Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы.

  Қазақ  фольклорының   үлкен  бір  саласын  музыкалық   аспаптар,  соларға  арналған   музыкалық   шығармалар  құрайды.  Оларды  бір  стадиялық   сипатына  орай  екі  салаға  жіктейміз:

  1.  Фольклорлық  музыка  аспаптары.
  2.  Халық  музыка  аспаптары.

Мұның  алғашқысына  археологиялық  қазба  жұмыстары,  көне  дәуірдің  түрлі  жазба   ескерткіштерінде  сақталған  саз  сырнай,  қамыс   сырнай,  мүйіз сырнай,  ұран, үскірік,  тастауық, най,  сырнай, даңғыра, асатаяқ, кепшік,  дабыл, қылқобыз, месқобыз,  желқобыз, т.б.  аспаптар  жатады.  Осы  аталған   аспаптардың  көпшілігі  бүгінгі  өмірімізге Б. Сарыбаевтың  ыждаһатты   еңбегінің  арқасында  оралды.  Себебі  арғы  жердегі  тарихымызда  болса да,    олардың  барлығы  бірдей   кейінгі   халық  мәдениетінен  орын  ала  бермеген.  Музыкалық   аспаптардың   фольклор   аясында  туып,  архаикалық  сатыда  қалған   үлгілері  де  аз  емес.   Сонымен  бірге   қазақ  халқымен  бірге  жасасып,  оның  халық  ретінде  қалыптасуына  игі   әсер  еткен  үлгілері де  бар.  Олар —    сыбызғы, қобыз   және   домбыра.

Загрузка...

Бүгінде  әлемдік  этнография  ғылымында  музыкалық  аспаптану саласы  қалыптасып  отыр.  Кезінде  К.  Вертков, Т.С. Вызго, Ф.М. Кароматов, И. Мациевский, Б. Сарыбаев, Б. Ф. Смирнова, З. Славюнас, С. Субаналиев, П.И. Чисталев  секілді  өзге  де  ғылымдар  түрлі  халықтардың   аспаптарын  терең  зерттеді.  Сол  негізде  фольклорлық   аспаптардың   ерекшіліктері  де  айқындалғаны  бар.  Мысалы, И. Мациевский   халық  аспабының   мынадай  стадиялық   белгілерін  анықтап  көрсеткен:

1. Эстетикалық  қызмет  атқаратын  музыкалық  аспаптар.

2. Музыкалық  шығарма  орындауға  бейімделген  аспаптар.

3. Мұндай  мүмкіндіктері  жоқ  аспаптар (Народный   музыкальный  инструмент  и методология  его  исследования / Актуальные  проблемы  современной   фольклористики.  Сборник  статей   и   материалов.

Сост.  В.Е. Гусев.- Л.,1980, 149- б)

Әрине, И. Мациевский  бір  аспаптың  әрі  халықтық,   әрі  кәсіби  музыка  өнеріңде    қолданылатынын да  жоққа  шығармайды.

Фольклорлық  дәстүрдің  тағы  бір  ерекшілігі  —  бір   музыкалық  аспаптың әр  түрлі   халықтар  мәдениетінде  көрініс  беруі.  Олар сол  елдереің  халық  аспабы  ретінде  аталатыны  тағы бар.  Осыған орай  айтарымыз:  бір  аспапт бір  ел  үшін   фольклорлық,  екіншісі  үшін   кәсіби  құрал  болуы  әбден  мүмкін.

Фольклорлық  музыкалық  аспаптар  өздерінің  дыбыс  шығару  ерекшіліктеріне  сай  жіктеледі.  Оның  үлгісін  В. Маийон  көрсетіп кеткен  болатын. Зерттеуші  фольклорлық  аспаптарды  былай  бөлген: “ самозвучащие, мембранные,  струнные, духовые”  /  Актуальные  проблемы  современной  фольклористики.- Л.,1980, 24- б/

Музыкалық  аспаптардың  өзге  сипапттары да  жоқ  емес.  Соны  анықтаған  жерде  И. Мациевский: “Музыкальные  инструменты  могут  рассматриваться  в  разных  ракурсах  —  как  явление  материпльной  культуры,  как  определенные  исторические,  социальные,   национальные  атрибуции,  как  акустические   системы —  и составлять сответственно  предмет самых  различных  наук:  истории,  социологии,  этнографии,  акустики” (Основные   прпоблемы  и аспекты  изучения  народнгых  музыкальных   инструментов и  инструментальной  музыки/ Народные  музыкальные  инструменты  и  инструментальная  музыка.- Москва, 1987, 15 – б),  -деп жазады.

Халық  аспаптарының  фольклорлық  сипатына  келгенде  зерттеуші: “Ряд  свойств   народной   инструментальной  музыки    роднит  его  с  многочисленными  явлениями  фольклора.  Это  традиционность,  коллективность,  бесписьменная, контактная   форма  передачи  традиции, в связи  с чем  произведения  народной   инструментальной   музыки  живут  только  в  исполнении”(сонда, 11-б),-  дейді.

Мұның  бәрі  фольклорлық  музыкалық  аспаптардың  табиғатына  анықтық  енгізетін  күделі ғылымы мәселелер. Сол негізді бүгінде халық аспаптары аэрофон, хордофон  және идиофон  болып үшке бөлініп жүр:

  1.  Үрлеп орындалатын  аспаптар – аэрофондар (саз сырнай, сыбызғы, керней, жел қобыз, месқобыз)
  2.  Шертіп ойналатын аспаптар – хордофондар (домбыра, шертер, қобыз, т.б.).
  3.  Ұрмалы аспаптар –идиофондар (асатаяқ, тайтұяқ, даңғыра, кепшік, дауылпаз, т.б.)

Кейбір ғылыми әдебиеттерде фольклорлық аспаптардың бұл үш саласы өз ішінде тағы да жіктеледі.

Музыкалық аспапты белгілі бір халықтың мұрасы ретінде  тану фольклортану ғылымында көптен дау тудырып келе жатқан мәселе.  Мысалы,  шаңқобыз (шаңғы ауыз)  көптеген  түркі және славян халықтарының мәдениетінде кездеседі. “Атлас музыкальных инструментов народов СССР” (Москва, 1963) деген кітапта шаңқобыз (варган) украин, белорус, орыс, тува, қалмақ, қазақ, т.б. халықтардың төл аспабы ретінде аталады.  Домбыра, тамбур, дутар, комбуз – бәрі де домбыра тектес қос ішекті, шертпелі аспаптар.  Қобыз, гиджак, кеманшы,  қияқ –ішіекті ысқышты музыкалық аспаптар. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі шамалы. Олай болса, мұндай аспаптары қай халықтың еншісіне хатқызамыз?

Музыкалық аспаптардың бір-біріне ұқсастықтарын екі түрлі тынымдық деңгейде түсіну қажет.

1. Тарихи-типологиялық негізде. Бұл тұста ұқсас аспаптардың типтік сипаттары назарға алынады.

2.  Тарихи-генетикалық тәсіл аясында, яғни бір аспаптың арғы жерде ортақ бір түбірден тарағандығын анықтау арқылы.

Бір-бірімен тарихи-мәдени байланысқа түспеген халықтар мәдениетіндегі ұқсастықтарды сол халықтардың қоғам дамуының  белгілі бір белесінен өткендігін  білдіретін белгі ретінде тану қажет.

Фольклортану  ғылымындағы этнографизм теориясының ұсынған жүйесі осы болатын. Бұл мәселеге қатысты В.П.Аникин, Ю.Г.Круглов, К.Вертков, Т.С.Вызго, А.И.Гумениюк, Р.Б.Галайский, Ю.Г.Круглов, И.Мациевский, т.б. аспан-танушылардың пікірлері де бар.

Бүгінгі музыкатану ғылымында  музыкалық аспаптарың тегі туралы түрлі пікірлер айтылып жүр.   Біз оларды  этнография  ғылымының талаптарына  негіздеп архайкалық, фольклорлық, халықтық, ұлттық   деп жіктеген болар едік.  Бұл этнографиядағы демос-этнос-халық-ұлт деген стадиялық кезеңдерге жақындаудың бір үлгісі.

Мұндай  бөліністің  өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы,  архаикалық аспаптарды біз түрлі археологиялық қазба, жазбалардан кездестіретін болсақ, фольклорлық аспаптар этникалық кезеңдерге  тән.  Оның ерекешелегін бірде  этникалық тегі (түркі, славян тайпалары), бірде географиялық шегі (таулы, орманды, далалық), бірде діни наным-сенімдеріне (христиан, будда, ислам) қарап ажыратамыз. Ал халық аспабы болу үшін белгілі бір халықтың музыкалық мәдениетінен кең орын алумен бірге,  сол аспапқа арналған музыкалық репертуары да болуы шарт. Осы белгісіне  біз тағы бір сипатын қосар едік: әрбір халық аспабы сол халықтық тілі мен ұғым-түсінігі аясында атаулы керек.

Қазақ музыка мәдениеті жағдайында  фольклорлық аспаптарды  жинап жаңғырғып зерттеген қазақ ғалымы – Болат Сарыбаев. Өзінің “Қазақ халқының музыкалық аспаптарың (1980) атты  еңбегінде ол көптеген фольклорлық аспаптардың құрылымы, диапазоны, орындау ерекшеліктеріне  байланысты мәліметтер келтірген. Соның арқасында  бұл аспаптар өмірге қайта оралды.

Бірақ қазақ  музыкатанушылары  фольклорлық  аспаптардың атауына  терең үңіліп, олардың құрылымы – этимологиясы мен мән-мағынасы – семантикасын зерттеген емес. Мысалы, қазақта қобыз, қылқобыз, шыңқобыз деген атаулар бар.  Бұдан байқалатыны қобыз – жалпы музыкалық аспапқа қатысты атау.

“Қобыз” атауының этимологиясы туралы біз мынадай ғылыми болжам ұсына аламыз.

1. “Қобыз” сөзінің түбірі – қауыз А.Эйхгорн өзінің  “Полная коллекция музыкальных инструментов  народов Средней Азии и Казахстана” (СПб, 1985) атты еңбегінде қауыз – іші қуыс, екі ішекті ысқышты аспап деген.

2. Н.Бичурин еңбектерінде 680 жылы көшпелі тайпалар мен қытай елінің бір келісімі кезінде  түріктердің “күпі” деген аспапта әсем музыка орындағаны айтылады. Оның үні қытайлықтарды таң қалдырған.

“Күпі”, “күбі”  — қазақ ұғымында іші қуыс ыдыс. Демек  құрылымы мен мағынасы жағынан қауыз бен күпі ұқсас.

3. Рашид ад-Диннің “Шежірелер жинағында” қыпшақ – іші  қуыс ағашты білдіреді. Осы дерекке қарап қобыз –қыпшақ тайпасының ортасында туған, сөйтіп алғаш іші қуыс, бірде күбі, бірде қауыз деген  семантикаға  ие болған музыкалық аспап екіндігін көреміз.

“Домбыра” атауы қазақ,   орыс, украин елдерінің мәдениетінде кездеседі. Ол тек қазаққа ғана тән атау емес, арғы түбірі “даңғыра” сөзінен шыққан. Домбыра, даңғыра, тандыр, тамбур, бандур  секілді сөздердің түбірі бір, олардың барлығы да ішекті аспаптарға қатысты қолданылған. Көп жағдайда музыкалық аспап атаулары олардың құрылымынан туындайды.

Сонымен фольклорлық музыкалық аспаптарды этнографиялық негізде былайша жіктеуге болады:

1.  Көне замандарда туған архаикалық аспаптар (демос)

2. Тайпалық  дәуірде туған фольклорлық аспаптар (этнос)

3. Феодаизм  дәуріндегі аспаптар (халық)

4. Бүгінгі таңдағы аспаптар (ұлт)

Қоғам дамуының төрт түрлі дәуіріне  тән музыкалық  аспаптардың стадиялық көрінісі  — осы.  Алғашқысына –архаикалық (тайтұяқ, асатаяқ, кепшік),  екіншісіне –фольклорлық (даңғыра,  сазсырнай, т.б.), үшіншісіне – ХV-XVIII ғасырлар  аралығында ел мәдениетінен орын алып , кең қолданысқа ие болған сыбызғы, қобыз,  домбыра аспаптарын, төртінші тармағына – ХХ ғасыр шеңберіндегі музыкалық мәдениет жетістіктері, яғни жетілдірілген, өзгеріске түскен, сөйтіп классикалық-темперациялық құрылымға келтірілген домбыра-прима, қобыз-прима, т.б. аспаптарын жатқызамыз.

Фольклорлық аспаптар – тұрмыс-салт шеңберінде, халық аспаптары –тарихы кезеңдерде, ұлт аспаптары – бүгінгі мәдени өмірімізде қолданылады. Олардың  әрбіріне тән өзіндік музыкалық репертуары болады.

Қазақ  халқымен бірге жасасып келе жатқан төл музыкалық аспаптарымыздың бірі – домбыра. Ол архаикалық, фольклорлық халықтық, ұлттық даму сатыларынан өткен классикалық аспап. Музыкалық репертуарын  күй деген жалпы атауға ие болған шығармалар құрайды.

Күй —  аспаптық шығармаларға қолданылатын атау. Қ.Жұбанов. А.Сейдімбюектердің  анықтауынша, ол адамның көңіл-күйін білдіретін ұғым. Келе-келе күй әрі жанр, әрі шығарма, әрі форма атауына ие болған. Мысалы,  сыбызғы,  қобыз, домбыра аспаптарына  арналған шығармаларды біз күй деп атаймыз.  Олардың музыкалық-интонациялық негізінде ән әуендерінің жатқаны да анық.  Халық музыкасы аясында аспаптық  жанрлардың туу, қалыптасу ерекшеліктері тұсында  белгілі фольклортанушы .Г. Ерзакович мынадай үш түрлі сатыларды көрсеткен:

1. Музыкалық – иллюстрациялық шығармалар.

2. Музыкалық – фрагменталық туындылар.

3. Аяқталған аспаптық күй.

Міне. Осы негізді бірте-бірте қалыптасқан аспаптық жанр бері келе классикалық сипатқа ие болып, қазақ даласының дауылпазына айналған.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар