Фирма көлемі өскен сайын, принципал және агент арасындағы ацпарат ассиметриясымен байланысты шығындар да өседі. Себебі, шешім қабылдау бірнеше сатыдан өтеді, әр сатыда сапалы түрде жаңа ақпарат туындауы мүмкін, бүл фирма ішінде ақпарат ағымын және әр сатыдағы агенттердің іс -әрекеттерін, шешімдерінің шынайьшығын бақылауды күрделендіреді. Осыған байланысты, прищипал — агент мәселесі туындайды. Оның мәні тапсырманы орындауда, ақпарат асимметриясын пайдалана отыра, агенттің принцшалға ықпал ету, оны өз пайдалылығын арттыру мақсатьгада қолдану қаупінде. Принципал — агент мәселесі моралъды тәуекелдің көрінісі болып табылады. Оппортунистік мінез-қүлық шығындарын төмендету үшін стимулдар жүйесін қалыптастыру қажеттігі артады, себебі тікелей бақылау және мониторинг шығындары шамадан тыс кеп болуы және нәтиже бермеуі де мүмкін.

Оптималды контракттер немесе принципал — агент теориясы осыған байланысты негізгі үш нұсқаны ұсынады:

1.агенттер жарысын ұйымдастыру;

2.бірлескен іс — әрекет нәтижесіне агенттердің қатысуы;

3.агенттердің коалщиясы ретіндегі фирма;

Бірінші нұсқа агенттер арасында бәсекені дамытумен байланысты. Басқалармен салыстырғанда жедел және тиімді жұмыс істеген агент жоғары деңгейде марапатталады. Бұл жағдайда агентгер бірінен бірі кейін қалмауға тырысады, осы арқылы олардың еңбек өнімділіктері жоғарылауы мүмкін. Алайда, аталған нұсқаның жағымсыз әсерлері де бар. Біріншіден, жоғары сый ақыға ұмтылу «қолайсыз (кері) іріктелуге» әкелуі, яғни фирмада тек тәуекелге неғұрлым бейім агенттер ғана қалуы мұмкін. Екіншіден, агенттер арасындағы бәсеке бақталастыкка ұласып, сенімнің жойылуына, демек, корпоративтіктілікті қажет ететін фирманың стратегиялық жоспарлары шешімін таппауы да мүмкін.

Екінші нұсқада агентгің алатын сый ақысы бекітілген сипатта емес, фирманың іс-әрекет нәтижесіне тәуелді белгіленеді. Жалдамалы жүмысшылардың пайдаға қатысу формалары, акционерлік кәсіпорынньщ капиталына қатысуы, олардың акцияларды жеңілдетілген бағамен сатып алуы осыньщ мысалы бола алады. Агенттің меншікке қатысуына қажет принципал ресурстарының шектеулілігі және оньщ тәуекелге бейімділігі аталған нүсқаның шектеуші факторларын қүрайды.

Үшінші нүсқада агенттер іс- әрекет нәтижесіне қатысып ғана қоймайды, сонымен қатар принципал қызметін кезекпен атқара бастайды. Мүвың маңызды ерекшелігі: агенттер арасында сенім қатынастарының пайда болуына және осы аркылы олардың іс-әрекеттерінің кооперациялануына мүмкіндік жасайды. О. Уильямсонньщ пікірінше агенттер арасында сенім қатынастарының пайда болуы нәтижесінде фирма ішінде иассоциативті атмосфера» қалыптасады. Ассоциативті атмосфера агентгер тарапынан оппортунизмнің орын алмауына жағдай жасайды. Ассоциативті атмосфераның үтымдары екі жақты қарастырылады: бір жағынан, бақылау шығындары үнемделсе, екінші жағынан, кооперация үтьшының жаңа көзі пайда болады, яғни тек еңбек белінісі емес, «командада еңбек ету» негізінде үтым артады.

Агенттердің коалициясы ретіндегі фирмада принципал — агент мәселесін «алтын ереже» негізінде шешу мүмкіндігі пайда болады. Оньщ мәні: принципал агентті оньщ отрақ іске қосқан үлесіне сай марапаттауы, ал агент принципалдың қойған міндеттерін, талаптарын адал орьшдауы қажет. Бүл нүсқаның таралуын шектеуші факторлар: а) агенттердің тәуекелге бейімділігі; ә) үйымға қатысушыяар саны шектелген, осы нүсқаның тиімділігі топтағы адамдар саны 5-10-нан кеп болмаған жағдайда жоғары; б) үйым мүшелері «әлеуметтік капиталға» ие болулары қажет, яғни өзара сенім, қолдау, ортак мүдде және мақсатка бірлесе еңбек ету, тіл табысу, басқаның пікірін, үстанымын сыйлау, т.б.

Прищшал және агент мәселесінің қарастырылған шешілу нүсқалары үйымның ішкі қүрылым модельдері негізін қүрайды. Негізінен фирма ішілік кұрылым модельдерінің терт типі кең тараған: унитарлы (У — кұрылым); холдингтік (X — құрылым); мулыпидивизионды (М — қүрылым); аралас (А -кұрылым). Фирма ішілік базалық құрылымдарды О. Уильямсон ақпараттарды өңдеу технологиясы бойынша жіктейді.

Унитарлы күрылым — функционалды белгілері бойынша дәстүрлі түрдегі іс-әрекеттіц ұйымдастырылуы. Басты ерекшелігі: билік қатынастарының орталықтандырылуы; мұнда негізгі шешім қабылдаушы да, бақылаушы да -принципал. Күрделі билік қатынастары орын алады. Ақпарат айырбасының күрделілігі (ақпарат ассиметриялығы) менеджерлердің рационалды мінез-қүлқын шектейді. Функционалды бөлімшелердің өз мақсатгарын кездеуі нәтижесінде агентгердің оппортунистік мінез-құлыққа бейімділігі артады. У-қүрыльшда принципал және агент мәселесінің бірден бір шешілу нүсқасы: шығындары барынша аз, ең жаңа бақылау әдістерін жасау, қолдану арқылы бақылауды күшейту.

Холдинпік құрылымда шешім кабылдау және агенттердін іс -әрекеттерін бақылау барынша орталыксыздандырылған. Прицшал тек қана каржы мәселесі бойынша бақылау қызметін атқарады, ал агент пайданы бөлуден басқа барлық қызметгерді атқарады. Принципал агентгерді жанама түрде, яғии олардын жарысы негізінде бақылайды. Аталған күрылымның кемшіліктері агенттер арасында бәсекені дамытудан туындайды. Егер агенттер арасында бәсеке емес, консолвдация орын алса, бүл қүрылымның тиімділігі артады.

Мультидивизионды қүрылым қаржылық тұрғыда өзін-өзі ақтау қағидасына негізделген жартылай автономды өндірістік қүрылымды калыптастыру. Бүл пайда орталыктары деп аталатын қүрылымдар. Осы қүрылымда стратегиялык шешімдерді қабылдау — орталықтандырылған, ал жедел бақылау және басқару — орталыксаздырылган, демек, жоғары менеджерлер күнделікті рутиналық жүмыстан босап, агенттер өз децгейлерінде тактикалық шешім қабылдауда еркін. Агентгердің қаржылық өзін өзі ақтау қағидасы олардың фирма іс-әрекетінің нәтижесіне қатысуға мүмкіндік береді, принципал пайданың бір бөлігін фирманың ортақ мақсатына сай қайта белу қүкығына ие.

Аралас қүрылым базалық корпоративті қүрылымдардың модификациялануымен байланысты, фирманың әр белімшесінде әр түрлі қүрылым орын алуы мүмкін.

Сонымен, кез келген үйымньщ қызмет етуінде принщшал және агент мәселесі орын алады. Аталған мәселе негізі үш нүсқада шешімін табады. Принципал және агент мәселесінің шешілу нүсқалары өз кезегінде базалык фирма ішілік қүрылым типтерінің табиғатын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар