құнына дейін жұмсалды деп есептеу активтерді қорларды сату немесе қолданудан (төменгі баға ережесі) түседі деп болжанатын сомадан жоғары есептелуі керек деген мағынаға жауап береді. Қорлардың өзіндік құны мен таза сатылу құны арасындағы айырмасы ағымдағы кезең шығындарына жұмсалды деп есептеледі.

Таза сатылу құны бойынша қорларды бағалау мәселесі есеп беру кезеңінде бір рет (жылына бір рет) мерзімділігімен анықталған.

Кәсіпорын ең төменгі (төмен) бағалау ережесі бойынша қорларды бағалау әдісінде – баптық әдісі немесе қор бірлігі әдісін қолданады.

Мүмкін болатын таза сатылу құнының есебі есептеу сәтінде қорлардың сатылуға арналған мөлшерінің ең сенімді дәлеліне негізделеді. Бұл есептер кезең аяқталғаннан кейінгі тікелей болатын жағдайларға, яғни кезең аяқталғанша дейін болған шарттарды растайтын жағдайлар дәрежесінде қатысты баға мен өзіндік құнының ауытқуларын есепке алады.

Қорларды таза сатылу құнына дейін жұмсалды деп есептелгенде кәсіпорын қорлардың арналуларына негізделген белгілі бір ережелерді сақтайды:

—                    Егер олар тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді жүзеге асыруға) сатуға  арналса,онда есеп айырысулар ағымдағы нарықтық сату бағалары негізінде жүреді.

—                    Егер олар жасалған келісім-шарттары бойынша сатылуға арналған болса, онда есеп айырысулар келісім-шартын орындау үшін арналған көлемде шарт бағасы бойынша жүргізіледі. Келісім-шарт бойынша қажеттілікті арттыратын қорлар ағымдағы нарық бағасымен қайтадан бағаланады.

—                    Шикізат пен материалдар қайтадан бағаланбайды, егер олардың негізінде шығарылған өнімдер өзіндік құнына тең немесе одан асатын бағамен сатылатын болса. Егер ондай сенімділік болмаса, шикізат пен материалдар олардың қалпына келтіру құндары (орнын толтыру құны) бойынша қайтадан бағаланады.

Таза сатылу құнын бағалау әрбір есеп беру кезеңінде жүргізіліп тұрады. Қорларды таза сатылу құнына дейін бастапқысында жартылай жұмсалды деп есептеуге әкелген жағдайлар өзгергенде, қорлардың өзіндік құнын сипаттайтын (жаңа баланстық құн таза сатылу құны мен өзіндік құнның ең аз мәнін көрсетуі керек) мөлшерге дейін жұмсалды деп есептелген соманың орны толтырылады. Мысалы, бұл таза сатылу құны бойынша оның сатылу бағасы төмендеуінен есептелген қор бабының келесі есеп беру кезеңіне соңына қорда әлі қалғанында, ал сату бағасы артқанда орын алады. Бұл кезде айырмасы берілген есеп беру кезеңінің шығыстар төмендеуіне қатысты болады [31, 120б.].

Егер есеп беру кезінде бірдей қорлар әртүрлі бағамен сатылып алынса, онда экономикалық тұрғыдан шынайы қор ағымдарымен және олардың сәйкесінше құнын есепке алу пайдалы емес. Өндірістік процесте қорлардың физикалық қозғалысы олардың қозғалу құнымен сәйкес келмейді. Қорлардың қозғалыстары туралы әртүрлі болжамдарды талдай отыра, және қорлардың өзіндік құнын әртүрлі бағалау формулаларын қолдана отыра, «Есіл су» РМК кәсіпорны соңғы қорларды жалпы қабылданған (халықаралық тәжірибеде және Қазақстан Республикасында) бағалау формулаларын және сәйкесінше сатылған өнімнің өзіндік құнын жұмсалған деп есептелген өлшемін басшылыққа ала отыра, тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдісін анықтады: орташа құн бойынша.

Орташа құн әдісі – орташа өлшем құны мен айнымалы орташа құн әдісі берілген кезеңіндегі қор бірлігі кезеңге есептелген бірдей орташа құнға ие деген болжамда негізделген. Қорлардың өзіндік құны есеп беру кезеңі алдында қолда бар және сатып алынған немесе берілген кезеңде шығарылған  тәріздес бірліктердің орташа құнын анықтаумен есептеледі. Шын мәнінде бұл қор бірліктерінің орташа өлшем құны. Құнның орташа өлшем әдісі қорларды мерзімді есептеу жүйесін қолданған кезде пайдаланады. Орташа мән әрбір түсім түсуіне байланысты есептеледі және бұл кезде айнымалы орташа құн әдісі туралы айтылады. Берілген әдіс тұрақты қорларды есептеу жүйесін қолдану үшін пайдаланылады.

Орташа құн әдісі инфляцияның қорлардың өзіндік құнына және оның қалдықтарының құнына ықпалын жояды.

«Есіл су» РМК кәсіпорынында қорлардың орташа құнын есептеу кезеңділігі ай сайын анықталады. Бұл есеп беру кезеңі соңында әртүрлі бағамен алынған тауарлық-материалдық қорлардың құнын едәуір шынайы көрсетуге мүмкіндік береді және номенклатураның көп болған кезінде олардың ағымдағы есебін жеңілдетеді.

Кәсіпорынмен орташа құн әдісі біртіндеп жылдан жылға қолданылатын болады. Кәсіпорынның бағалау әдісін өзгертуі шынайы негіздер мен себептер болған жағдайда орын алуы мүмкін. Жаңа әдіске ауысу салдары есеп беруде ашылып көрсетілетін болады.

«Есіл су» РМК барлық ұқсас сипаттағы қорлар үшін қорлар құнын есептеудің бір ғана әдісін қолданатын болды.
Тағы рефераттар