Меншік формаларын зерделеу барысында базистік түсініктердегі қарама-қайшылықтарға байланысты бірегей атаулар негіздерінің жоқтығына тап болуға тура келеді. Жалпы халықтық, мемлекеттік, қоғамдық, ұжымдық сияқты меншік формалары бір авторларда синонимдер ретінде қабылданса, басқаларында әр түрлі түсініктер болып қарастырылады. Мұндай жағдай жеке, индивидуалды, өздік меншікке де қатысты. Осыған байланысты меншік формасы дегеніміз не екенін, қандай критерийлермен анықталатынын, меншіктің қандай формаларын өзара ажырата білу қажет екенін анықтап алу қажет.

Меншік формасы — бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.

Меншік түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.

Загрузка...

Кестеде көріп отырғандай, қазіргі экономикалық жүйе меншіктің көптеген формаларымен ерекшеленеді.

Сонымен, меншік формасы — материалды игіліктерді экономикалық қатынастарға қатысушы белгілі бір субъектінің реттелген объективті құқық пен иемдену жағдайын бейнелейтін түсінік. Жалпы айтқанда, меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:

—         Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.

—         Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топтарға сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым қаражаттары, ақпарат;

—         Аймақтық мемлекеттік-аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген меншік;

—         Коммуналды, муниципалды-жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;

—         Ұжымдық — тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілетін немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын меншіктің туынды формасы;

Жалпы — алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдаланылуында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, т.б. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық — үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиесілі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке белгіленеді.

Индивидуалды — белгілі бір құқықтың нормаларға сәйкес жеке индивидумға тиесілі және олардың өз қажетінше пайдаланатын мүлік, заттар, ақпарат, т.б.

Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін емес.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар