Әлемнің барлық елдері өзінің даму деңгейіне қарағанда индустриялды- дамыған, дамыған, дамып жатқан, 3-ші әлемнің елдеріне бөлінеді. Елдердің даму деңгейінің, халықаралық кооперация мен интеграцияның көзқарасы бойынша И.Липсиц пен А.Нещадин әлем бірлестігін келесі елдер тобына бөледі:

1) технологиялық ядро – АҚШ, Жапония, Германия, Англия, Франция;

2) 1-ші технологиялық дөңгелектің елдері – Италия, Канада, Швеция, Голландия, Австралия, Оңтүстік Корея;

3) 2-ші технологиялық дөңгелектің елдері алдыға шыққан дамып жатқан елдер Сингапур, Малайзия, Мексика;

4) Шығыс Еуропаның постсоциалистік елдері – Чехия, Словения, Румыния, Югославия, Сербия, Болгария;

5) ТМД елдері – Ресей, Украина, Қазақстан.

6) дамып жатқан елдерден ең аз дамыған елдері – Пәкістан, Ауғаныстан.

Технологиялық ядроға сай жоғары технологиялық салаға аэрокосмос өнеркәсібі, компьютер және офис жабдықтау өндірісі, телекоммуникация өнеркәсібі, фармацевтика мен медицина өнеркәсібі; ғылыми аспаптар (жоғары дәл, оптикалық, медициналық) өндірісі жатады.

1 Кесте – Ұлттық өндірістің жалпы көлеміндегі жоғары технологиялық секторының үлесі, %

Ел 1980 1989 1999 2007
АҚШ 10,0 14,0 20,9 26,8
Жапония 7,3 12,0 15,8 21,4
Ұлыбритания 9,0 12,5 17,0 22,6
Тайвань 8,2 12,4 29,2 32,2
Оңтүстік Корея 6,1 10,0 31,0 32,8

Дамыған елдерде инновациялық қызметтің өсімталдығы экономикалық даму деңгейін анықтайды. Әлемдік экономикалық бәсекеде инновациялық қызметті қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін елдер жеңеді.

Қазақстанда соңғы онжылдықта экономиканың технологиялық даму деңгейін анықтайтын потенциалды инновациялық салаларында (машина жасау, электронды және электротехникалық, қорғаныс, жеңіл, азық-түлік өнеркәсіптері, құрылыс материалдар өнеркәсібі) өндіріс көлемі 5-15 есе төмендеді. Жаңа бәсекеге қабілетті өнімдер түрлерінің, қазіргі технологиялардың және оларды өнеркәсіпке енгізетін жүйенің жоқтығы көптеген кәсіпорындарды қысқартуға және кейбір жағдайларда толық тоқтатуға апарды.

Қазақстан экономикасы импортталған техника мен технологиялардан технологиялық байланыста көбірек дәрежесінде болып жатыр. Шикізат емес салаларды қамтамасыз ететін негізгі толып жатқан ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық құрылымдар тіршіліктен қалған, оларды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Машина жасау, электронды және электротехникалық, қорғаныс, жеңіл, азық-түлік өнеркәсіптерінің, құрылыс материалдар өнеркәсібінің дамуы бәсекелік күрес жағдайында үзіліссіз өнім мен өндірістің модернизациясын жаңартусыз мүмкін емес.

Елдің технологиялық дамуында болашақта Қазақстан жақын жылдары ұлттық ғылыми-технологиялық потенциалдың көмегімен өз күштерімен ел экономикасының қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз мәселесімен тап болуы нақтырақ болып жатыр. Бұл техника мен технологияларды үздіксіз сатып алу арқылы ішкі мәселелерді даусыз шешуге әкеліп соғады, сонымен, ең ақырында, елдің ұлттық қауіпсіздігін жоюымен насырға шабатын сыртқы көздерден ұзақ технологиялық байланысқа түседі.

Осы салалардың өнімдерінің бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету және олардың бұрынғы деңгейін қалпына келтіру шешімді шараларды қолдаусыз мүмкін емес.

Әлем экономикасының ірілендірумен байланысты Қазақстан экономикасы қиыншылықтар қатарымен кездеседі. Негізгі мәселелерге шикізатқа бағыттылығы, әлем экономикасымен шамалы интеграциясы, ел ішінде шамалы сала аралық және аймақ аралық экономикалық интеграциясы, ішкі нарықта (кіші экономика) тауар мен қызметтерге төмен тұтыну сұранысы, өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылымның жетілмегендігі, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық мешеулігі, ғылымның өндіріс пен әрекетті байланыстың жоқтығы, ғылыми зерттеу мен тәжірибелі – құрылыс жұмыстарға (ары қарай — ҒЗТҚЖ) жеткіліксіз шығындар, глобализация мен қызметті-технологиялық экономикасына асу процесіне экономиканың адаптация міндеттердің менеджментке сәйкессіздігі жатады.
Тағы рефераттар