Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Сұйық дәрілік формалар

Загрузка...

1)  Сұйық дәрілік формалардың  артықшылығы мен  кемшілігі.

2)  Ерітінділердің түрлері. Еріту

3)  Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын ерітікіштер.

4) Еріткіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Көптеген мамандар біздің планетамыздағы өмір бір сулы ерітіндіден пайда болды деп санайды. Су ерітінді ретінде адамдардың назарын бұрыннан аударған. Ежелден философтар, әсіресе Аристотель (384-322 жж.б.з.д), суды табиғаттың басты элементі деп санаған. Алхимиктер әрбір сұйықтыққа және ерітінділерге өте үлкен мән берген. Олар химиялық ауысымдар қатты қалыптағыға қарағанда ерітінділерде жеңіл өтетінің ерте түсінді. Ежелгі химиктер барлық сұйықтықты су деп атаған. Сынап қана бұған жатпады, ол әр түрлі температурада өзінің  қалпын өзгерпеген және көптеген металлдарды, алтынды да, еріткен. Ерітінділердің ерекше маңызын түсінген алхимиктер бүкіл қатты денені ерітетін ерітінді іздеумен айналысқан. Осы ізденісте олар көптеген етінділер тапқан, оларды қазір біз органикалық деп атаймыз.

Дәрілік форма – ол көмекші және технологиялық операцияға сәйкес материалды форма. Биофармация дәрілік форманың ғылыми түсіндірмесін берген. Ол дәрі-дәрмектің дұрыс әсерін тигізетін және клиникаларға керекті дәрілік формалар. Қазіргі танда дәрілік заттардың рационалды тағайындауы оның ғылыми дәрілік формасына сәйкес болу керек.

Сұйық дәрілік формалар

Сұйық дәрілік формалар – ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады.

Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды.

Сұйық дәрілік формалардың  артықшылығы мен  кемшілігі. 

Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:

1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;

2)    Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;

3)  Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.);

4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;

5)  Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;

6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;

7)  Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.

Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:

1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;

2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі – 3 тәуліктен аспайды.

3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;

4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.

Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.

Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.

Ерітінділердің түрлері. Еріту 

Нағыз ерітінділер. Мұндай ерітінділер өзінің біртектілігімен ерекшеленеді. Нағыз ерітінділер бір фазалы жүйе. Нағыз ерітінділер еріту сұйықтығы мен ерітінді арасындағы тығыз байланысымен ерекшеленеді. Еріген сұйықтық қайта ерітіндіден бөлінбейді, сол ерітіндіде біртекті болып қалады. Нағыз ерітінділер  әрдайым тұнық болып келеді, оларда тұнба немесе бөлшектер болмауы керек. Оның ішіндегі қосылыстарды ешқандай әдіспен бөліп ала алмаймыз. Оларға глюкоза, хлорлы натрий, спирт, магний сульфаты және т.б. жатады.

Коллоидтық ерітінді. Коллоидтық ерітінді гетерогенді жүйе болып келеді. 1 бөлшегі 1-100 нм құралады. Электронды микроскоптар ардайым коллоидты қосылыстарды анықтай бермейді.

Суспензиялар (suspensio) – олар ұсақталған қатты заттар мен сұйық фазалардан құралған жүйе. Бөлшек өлшемдері 0,1 ден 50 мкм-ға дейін ауытқиды. Суспензиялар гетерогенді болып келеді, коллоидты ерітіндіге қарағанда тұнбалы сұйықтық. Оның бөлшектері кәдімгі микроскоппен көрінеді.

Эмульсиялар (emulsus) дисперсиялық жүйеден құралған. Бөлшек өлшемі 1 ден 150 мкм-ға жетеді. Эмульсия өзара ерімейтін немесе өзара аз еритін сұйықтыққа жатады.

Құрастырылған дисперсиялық жүйе экстракциялық дәрілік формалардан құралған (тұнба, қайнатпа, шырыш). Мұндағы қатысушы заттар ерітінді, суспензия және эмульсия түрінде  болады.

Сұйық дәрілік формалар былай бөлінеді:

1) Тысқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

2) Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

3) Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.

Ішкі қолданыстағы сұйық дәрілік формалар микстура (лат. mixturae — «араластыру») деп аталады. Мұнда дисперсиялық орта болып тек су ғана болып келеді.

Микстура үш ингредиенттен құралады. Қатқыл дисперсия тез отыратын және ішу алдында шайқалатын болады. Дәріханалық тәжірибеде оларды шайқалмалы микстура дейди mixturae agitandae (от лат. agito — «шайқау»). Жұқа ерітінділерді тұнбалы микстура деп атайды — mixturae turbidae (от лат. turbidus — «бұлдыр»).

Микстуралар ас (15 мл), десерт (10 мл) және шай қасықпен (5 мл) мөлшерленеді.

Ішуге арналған ерітінділерді 5-15 мл немесе шамалы суда араластырып ішуге тамшылармен белгілейді.

Тысқы қолданыстағы сұйық дәрілік формаларды шаюға, тартуға, сылауға жазып береді. Олардың құрамында судан басқа этанол, глицерин, әртүрлы майлар және басқа да сұйықтықтар болуы мүмкін.

Еріту

Еріту (сұйықтықтарды және сұйықтықтар мен қатты денелерді араластыру) – ішкі, тысқы және де инъекциялық дәрі жасау операцияларының ең басты сатысы.

Ең маңызды физикалық-химиялық қасиеті – ол суда немесе басқа сұйықтықтарда ерігіштігі.

Сұйықтықтарды араластыру кезінде және еріткіш жасау барысында еріткіш заттың табиғи заңдылығы маңызды роль атқарады. Әр заттың ерігіштігі әр түрлі затпен араласу кезінде әр түрлі болып келеді.

Әрбір ерітінді ерітілген затпен еріткіштен құларады. Бірақ әрқашан қайсысы еріткіш қайсысы ерітінді екенін анықтау жеңіл емес. Әдетте еріткіш деп алынған ерітінде таза қалпында қалған құрауышты атайды. Мысалы, натрий хлоридінде еріткіш су болып табылады. Ал егер екі қоспаның еріту алдында агрегаттық күйі бірдей болса (мысалы, су мен спирт), еріткіш болып мөлшері көп қоспа саналады.

Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын ерітікіштер.

Еріткіштер деп әртүрлі заттарды ерітетін зат.

Еріткіштерге мынадай қасиеттері бар заттар жатады:

1) Белсенді ерігіштігі бар;

2) Еритін затқа агрессияшыл емес;

3) Улылығы және өртке қауіптілігі аз;

4) Қолайлы және арзан.

Әр зат бір затқа еріткіш болып келеді. Алайда, тәжірибе жүзінде реіткіштерге тек белгілі қасиеті бар заттарды жатқызады:

1) Сақтауға қолайлы болуы тиіс;

2) Жоғары еріткіш қасиеті болу керек;

3) Арзан және жалпы қолданысқа ыңғайлы болуы тиіс;

4) Иісі мен дәмі жағымсыз болмауы керек;

5) Өртке қауіпті және ұшпалу болмауы керек;

6) микрооганизмдердің даму ортасы болмауы керек.

Еріткіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Көптеген еріткіштер физиологиялық белсенді және органикалық өртенгіш, атылғыш болып келеді.

Хош иісті көмірсілар, аминдер, кетондар концентрация кезінде байыпты улануға және неше түрлі тері ауруларын әкеліп соғады (дерматит, ісік). Сондықтан еріткіштермен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздіктерді қатаң ұстау керек.

Ерітінділер болады:

А) қанықпаған,

Ә) қаныққан

Б) пересыщенный.

Қанықпаған ерітіндіге еру шегі толмаған ерітінді атаймыз.

Қаныққан ерітінді ол көп заттан құралған ерітінді.

Пересыщенный ерітінді дегеніміз – мұнда еріген зат дұрыс ерігенге қарағада көп  болатын ерітінді.

Дәріханаларда көбінесе қанықпаған ерітінділер дайындайды.

Қатты және сұйық дәрілік заттардан басқа газ тәрізді ерітінділерде қолданыста бар, мысалы, аммиак (10-25%), хлорлы сутегі (25%), формальдегил (36,5-37,5%) және т.б. Дәріханаларда мұндай ерітінділер сумен араласытырылады.

Органикалық және бейорганикалық ерітінділер.

Бейорганикалық ерітінділерге: суды жатқызамыз, ол табиғатта ең кең тараған еріткіш, сұйық аммиак – метал ерітетін жақсы еріткіш. Органикалық еріткіштерді маңызы өте зор. Олар көмірсулар, спирттер, жай және күрделі эфирлер, кетондар. Табиғатына қарай еріткіштер сулы және сулы емес болып бөлінеді.

Сулы емес еріткіштер

Медициналық тәжірибеде көбінесе сулы емес еріткіштегі ерітінділер қолданылады (сулы емес ерітінділер), олар тану, шаю, сылау сияқты.

Суда ерімейтін немесе баяу еритін заттардан ерітінді алу үшін сулы емес еріткіш қолданылады. Тәжірибеде жиі кездесетіндер:

а) өсімдік майлары (миндаль және персик);

ә) жай және күрделі эфирлер (этилолеат);

б) біратомды және көпатомды спирттер (этанол 2-30%-ды, поливинол, сорбит, маннит);

в) амидтер (диметиламид, бета-оксиэтиллактамид);

г) сульфоксидтер және сульфон (диметилсульфоксид, сульфолан).

Мұндай ерітінділерді дайындауда сулы емес еріткіштер қолданылады, сондықтан көтеген дәрілер суда ерімейді. Көбінесе сулф емес ерітінділер тысқы қолданылады (мысалы,  шырышты қабықты, теріні майлау, шаю, мұрын мен құлақ тамшылары). Сирек кезде ішкі қолданыста болады.

Сулы емес ерітінділер мынадай қасиеттерге ие:

а) Тұнық,

ә) Қызцға шыдамды (температура 100 °С-тан асады, ал қату +5 °С);

б) Биологиялық үйлесімдік;

в) Химиялық тазалық;

г) Тұрақтылық.

Бұл ерітінділер тобына әртүрлі дәрілік заттар кіреді, алайда олар антисептиктер, бактериаға қарсы және ауру басатын дәрілер.

Технологиялық жағынан сулы емес еріткіштер екіге бөлінеді:

1) Ұшпалы еріткіштер (этил спирті, хлорформ, эфир, бензин, скипидар және т.б.)

2) Ұшпайтын еріткіштер (майлар, сұйық парафин, глицерин, димексид, эсилрндар және т.б.)

3) Құрастырылған еріткіштер (этанол глицерині, глицерин димексиді және т.б.).

Олардың басымдылығы дәрілік формада әртүрлі заттармен қоспалы және ерігіштігі болып келеді. Сулы еріткіштерге қарағанда, сулы емес еріткіштерді дайындау жеңіл және сақтауға қолайлы болып келеді. Сулы емес еріткіштердің сапасы оларды физикалық-химиялық құрамына байланысты.

Ұшпалы еріткіштер. 

Медициналық эфир (Aethes medicinalis)

Медициналық эфир – түссіз, тез ұшпалы, өзіне тән иісі мен дәмі бар сұйықтық. Спиртпен, эфир майларымен жақсы араласады. Эфирді еріткіш ретінде қолдануда қауіпсіздік шараларын қатаң ұстау керек, өйткені ол тез өртенгіш және атылғыш болып келеді.

Эфирді тысқы және ішкі қолданыста белгілейді. Эфирді қызғылт шыны ыдыста, салқын күн түспейтін жерде сақтайды.

 

Хлороформ ( Chloroformium)

Хлороформ – түссіз, тұнық, ауыр ұшпалы сұйықтық. Оның өзіне тән иісі мен тәтті дәмі болады. Сусыз спиртпен, эфирмен, бензинмен араласады. Суда аз ерігіш болып келеді (1:200). Тығыздығы 1, 474 — 1, 483. Қайнау температурасы +59 — 62 ‘С. Жарықта баяу бөлшектеніп сутегі хлориді мен фосген бөліп шығарады. Хлороформды тығыз жабылған ыдыстарда сақтайды. Тысқы қолданыстағы дәрілік формаларда қолданылады.

Этилспирті (Spiritus aethylicis, Spiritus vini)

Этил спирті крахмалы бар шикізаттардың ашуы кезінде пайда болады, негізінен картоп пен бидай. Әр түрлі технологиялық тазартулардан өткеннен кейін спирттін керекті түрін алады.

Таза этил спирті тұнық, өзіне тән иісі мен күйдіргі дәмі бар сұйықтық. Ол ұшпалы, тез өртенгіш болып келеді. Жтил спирті көптеген дәрілік заттарға жақсы еріткіш болып табылады – эфир майлары, органикалық қышқылдар, смола, йод, және басқа еріткіштермен жақсы араласады – сумен, глицеринмен, флороформмен және т.б.

Спиртті сумен араластырғанда қызу және мөлшері азайғанын байқауға болады. Еріткіш ретінде этил спиртін фармацевтикалық технологияда тысқы және ішкі дәрілер жасауда, кейде инъекциялық дәрілер жасауда қолданылады.

Спирттің еріткіш ретіде сипаты

Суға қарағанда торлардан қиын өтеді, спирттің концентрациясы аз болса торлардың арасынан тез өтеді. Спирт өртенгіш.

Ұшпайтын еріткіштер 

Вазелин майы, сұйық парафин (Oleum vaselini, Paraffinum liquidum)

Вазелин майы, сұйық парафин – түссіз, иіссіз, дәмсіз жабысқақ сұйықтық. Вазелин майы суда және спиртте ерімейді. Хлороформмен, майлы майлармен, касторовый майдан басқасымен жақсы араласады. Медициналық тәжірибеде вазелин майы іш жүргізетін дәрі ретінде және басқа тысқы қолданыстағы дәрілік формалар жасауда (тамшы, мазь) қолданылады. Вазелин майын шыны ыдыста, күн түспейтін жерде сақталады.

Глицерин (Glycerinum)

Медициналық тәжірибеде глицерин 12-16% су қоспасымен қолданылады. Ол түссіз, иіссіз, тәтті дәмі бар, жабысқақ сұйықтық. Глицеринді тығыз жабылатын ыдыста сақтайды.

Диметилсульфоксид, димексид, ДМСО (Dimethyl sulfo-xidum, Dimexidum, DMSO)

Әдетте олар түссіз әлсіз иісі ащы дәмі бар сұйықтық. Оны бөлме температурасында тығыз жабылған ыдыста күн түспейтін жерде сақтау керек.

Майлы майлар (Olea pinguia)

Майлы ерітінділер, майлы майлар жақсы еріткіштер, құлақ дәрілерінде кеің қолданылады. Оларды тығыз жабылған шыны және металл ыдыстарда сақтайды.

Сулы еріткіштер

Су ең арзан еріткіш.

Минералсызданған су (Aqua demineralisata)

Дәріханалық ыдыстарды және басқа да ыдыстарды жууға қолданылады. Кейде көзге тамызатын тамшылар жасауда қолданылады.

Инъекция суы (Aqua pro injectionibus)

Инъекциялық дәрілер жасауда қолданылады. Оны ерекше жағдайда сақтайды, микроағзалардан сақ жерде. Ол дәрі жасауға 24 сағат ішінде қолдану тиіс.

Дистилденген су (Aqua destillata)

Ол ішетін су. Ол дәрі жасауға жарамсыз болып саналады. Ол иіссіз дәмсіз болуы тиіс.

Басқа еріткіштер

Метил спирті немесе ағаш. Иісі этил спиртіне ұқсас. Күшті у: 15-20 мл өлтіреді. Сумен арластырылады.

Изопропилоды спирт. Улы.

Ацетон. Сумен және органикалық ерітінділермен араластырылады.

Сірке қышқылы. Сумен, спиртпен, эфирмен араластырылады.

Бензиндер. Ең басты ерекшелігі – тез ұшпалы және тез жанғыш.

Хлороформ. Спиртпен, эфирмен, бензинмен араласады.

Дихлорэтан. Спирпен, эфирмен араласады. Буымен дем алса улы.

Биофармацевтикалық қасиеттері

Биофармациядегеніміз дәрілік заттардың ағзаға тигізетін әсерін зерттейтін ғылым саласы.

Ол дәрілердің физикалық химиялық қасиеттірін зерртеп, адам немесе жануар ішке қабылдағаннан кейін қандай әсер беретінін анықайды.

Қазіргі кезде барлық зерттелетін дәрілік формалар биофармацевтикалық салада қаралады. Биофармацияның ең басты мақсаты – ол дәрілік заттардың ағзаға емдік қасиетін арттыру және жанама әсерін азайту болып табылады.

Сапалық бағасы және сатуға дайындау

Сұйық дәрілік формалардың сапасын былай бақылайды:

Жазбаша

Сауалнама

Түрі (түсі, дәмі, иісі)

Физикалық (жалпы мөлшері нормадан аспауы тиіс)

Химиялық бақылау (ішінара)

Сатуға дайындау

Ішкі және сыртқы затбелгісі (этикетка), улы еріткіштерге «Сақтықпен қолдану» деген қосымша этикетка, егер дәрілік зат ерекше сақталу керек болса «Салқын жерде сақталу керек» деген этикетка дайындалады.

Қорытынды

Дәрілік формалар технологиясы жас ғылым. Тек 1924 ж. ол эмпирикалық білім болуды қойып ғылымға айналды. Содан бастап белсенді зеррттеу басталды. Біздің елде биофармацевтикалық сұраққа қатты көніл бөледі.

Егер талапқа  сәйкес дәрілік формасы берілмесе, бірде бір дәріні қолдануға рұқсат етілмейді.

Қазіргі таңда сұйық дәрілік формалар дәріханалық рецептурада бірінші орын (45-50%) алып тұр. Көптеген сұйық дәрілер зауыттық жағдайда шығарылады. Еріткіштер ең маңыздысы болып келеді. Көптеген жаңа ашылған дәрілік заттар суда ерігіштігі өте нашар болып келеді, сондықтан бұл салада күшті еріткіш табуда мамандар терең жұмыс жасауда.

Дәріханалық технологияда сұйық дәрілік формалар жиі қолданыста.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Райхардт К., Растворители и эффекты среды в органической химии. \ К. Райхардт -М. Мир, 1991-763 с.

2. Райхардт К. Растворители в органической химии. \ К. Райхардт- Л. Химия, 1973- 150 с.

3. Днепровский А.С.,. Теоретические основы органической химии. \ Днепровский А.С.,Темникова Т.И -Л.: Химия, 1991-560 с.

4. Фиалков Ю.Я. Растворитель как средство управления химическим процессом. \ Фиалков Ю.Я- Л.: Химия, 1990-283 с.

5. Агажданян Н.А. Резервы нашего организма. \ Агажданян Н.А., Катков А.Ю М.: Знание, 1990-340с.

6. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология .Учебник для студентов высших учебных заведений \ Краснюк И.И., Валевко С.А., Михайлова Г.В.-М.:изд.центр Академия,2006-592с

7. Одрит Л., Неводные растворители, пер. с англ. \ Одрит Л., Клейнберг Я.- М [б.м.]., 2001-150с

.
Загрузка...

Тағы рефераттар