Еуразия қос құрлығының жапсарына қанатын кере жайып, жүздеген ұлттың еркін дамуына төрт-бес ғасыр бойы тосқауыл болып келген алып империя XX ғасырдың соңғы он жылдығы басталар-басталмастан күйреп түсті. 70 жылдай үстемдік еткен Кеңес Одағының қабырғасы қаусап түскен кезде бұрын одақтас деп аталған елдер бас-басына жеке тәуелсіз мемлекетке айналып, тәуелсіздігін жариялады. Дегенмен де 70 жылдам астам бір одақ ішінде болған республикалар туыстық жақтан да, экономикалық жақтанда бір-бірімен бірігіп кеткен елдер бірден араларындағы қалыптасқан байланысты үзе қойған жоқ. Шекара ашық, қарым-қатынас тоқтамады. Тіршілік үшін бірлік керек екенін түсінген тәуелсіз мемлекеттер басшылары одақ болмағанымен Достастық қажет екенін түсінді. Осы түсіністік нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. Осындай саяси шешімнің орнығуына Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельцин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұйытқы болды. Бұл Достастықтың түсауы еліміздің сол кездегі астанасы Алматыда кесілді.

Мұндай Достастықтың түпкі идеясы ортақ мақсаттан туындаған болатын.

Достастық елдері бір-бірінің шекарасына қол сұқпайды;

Сыртқы шабуылдан бірігіп қорғанады;

Достастық елдері арасында экономикалық ынтымақтастық күшейіп, тауар рыноктарына жол ашылады;

Мәдениеттің, ғылым мен білімнің қазынасына ортақ мүддеге пайдаланылады.

Барлық тәуелсіз мемлекеттер бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатты, елшіліктер ашты, ресми сапарлар негізінде барыс-келіс жүргізілді. Бірақ уақыт өте келе ТМД елдері арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсті./1/ Кеңестен кейін кеңістікте экономикалық, саяси, геосаяси, мәдени-өркениеттік және басқа факторларға байланысты бұл қауымдастық ықпалдасудың елеулі құралы бола алмайтын еді. Оған мүше елдердің мүдделері мен сыртқы саяси басымдықтары, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың деңгейі мен модельдері, ықпалдасу ТМД-ның ішкі нақты қозғаушы күші болуы үшін болашаққа деген көзқарастары тым алашақ еді. Бұған қоса, барлық егемен республикалар әлеуметтік-экономикалық қатты дағдарысты бастан кешіріп жатты да, кең ауқымдағы интеграцияның мүмкіндігі шектеулі болды. Оның болашағы бұлынғыр болғанымен, үзілген қарым-қатынастарды орнықтырудың алғышарттары жасалды. Бұрын-сонды тарихта болмаған бұл бірлестіктің құрылған алғашқы күннен-ақ оның төңірегіндегі түрлі әңгіме өрши түсті. Оның болашағын күмәндана қарайтын саясатшылар бұл Достастықты құрғақ қиялға балады. Себебі: бұл ұйымның ішінде бірнеше топ пайда болды. Атап айтар болсақ, Орталық Азия елдерінің қауымдастығы, келешегі көпшілікке түсініксіздеу Ресей — Белорусия одағы, сондай-ақ, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украйна, Молдова елдерінің ГУУАМ бірлестігі, бес мемлекеттің Кедендік одағы, ұжымдық қауіпсіздік сияқты топтар сырттай қарағанда үй ішінен үй тіккендей әсер қалдырары сөзсіз. Оның үстіне ТМД-ға мүше елдердің кейбірі өзара қарым-қатынастарда визалық тәртіпке көшті /2/. Бұл әрекеттер күмәнді ойларды қалыңдата түсетін сияқты.

Қалыптасқан шиеленісті өз бетімен шешуде айтарлықтай оң нәтиже бермеді. Бұның негізгі себебі тәуелсіздік алған жас мемлекеттердің өзбетімен даму тәжірибесінің жоқтығынан емес еді, оның мәні тереңде болатын. Дегенмен де мемлекет өкілдері, саяси қайраткерлер арадағы байланысты сақтап, дамытуға тырысты. Тұтастай алғанда, кеңестен кейінгі кеңістікте шұғыл геосаяси жіктеліске жол берілмеуі ТМД-ның басты жетістігі болып табылады. Мұндай жіктеліс көрініс бергенімен, олар мемлекетаралық қақтығыстарды туындататтындай деңгейге жіберілмеді. Осының өзі ТМД-ның басты мақсаты болған шығар. Әрбір республика Достастыққа біріге отырап, өз алдына стартегиялық мақсат қоя білді. Және сол мақсаттарына жетуі ТМД-ны жас республикалар үшін пайдалы еткенін де жоққа шығаруға болмайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей экономикалық деңгейдегі мемлекеттердің ықпалдасуы, сауда экономикасына өту барысында түрлі кезеңдерді басынан өткереді.

ТМД мемлекеттері арасындағы шиеленістердің талай-талай себептері де бар еді. Ол Интеграция. Бұл ұғым кім-кімді болмасын ойландырды. Бүгінгі заман талабына сай алғаш рет ТМД-ның маңызды әлеуметтік-экономикалық интеграциясы жайлы мәселені Н.Ә.Назарбаев өзінің Ұлыбританияға барған сапары барысында көтерген» болатын. Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде ол былай деп мәлімдеген еді. «Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктің дамуы екі бағытпен айқындалады: бір жағынан, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы жүріп жатыр, екінші жағынан, ТМД елдернінің интеграция бағыты байқалады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзін реформалау қажеттілігі пісіп-жетті, мұның өзі осы аймақта тұрақтану белдеуі мен қауіпсіздік орнатуды қамтамасыз етер еді және саяси эволюцияны болжаудың дәрежесін жоғарлатуға мүмкіндік беретіні кәдік» /3/. Ол егемендікпен егіз қозыдай табысып кете алады деген ешкімнің де ойына кірмеді. Ал саяси оқиғалардың қарқыны заманы өткен, экономикалық мәнін жоғалтқан керексіз ғана емес, ақылға әбден сыйымды, қай жағынан да пайдалы, керекті қарым-қатынастардың да байланысын қиындатып, күйрете бастады. Оның үстіне бұрынғы одақтастар он жылдап қалыптасқан бірлескен күш-куатты сақтап қалудың орнына, біреуі — Батыспен, біреуі Шығыспен ым-жымдасып, шапағатты шалғайдан күтіп, ашылған арнаны алшайта түсті.

Еуразия Одағы байыптамасы үстіндегі жұмыс осындай жағдайда басталды. Алайда мұндай бастаманы түсіне қою саясаткерлерге, мемлекет басшыларына, халықтарға оңайға түспеді. Дүниені ақ пен қараға бөліп, атыстырып-шабыстырып қарайтын көзқарастан бас тартуға тура келді. Ол кездегі таластар ондай көзқарастың әлі мансұқталып болмағанын көрсетті. Не егемендк, не интеграция — екуінің бірі. Мәселені бұлай түсінушілік те дүниеге деген әлгіндей көзқарастан туындап жатқанды. Бұл екі үғым бірін-бірі толықтырады деген ешкімнің ойында болған жоқ. Екеуі екі қиын құбылыс саналды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеграциялық процессіз бірде-бір мемлекеттің дамуы, өркендеу мүмкін емес. Тіпті әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет саналатын АҚШ, халықаралық саудасыз өмір сүре алмайды. Оның қатарына Үндістанды, Қытайды жатқызуға болады. Ал Қазақстан Республикасы интеграциясыз, қандайда бір бірлікке кірмей дамуы тіпті мүмкін емес» /4/ — дейді. Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған Еуразиялық Одақ құру туралы ұсыныстың мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыруға болады. Интеграцияға өздерінің таяу және алыс көршілерімен қарым-қатынасын ақылға қонымды етіп реттеуге дүние жүзінің барлық елдері бар күшімен ұмтылып отырғаны анық. Бұл түрғыдан келгенде интеграцияның қалыптасқан халықаралық тәжірибесінің, сондай-ақ интеграцияның барысын жүзеге асырып отырған мемлекетаралық мекемелердің іс-әрекетінің маңызы зор. Европа одағы, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Оңтүстік Африка мемлекеттерінің, Азия-. Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттердің бірлестіктері де тап осылай істеп отыр. Олар өзара қарым-қатынасты тереңдете түсіп, саяси және экономикалық проблемалардың өзара қабылдауға болатын шешімдерін іздестіріп, табуға ұмтылуда. Бұдан олардың мемлекеттік мүдделері тек ғана ұтып шығады. Мысалы, Европалық одақтың құрамында қолданылатын әр жақты шаралар туралы ақырғы шешім қабылдайтын, қатысушы елдердің Министірлер Кеңесі, жалпы шараларды анықтап, оны жүзеге асыратын Комиссия; одақтың заңдарын қабылдау процесін жүргізетін Европарламент қызмет жасайды. Министірлер Кеңесі — шешім қабылдайтын жоғарғы орган. Ол шығарылатын заң туралы соңғы сөздің иесі. Одаққа қатысушы елдердің министірлері нақты бір мәселені шешудің төңірегіне шоғырланған. Сондықтан да олар шын мәнінде көптеген Кеңестер қатарынан тұрады.

Комиссияның міндеті — ол атқару өкіметінің міндеті. Ол барлық дайындық шараларын жасайды. Комиссия мүшелері одаққа қатысушы елдердің келісімі бойынша төрт жылға беріледі. Бұл ретте олар өз елдерінің үкіметіне тәуелді, ал бекітілгеннен кейін бұл тәуелділік күшін жояды. Ұлттық үкіметінің комиссия мүшелеріне нұсқау берген, олардан есеп алуға немесе қайтадан шақырып алуға ешқандай қақысы жоқ.

Өкінішке орай ТМД өзіне артылған үмітті жеткілікті дөрежеде сақтай алған жоқ. ТМД елдері арасында өзара келіскен 400-ден аса /5/ қабылданған келісімдерің көпшілігі орындалмады. Дамыған Батыс және Шығыс мемлекеттерінің көмегіне сүйену де оң нәтиже бермеді. Соңғы жылдардың нәтижесінен көріп отырғандай, егемен мемлекеттердің тек қана ТМД шеңберінде дамуы оларды көптеген бағыттар бойынша, экономиканы былай қойғанда, саясат, ғылым, мәдениет, халыққа білім беру салалары бойынша да бір-бірімен алшақтатып барады. Мұндай жағдай ТМД халықтарының ойынан шығады деп айтуға бола қоймайды. Ал олар экономикалық дағдарыстың негізгі ауыртпалығын өз иықтарымен көтеріп келе жатқаны анық. Адамдар неғүрлым тығыз ынтымақтастықты қолдайтындықтарын мейлінше айқын білдіруде. Олар ТМД елдерін түгел қамтып отырған қазіргі аса ауыр экономикалық дағдарысты өзара күш-жігер біріктіру арқылы ортақ тіршілік кеңістігін «жақсартпай тұрып» жеңіп шығу мүмкін емес екендігін, әйтеуір егемендік туы астында өз еркімен томаға-түйық тіршілік ету дегеніміз, жалпы алғанда, ілгері жылжу емес, кері кету және тоталитарлық дағдарысқа ұшырау болып табылатынын жақсы түсіне бастады. Мұның өзі интеграцияға деген шақыруды егемендікке қарсы әрекет деп қарастыратын, саяси басқарудың кешегі күні өткен, орталықтандырылған жүйесін қайта қалпына келтіруді көксейтін билеуші саяси топтың, өз халықтарының мүдделерін «білдіруші», оны «бірден-бір қорғаушы» ретінде көрсетуге тырысатын ұлтшыл-радикалдардың да мақсаттарына қарама-қайшы келетіні әбден табиғи нәрсе. Интеграция — ұлттық экономиканы және онымен байланысты, оған тәуелді бірсыпыра басқа да өміршең де өтікр әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа деңгейдегі интеграция, ынтымақтастық. Интеграцияның жаңа кезеңі жаңаша құрылған мемлекеттердің шекараны бөлісу, шектеуден туған күнделікті тұрмыс жағдайлары көптеген жүртшылықтың шешуіне жол береді. Адамдардың бір-бірімен табиғи байланысын қалыпқа келтіру, бір кездегі бірыңғай кеңістіктегі адамдар өмірін үйлестіру интеграциялық процестің адамгершілік гуманистік мақсат мүддесі.

Дүние жүзі саясатының көптен бергі мұраты интеграция, ортақ мақсатқа жету үшін, мемлекетаралық қарым-қатынастарды барынша үйлестіруге және үндестіруге ұмтылған әртүрлі елдердің күш біріктіруі. Бұған көз жеткізу үшін шетелдердің тәжірибелеріне көңіл аударсақ жеткілікті. Осы құрылымдардың бәрі де қарым-қатынастарды жан-жақгы тереңдету, күрделі саяси және экономикалық мәселелерді шешудің ең үйлесімді жолдарын табу мақсатында құрылған. Ең жексүрын саясатшы, Ливияның басшысы, полковник Муамар Каддафидың өзі жыл өткен сайын күш алып келе жатқан интеграциялық процеске қошемет білдіріп отырғанда /6/ ТМД елдерінің кейбір өздерін білімдар санайтын басшылардың жеке дара өркендеу бағытын ұстануы таңдандырады. Бұл ұлт көсемдері адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесінен сабақ алуы керек еді, жеке-отырып тек өз күшіне ғана сүйеніп, дүниежүзілік қоғамдастық пен дүниежүзілік шаруашьшық қызметінен өз орнын табуға, ешбір мемлекеттің шамасы келмейтінін ұғулары керек. Жақсы болсын, жаман балсын бүгінігі дүние өзінің жан-жақты заңдылығымен өмір сүріп, өркендеу үстінде және оған ешкімнің де өз бетінше түсінік беріп дәлел айтуға әсіресе елеп ескермеуге қақы жоқ деп санаймыз. Дүние жүзінде мемлекетаралық қарым-қатынастың әртүрлі бағыттарынан интеграциялық жақындасуды көруімізге болады. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың мәнісі неде? Оның мәнісі -қандай да бір мемлекеттің халықаралық ауқымда танылмайынша, әлемдік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымайтынына кепілдік алмайынша, өз мемлекеттілігін қалыптастыру туралы әңгіме қозғауы сөз болып қалатындығында. Қазіргі заманда кіші мемлекеттер интеграциясыз өмір сүре алмайды. Жалпы айтқанда, алыс-беріс, әсіресе, сауда айналымы үшін керек. Мысалы, Америкада ең сапалы ұшақ «Бойнг» шығарылады /7/. Ал Қазақстан бірден осы ұшақты жасап шығарамын деп талпынуына бола ма? Алайда мұндай сапалы ұшақ жасауға Қазақстан Республикасыңың мүмкіндігі жоқ. Ұшақ жасайтын ұлттық мамандар жағынан да тапшы. Сол себепті бізде бар затты оларға сатып, оларда бар дүниені өз елімізде пайдаға жаратуға қадам жасау қажеттілігі туындайды. Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың арасында сауда келісіміне қол қойылған. Бұрын Қазақстанның шет елге шығаратын жолы тек Ресей арқылы өтетін болса, Қазір Иранға дейін жол салынды. Енді Қазақстанның тауары ғана емес, Сібірдің де, Орта Азияның да .тауарлары Үнді мүхитына сол жол арқылы шығарылады /8/. Қытай арқылы тынық мүхитқа шығу мүмкіндігіне ие болды. Бұл дегеніміз интеграцияның өрісті қадамы. Интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем деген ел интеграцияның тізгінінен мықтап ұстағаны жөн.

Ықпалдастықтың күрделі болашағын шыншылдықпен түсіну тек саясатшыларға ғана емес, интеллектуалдық элитаның да көпшілігінде жетісе бермейді. Ал жағдайды реалистік тұрғыдан түсіну кейбір түбегейлі қорытындылар жасауға мәжбүр етеді.

Біріншіден, кешегі кеңестік кеңістікті жуық арада тұтасымен ТМД-дан гөрі тиімдірек бірлестікке біріктіру тым екіталай нәрсе. Қазіргі кезде Еуразиялық Одақ жобасында көрсетілген, екі қарқынды және көпдеңгейлі ықпалдастықты өрбітіп, өзінше «ықпалдастықты орталықтар» қалыптастыру оңтайлырақ. Бұл жерде, стратегияны өзгертіп, жаппай бірігіп, жаппай бір қалыпқа түсуге, соның салдарынан ойдағыдай жүзеге аса қоймайтын ықпалдастыққа. ұмтылудан гөрі, географиялық жағынан ықшамдырақ, саяси бағыттамалығы жағынан нақтырақ салалар мен арналар бойынша ықпалдасуға көшу турасында қарастырылып отыр. Оның үстіне, орталықтың республикадағы аймақтық; ұлттық, экономикалық, әлеуметтік, саяси өзгешеліктерді ескермей, барлық жерде қайта құруды бір қалып, бір қағидалар бойынша жүзеге асырғысы келген талабы қалай сәтсіздікке ұшырағанын білеміз. Ондай біркелкілікке ұмтылу біздің дербес мемлекеттік дамытудың, жаңа экономикалық қатынастар мен сыртқы саяси бастамалар қалыптастырудың белгілі кезеңнен өткен елдеріміздің өзекті: мүдделерін терең түсініп, жете үйлестіре алмасы хақ. Сонымен қатар кейінгі жылдары бұрынғы одақтық мемлекет республикалары экономикалық даму жағынан да әр алуандалып кетті. Мұндай жағдай бірлесудің қандайда болмасын әмбебап үлгісі жөнінде сөз ету деген сөз экономикалық реформаны жүзеге аеыруда қол жеткен табыстарымызды өз қолымызбен тәрк ету болып шығар еді. Егер- мемлекеттердің бір тобы даму жағынан былайғы мемлекеттерден іргесі озып.кетсе, онда алаңдайтын ештеңе жоқ. Әлемдік тарих кез келген ықпалдастық бірлесудің былайғыларды өз төңірегіне топтастыра. алатын жетекшілері болғандығын көрсетіп беріп отыр. Демек, қосқарқынды және көп деңгейлі ықпалдастық идеясы ұлттық мүддені де, Достастық қамын да жіті ескеруге мүмкіндік туғызады.

Екіншіден шынайы ықпалдастыққа ең үлкен қауіп күшпен бірігулікке шақыру мен ұмтылудан тұрады.

Бұрынғы КСРО аумағындағы өзгерістер де бір-біріне тығыз байланысты, бірақ өз алдына дербес екі процестен әлеуметтік жүйенің ішкі дағдарысынан жөне экономикалық-географиялық, мәдени-географиялық, технологиялық-географиялық және ең бастысы саяси-географиялық түбегейлі өзгерістерден туындап жатыр. Егер барлық мәселе жүйенің ішкі дағдарыстарына ғана тіреліп тұрса, онда кешегі кеңестік кеңістікті уақытша дағдарыс құшағындағы сая ретінде дербес қарастыруға болар еді. Бірақ шын жағдай олай емес. Бұл кеңістіктеті ыдыраушылықтың тамыры тереңде. Содықтан да күшпен бірігушілікке ұмтылу — орнықсызды күшейтіп, қантөгіске ұрындырмай қоймайтын қауіпті жол.

XXI ғасырдың тиімді ықпалдастығы тек экономикалық және мәдени ықпалды тиімді жүйелеу арқылы ғана жүзеге аса алса керек. Оны сыртқы тартымдылығына бола ескі әдістермен жүзеге асыруға тырысу төтенше қауіпті екендігі даусыз.

Үшіншіден, анық стратегиялар мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат айқын көрініп тұруы керек. Әркімнің ішкі есебімен өзгеріп тұратын болса, ықпалдастық жағдайындағы жалаң ұрандар көтерудің қажеті жоқ. Қазақстан Республикасы үшін ықпалдастық бірлесудің мақсаты анық. Ол — тауар, капитал, жұмыс күшінің еркін қозғалысына кедергі келтіретін кез келген техникалық және алым-салықтық шекараны жойып, ортақ рынок жасау.

Төртіншіден, шынайы ықпалдасудың қажетті шарты — Достастық мемлекеттерді өзара іс-әрекетін үйлестіруді сыртқы саясаттың ең басты бағыты деп тану болып табылады. Ол басымдылық тек ішкі қолданымдағы саяси науқандарда емес, бірлестіруші экономикалық, мәдени, саяяи құрылымдар жүйесін түзудің жолындағы нақты шаралар арқылы іс жүзінде көрінуі қажеті.

Осыған орай да, жақын тарихи болашақта кешегі кеңестік кеңістіктегі ықпалдастықтың қандай бағытта, нені көздеп өрбитінін анықтайтын айқындамалар мен айқындамалар тобын іріктеп алудың түбегейлі мәселесі туындайды. Ықпалдастықты саяси жарнама мақсатында пайдаланбай, шынымен жақтайтындар — өркениетті, озық ойлы ықпалдасу процесі — мемлекеттердің ұлттық егемендігін нығайтумен қатар жүріп, бірін-бірі өзара толықтыруы қажет екенін түсінеді. Тек сондай ықпалдасу ғана орнықтылық пен қауіпсіздіктің шын баламасы бола алады. Европа, Солтүстік Америка, Күнгей -Шығыс Азия тәжірибесі осыны дәлелдейді.

Қадам басып отырған XXI ғасырдың қарсаңында әлемнің қай бұрышында да барша мемлекеттер бірігіп, күнкөруді ойлап жатқан кезде, мынау әлемде үлкен экономикалық бәсекелестік болып жатқан кезде, қай ел болмасын бір-бірімен сауда-саттық жасамай өркендемейді. Сонымен бірге барлық мемлекеттер өзіне әріптес, тауар рыногын іздейді. Жалғыз қалып ешқандай мемлекет дамымайды, өркендемейді. Ең қүдіретті деген АҚШ-тың алпауыт деген компанияларының жартысынан астамы . шетелдерде жұмыс істейді. Сан-Францисконың, Нью-Йорктің ортасында да неше түрлі үлкен ғимараттар арабтардың, ағылшындардың, жапондардың жеке меншігінде /9/. Ешкім одан қорқып та, зиян шегіп те отырған жоқ. Егер де Қазақстанда шығарылатын тауарлар өзіміздің ішімізде, сондай-ақ басқа жерде — Өзбекстанда, Ресейде, Белоруссияда, Қырғызстанда, Түркменстанда сатылмаса, онда ол өнімдерді шығарған өндірістер қалай жүмыс істейді ? Сондықганда сауда-саттық үшін, шетелдерден келетін тауарлардан бағасы төмен болып, соны ел сатып алу үшін жол бойында алатын салықтың барлығын келісу керек. Біз бір Достастық мемлекеттер екенбіз онда мемлекеттердің арасындағы тауарлар үшін алынатын салықты алып тастау керек. Батыс Европадағы 15 мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың тәртібі ешқандай қиындықсыз өтеді.
Тағы рефераттар