Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны туралы қазақша реферат

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуымен қатар өнеркәсіп пен өндіріс саласы да дамуда. Ал кез келген өндіріске қатысты қызмет энергиясыз жұмыс атқара алмайды, барлық қозғалыс энергияны пайдалану арқылы іске асырылады.  Көп жағдайда қоршаған ортаның ластануы энергияны (энергияның қайтымсыз көздерін көмір, мұнай) дұрыс пайдаланбаудан,   өндіріс қалдықтарын қайта өңдемеуден болады.

Ал осы жағдайға байланысты болатын қоршаған ортаның ластануынан тек қоршаған табиғи орта ғана зардап шегіп қоймайды, оның салдары адамның денсаулығына, өсімдіктер мен жануарларға, жалпы барлық экологиялық жүйеге кері әсер етеді. Энергияны пайдаланудың бұл жағымсыз салдарын толықтай жеңуге болады. Әрине, ол белгілі бір шығындарды талап етеді. Бірақ біз үшін адамның ертеңгі болашағы әлдеқайда қымбат. Себебі, энергия табу үрдісінде қоршаған ортаға келтірілетін зиян жылдар бойы жойылмайды және қалпына келтірілмейді.

Загрузка...

Елімізде жаңартылмайтын табиғи ресурс­тардың қорлары шектеулі уақыт кезеңі ішінде таусылуы мүмкін. Сарапшылардың айтуы бойынша, Қазақстанда мұнайдың бүгінгі күнгі қорын қарқынды пайдаланған жағдайда 70 жылға, табиғи газ 85 жылға жетеді деген болжам бар. Тау-кен металлургия өнеркәсібінің барланған тиімді кен орындары таусылу шегінде тұр. Темір кені 80 жылдан астам уақытта, алюминий 90 жылға жетеді, мыс 20 жылдан кейін таусылуы мүмкін. Қорғасын-мырыш саласы 25 жылға, хром кені 50 жылға қамтамасыз етілмек, никель бойынша кен толығымен игерілген.

Жаңартылатын ресурстар мен балама энер­гия көздері – еліміздің экономикасы дамуы­ның маңызды құрамдас бөлігі. Бүгінгі таңда әлемде эко­ло­гиялық қауіпсіз су, жел, био және гелио­энер­гетика, геотермалды энергетика саласын дамыту аса өзекті болып отыр. Бұл саланы дамыту үшін мемлекет заңнамалық, ғылыми, білім беру және қаржылық алғышарттарын құруы қажет.

Жаңартылатын энер­гия көздерін пайдаланған кезде ұлттық мүдделерді сақтау, ұлттық экономика­ның бә­секеге қабілеттілігін арттыру және ұлт­тық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңар­ты­­латын энергия көздерін пайдаланудың ба­сым­­дығы, бұл саланы қолдаудың экономика­лық тиімділігі және нәтижелілігі көзделіп отыр.

Электр энергиясын өндіру үшін жаңарты­латын энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік реттеу экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

Жаңартылатын энергия көздері – табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энер­гия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтың және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңар­тыл­ған энергия көздері – қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді.

Биоэнергетика,   биологиялық энергетика — тірі   организмдердегі энергияның бір түрден екінші түрге  айналу  заңдылықтарының  молекулалық     негіздерін зерттейтін ғылым. Биоэнергетика биологиялық тіршілік құбылыстарын энергетикалық тұрғыдан талдайды және бұл үшін физика мен химияның әдіс ережелері пайдаланылады.   Биоэнергетика молекулалық   биология,   биофизика   және   биохимия   ғылымдарымен байланысты және солардың бір бөлігі болып саналады. Биоэнергетиканың   зерттеулері    термодинамика     заңдылықтарына сүйенеді. Дегенмен, биоэнергетика мен  органикалық емес дүниенің энергетикасы,  арасында айырмашылық бар. Клеткадағы процестер біркелкі температура, көлем және қысым жағдайында  өтеді, сондықтан организмдегі жылу тікелей жұмысқа айналмайды. Эволюция нәтижесінде организмдерде бос энергияны жылуға айналдырмай, бір түрден екінші түрге тікелей ауыстыру қасиеті пайда болған. Энергияның аздаған бөлігі жылуға айналады да, басым көпшілігі құрамында фосфор қышқылының қалдықтары бар макроэргтік (көп энергиялық) қосылыстардың химиялық энергиясына айналады, ал химиялық  энергия тұрақты температура жағдайында одан әрі жұмыс жасауға немесе биологиялық синтезге пайдаланылады.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар