Гвиана таулы қыраты туралы қазақша реферат

Гвиана таулы қыратына шөгінді құмды жамылғының шайылуы және кристалды жыныстарда қуатты үгілу қабатының қалыптасуы тән қасиет. Шығыс бөлігінде шөгінді жамылғы толық шайылған; биіктігі 1300м дейін жететін кристалды массивтер эрозияның әсерінен пайда болған тектоникалық депрессиялармен алмасып отырады. Олар солтүстігінде жас аккумулятивті Гвиана ойпатымен шектеседі. Қыраттың орталық бөлігінде мезозойлық қызыл түсті құмдар мен конгломераттар жамылғысының қалдықтары сақталып қалған. Олар үстірт тәрізді тік жар қабақты жоталар (Пакарайма жотасы) немесе тау жұрнақтары (Рорайма тауы 2271м – қыраттың ең биік нүктесі); солтүстікте жер бедері арал тәрізді таулар мен кристалды жыныстардағы жайпақ – толқынды пенеплен түрінде кездеседі. Оринокодан батысқа қарай байырғы кристалды жыныстар көбінесе үштік және төрттік кезеңнің  шөгінді жыныстарының астында қалған. Олардың арасында триас кезеңінің қиыршықты тау жұрнақтары жер бетіне жақын орналасқан (Пардаос массиві); қырат шайылған баспалдақ тәрізді жер бедерімен Амазония мен Ориноконың ойпаттарына ауысады.

Оңтүстік – Америка платформасының аса кең көтерілімі Бразилия таулы қыраты болып табылады. Кристалды негіздер еткен ұзақ уақытқа созылған қирау мен шайылумен қатар, оның жер бедерінің қалыптасуына айырылымдар, ойпаңдар мен ойыстардың теңіздік, жанартаулық қалдықтармен толуы да  елеулі әсер етті. Жаңа тектоникалық көтерілімдер эрозияны жандандырды шөгіндіді қабаттағы өзен аңғарлары тереңдеді. Өзен аңғарлары нашар тілімденген, өзеннің көлденең қимасы толығымен өңделіп үлгірмеген. Таулы қыраттың негізгі жер бедері биіктігі 400 – 800 м –ге жететін кристалды жыныстарда қалыптасқан  денудациялық пішіндер – пенеплендер көбінесе олар қыраттың ылғалды солтүстігі мен шығысында дамыған. Атлантика жағалауында шайылған шоқылар – серралар мен жақпарлы немесе қатпарлы – жақпарлы массивтер (Серра – ду – Мар биіктігі 1810м дейін, Серра – да – Мантикейра, Агульяс – Неграс тауымен немесе Итатиая – 2821м және Бандейра массиві – қыраттың ең биік нүктесі 2890 м) тән болып келеді. Массивтердің шайынды шығыс беткейлері жар қабақты, төбесі жұмырланған және ішкі пенеплендерге біртіндеп ауысады. Сан – Франсиску өзенінің оң жағалауында 1500 -2000 м (Серра – ду – Эспиньясу және т.б) болатын денудациялық үрдістерден өзгерген тау жұрнақтары жоталар «бразилидтер» бой көтереді. Қыраттың орталық және солтүстік – шығысының басым бөлігінде төрткүлді қиыршық құмды үстірттер – шападтар кең тараған. Олардың төбелері жалпақ, қабырғалары құзданып, кристалды негізіге ауысады. Куэст тәрізді құрылымдық баспалдақтар төзімділігі әртүрлі жыныстардан тұратын аудандарға да тән нәрсе. (Атлантикалық көтерілімдердің қиыр батысы; Парнаиба ойысы) Парана депрессиясында биіктігі аласа лавалық үстіртер тараған.

Құрлықтың қиыр оңтүстік – шығысын Патагония үстірті алып жатыр. Ол Патагония платформасында қалыптасқан. Анды тауымен тектоникалыққ «жапсармен» жалғасқан, осы жапсарды бойлай төрттік кезеңнің мұздықтарымен өңделген  Анды тау алды депрессиясы орналасқан. Биіктігі 2000 м дейін  жететін баспалдақты үстірт шығысқа қарай біртіндеп төмендейді. Жағалауда тектоникалық қозғалыстардың куәгәрі терраса жүйесі, өзен аңғарларының каньон тәрізді жер бедері пішіні байқалады.
Тағы рефераттар