Герман империясының құрылуы туралы қазақша реферат

Австриямен бейбіт келісім жасасып, Пруссия Германияны біріктірудегі ең соңғы кезеңді дайындай бастады. Шығыс шекарасында біріккен, қуатты Германияның пайда болуын қаламаған Франциямен соғысу үшін, Бисмаркқа Ресейдің нейтралитеті қажет болды. Бисмарк дипломатиялық дайындыққа қызу кірісті.

Халықаралық қауымдастық кезінде оң болып көріну үшін, Бисмарк Францияға соғысты бірінші болып жариялауын қалады. Осы мақсатпен Бисмарк маңызды дипломатиялық документті өзгертеді. 1870ж. 13 шілдесінде Эмстен телеграмма алды, ондағы прусс королімен француз елшісінің арасындағы әңгімесін өзгертіп, Францияның намысына тиетіндей етіп, оны баспасөзде жария етуге бұйрық береді. Эмсадан алынған телеграмманы Мольтке оқып “Былай”, ол басқаша естіледі, бұрын шегінуге белгідей естілсе, қазір фонфарадай естіледі. Өзгертілген Эмск депешасының тексті, Бисмарктың бұйрығы бойынша ақпарат құралдарына басылды.

1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялайды. Бірнеше ай ішінде француздардың негізгі күштері талқандалады. Тамыз прусс әскері француз әскерінің бір бөлігіне тойтарыс беріп, Мец қорғанысына дейін қуады да, қоршап алады, ал екіншісін Седанда қоршап алады. Сол кезде, амалсыздан 82-мыңғы француз әскері мен император Наполен III өзі тұтқындалады. Седандық катастрофадан кейін, Парижге жол ашылып, прусс әскерлері француздардың астанасына жылжи бастайды, ал Францияның буржуазиялық үкіметі пруссактармен капитуляция жөнінде келіссөздер жүргізеді. Сонымен, франк-прусс деген атпен белгілі соғыс нәтижесінде Франция Солтүстік герман одағының алдында жеңіліс табады, ендігі Пруссияның алдында оңтүстік-герман мемлекеттерін қосу мәселесі тұрады.

Франко-пруссия соғысы қос сипатта болды. Германияның бірігуіндегі тарихи қажеттілікте басталған соғыс, әрине прогрессивті сипатта болды. Бірақ, шешуші шайқаста жеңген Пруссия армиясының кейінгі шабуылында соғыстың прогрессивті мәні бітеді. Енді, өз кезегінде немістер жаңа тонаушылық, озбырлық талаптар қоя бастады. Соғыс аяқталғаннан кейін Пруссия Оңтүстік Герман мемелекеттерін біріктіруді мақсат етті. 1870 жылы 18 қаңтарда жеңілген Франция территориясында Вильгельм І император болып жарияланады.

Францияға қойылған бітім мен бейтіт келісімінің қатал шарттары Бисмарк юнкерлік буржуазия мен милитаристік империяның экономикалық, әскери, саяси талаптарын жүзеге асыру үшін керек болды. Бисмарк “билеуші кластың — юнкерлер мен буржуазияның және милитаризм, национализм, империализм туының астында біріккен басқа да топтардың кулиріне айналды”. Бисмарк өмірінің басты ісін жасап аяқтады.

Германиядағы біріктіру процесінің жүзеге асырылуына түрліше қарауға болады. Сөзсіз, бірігу қатал тәсілдермен жүргізілді, бірақ 1860-70 жылдарда Германиядағы қалыптасқан жағдайға мұқият көз салсақ, бұндай тәсілдер қажет болғанын аңғарамыз. Көпғасырлық бытыраңқылықты, экономикалық дамудағы бөгеттерді жойған және неміс жұмысшы қозғалысына, әлеуметтік күрестің басталуына жаңа жағдайлар мен мүмкіншіліктер туғызған бірігу, прогрессивті факт екені күмән тудырмайды.

Сонымен қатар, Бисмарктың Германияны біріктіру процесіндегі рөлін кемітпеуіміз қажет. Әрине, герман мемлекеттерінің бірігуіндегі объективті алғышарттар болды, бірақ Бисмарктың саясаты сияқты, субъективті факторсыз Германияның табиғи бірігу процессі көптеген жылдарға созылатын еді. Не де болмаса, Бисмарк саясатының нәтижесіндегі Герман империясының құрылуы, Европадағы күш балансын өзгертіп, Еуропаның ғана емес, бүкіл әлемнің дамуына үлкен ықпал етті.

Сонымен, Еуропаның ортасында Герман империясы деген атпен белгілі жаңа мемлекет пайда болды. Жаңа конституция қабылданады, 1871ж. жаңақұрылған мемлекеттің құрамына 22 монархия кірген, олардың арасында Пруссия, Саксония, Бавария. Империя басында императоры — прусс королі болған. Билік соның қолында болғанымен, іс жүзінде билік президент қолында болды. Сөйтіп Германияның бірігуі жүзеге асты, оған көп үлес қосқан Отто фон Бисмарк. Бірінші герман рейхстагына жүргізілген сайлаудың негізгі мақсаты империялық конституцияны қабылдау еді. Ол жөнінде Энгельс “Конституция Бисмарктың ыңғайына жасалды” деп жазған еді. Іс жүзінде Германияда Маркс дәл көрсеткендей феодалдық қалдықтар мен парламенттік формалармен араласқан, буржуазияның ықпалындағы, бюрократиялық, полицейлік жолмен қорғалған әскери деспотизм”орнатылды. Авторитарлық билік Вильгельм І, Бисмарк, Мольткенің қолында шоғырланған еді. 1870 жылы 12 мамырда империялық канцлер болған Бисмарк бұл қызметте 1890 жылға дейін болды. Сонымен қатар, ол министр-президент пен сыртқы істер министрі қызметтерін сақтап қалды.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдардың басымен салыстырғанда, Бисмарктың саяси басшылықтағы позициясы нығайды. Бірақ оның тағдыры, конституциялық гарантияларға емес, императордың еркіне тәуелді болды. Жалпы алғанда, Бисмарктың 1870 жылдан кейінгі қызметі мардымсыз болды. Тарихи қажеттілігі аяқталғаннан кейін, Бисмарктың іс-әрекеті, кейінгі кезеңде қателіктерге толы болды, ол националдық, кластық шеңберден аса алмады.
Тағы рефераттар