Имидж (ағылшын  «image» сөзін аударғанда, түр, бейне деген мағынаны береді)  мақсатты түрде бағытталып, қалыптасатын  бейне (қандай да бір, құбылыстар ,зат).

Адамда сана-сезім , “ мен ”  сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе  тән қабылдау кабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде,  ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі  ретінде Макиавеллиді  санайды. Ол «имидж сезімі» қатты дамыған аз адамдардың арасындағы тұлға.

Джеймс бойынша, адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің баршылығыңызды елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз?

Қоғамның дамуына байланысты, жаңа имиджді түсіну ғылымдарының пайда болуын, жан-жақты түсіне бастайды.

Сірә,бұл жағдайда, кез келген физикалық жаза, рухани қиналуыңызға қарағанда, қайда бір жеңіл болып көрінетін шығар.

Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала алады.

Әсірісе, әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі,  имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар,  тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.³

Алғашқыда, экономика саласында, бұл түсінікпен практикалық аспектте, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей  бастады. Алпысыншы жылдары американдық экономист Болдуинг айналымға «имидж» түсінігін енгізгені белгілі, сонымен қатар оның іскери үлгерімділікте қажеттілігін негіздеді. Нәтижесінде имидж жаңа пайда бола бастаған саясаттанудың кару-жарағына алынды, оның мамандары имиджированиені  өз жұмысының басты құрастырушысы ретінде қабылдаған болатын.

Қазіргі заманда кәсіпкерлік және саяси іспен айналысатындарда, имидж өтетін тауар болып есептелінеді. Кәсіпшілік имиджированиенің үнемі өсіп жатқан сұранысына байланысты, «имиджмейкер» деген жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіншілік туды. Яғни, тұлғаның имиджін және әр түрлі іскери, саяси құрылымдармен айналысатын маман.

Ағылшын тілінен аударғанда  « имидж » сөзі  — бейне немесе бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Онда,  шын мәнісінде бұл қасақана жасалынатын тұлға   немесе әлеуметтік құрылым  жайлы әсер, әсіресе әсер, ойдың орынды іс фактісі сияқты баға емес. Имидж  көп жағдайларда алғашқы  сатысында, яғни жалпы мәліметті шолып өту кезеңінде аяқталады . Имидж аңдаусыз санада орналасады деп айтуға болады. Сонда адамдардың оны түсінудегі тиімділігі неде және кандай себеппен ол адам санасында біраз уақытқа сақталып қалады? Имидж , нақтылы психологиялық өнім сияқты , құнды стереотип есебі ретінде алынады , сонымен қатар әлеуметтік құрылғы ретінде есептелінеді­ және талпындыратын арман болып саналады.

Белгілі бір түсініктің семантикалық талқылануы әрқашанда бір мағынамен қабылдана бермейді. ­ Үлгі ретінде алсақ , көптеген мұғалімдерге, оқушыларға және олардың әке-шешелеріне мектеп «қуаныш үйі» болып саналудан әлдеқашан қалып қойған.  ( грек тілінен аударғанда « мектеп »- қуаныш үйі ), олар бұл түсінікке осындай сана қоймайды. В. Дальдың түсіндірме сөздігінде «бейне» түсінігі   келесі мағынаны білдіреді : «бет сызықтары және олардың орналасуы , түр-келбет , физиономия ». Дәл сол Дальдың сөздігінде «кейіп » былай түсіндіріледі : «заттың түп нұсқасы  ­ немесе оның суреті  немесе оған дәлме-дәл еліктеу». Сөйтіп,  орысша да, ағылшынша да түсіндірмеде «бейне»  сөзі «кейіп» сөзінен семантетикада  әлдеқайда кедей болып саналады. Яғни, соңғы түсінік имиджеологияда ең маңызды болып есептеледі.

Мәдени дәстүрлерге сүйене айтсақ,  сытрқы бейне мен рухани дүние арасында үйлесім орнағанда ғана жеткілікті болады. Сондықтан саяси жарнамалада  имидж мінездемелерге бөленген бейне ретінде көрсетіледі, ал ол мінездемелер адамның шын маңыздылығынан көбінесе алыс болады. ­ Сондықтан оны белгілі заманда идол ретінде түсіну жайдан жай болмайды.

Мысалы, супермен немесе плейбой. Осының бәрі бизнес тәжірибесінде мүлдем тиімді емес. Саясаттану аренасында немесе театралдық аймақта әсер етуге  қарағанда, берілген кәсіби жұмыста адамдармен қарым-қатынас жасаудың басқа заңдары және оларға ­ арнайы ықпал жасауда қолданылады. Бірақ осының бәрі менеджерді, әсіресе егер ол жоғарғы административті орында болса, өзінің жеке имиджінің іскери тәжірибедегі рөлін бағаламаушылықтан  және онымен байсалды жұмыс жасаудан босатпайды.

Әрине, ешкім менеджерден фотомодельге немесе көне мүсінге ұқсастығын талап етпейді, бірақ өзінің сырт пішінін дұрыс қолдана білу, адамдармен жұмыс істеген кезде артық болмайды. Психологтардың айтуы бойынша, әдемі адамдардың өзіне деген сенімділігі әлдеқайда көп және ол оппонентке өзі жайлы жақсы әсер қалдыра алады. Сонымен қатар, тартымды бет-пішіннің жоқ болуы жағымды имидж қалыптастыруға жол жаппайды. Тұлға өзінің кемшіліктерін басқа жақсы жақтарын дамытумен  және оны орынды көрсетумен алмастыра алады. Адам тартымдылығы – ол тек қана көркем бет пішіні ғана емес, оған сонымен қатар, дұрыс тыңдай алу, орынды сөйлеу, жақсы талғаммен киіну, өзін этикетке сай ұстау жатады.

Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ығайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына  мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.

Имидж    — өнер ретінде мақсатты түрде адамның өзін, не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп керсету.

Оған жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі және бедел мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.

Бәріңізге белгілі, адамдар алғаш көргеннен-ақ, сіз еш нәрсе айтып үлгерместен , тек сыртқы келбетіңізге қарап сіз жайлы өз ойын түйіндейді. Сіздің басқаруыңызбен презентация өткізілсе де, клиентпен немесе партнермен кездесу болса да,жұмыскерлер алдында сөз сөйлеу немесе екі ауыз сөз, қай кезде болмасын сіздің сыртқы келбетіңіз таң қаларлық жағдайда болуы өте қажет.

Егер де сыртқы келбетіңіз көңілге жағымды, әрі тартымды болса, онда алғаш кезден-ақ өзіңізге назар аударуыңыз сөзсіз, ал егер жағымсыз, ұнамсыз болсаңыз, керісінше, ол бастан-ақ өзіңізден алшақтатып алуыңыз мүмкін. Кажетті сыртқы келбетініздің болуы әлі басты жайт емес.

Өзіңізді еркін, сенімді ұстауыңыз және соны клиентініздің сезінуі кажет. Егер сіз жақсы киінген, әдемі таранған, өзіңізді физикалық жаксы сезінсеңіз, онда сіздің тартымдылығыңыз алғаш кезден-ақ байқалады. Егер де өзіңізді сенімсіз ұстасаңыз , кейбір көрсеткіштер шамаңызға сай келмесе, онда соны ойлап назарыңыз сол бөлшекке бөліне бермек. Сізді қоршаған адамдар бәрі жақсы,  сырт келбетіңіз әдемі дегенімен, өзіңіз сенімсіз болып , өзіңіздің жағдайыңыздың мәз еместігін қалай сезінсеңіз, солай қоршаған ортаға,  қоршаған адамдарға әсер етесіз.  Сондықтан бар пәрменіңізді салып өзіңізге берер бағаны жоғарлатып,  сенімді ұстансаңыз, сыртқы келбетінізден тек жағымды әсер аласыз.

Кәсіпкер болыңыз, саясаткер болыңыз немесе менеджер болсаңыз да — кез-келген жағдайда келер күннің өтер ырғағын, сол бір таңғы тазалану, киім таңдау барысында ұсынасыз. Жағымды эмоциялар келер күннің ойдағыдай жақсы, көңілге жағымды, еңбекте жемісті өтуінің кепілі. Ал, жағымсыз эмоциялар —  сенімсіздік шенберін айналдырып, сізді тек шығын мен қатерге алып келуі шындық. Менеджер — еңбек үлгісіне қатысты әр кезде қоршаған адамдардың көз алдында болуы, өзін сенімді, тартымды ұстанып, кез-келген жағдайда басқалардың көңілінен шығатындай қозғалыста болуы тиіс. Ол әрқашан өзінің киім кию үлгісінің жоғарғы сатыда екендігіне, жұмысқа деген дайындығының жоғарғы сапада екендігіне күманданбауы тиіс. Консервативті немесе классикалық стиль әрқашан ол адамның жақсы талғам үлгісінде екендігін бейнелейді. Жағымды , ұстамды киім еңбекте сізге тірек болады. Сондай-ақ, клиентіңіздің сіздің киіміңізді емес сізді көре алуын қамтамасыз етеді. Киіну үлгісі сіздің талпынысыңыз, біліміңіз тағы сол сияқты сіз жайында көп нәрсе бейнелейді. Әйел адамдарға консервативті киінуіне болады. Сол киіну кезінде өзінің ерекшелігін көрсететін шарф немесе қымбат бағалы әшекей бұйымдар тағуы, қатаң үлгідегі консервативті киімге өз әдемілігін енгізер еді. Егер де киіміңіз сізге қызмет істеп, келбетіңізді ашып, жағымды әсер әкелетіндігіне сенімді болсаңыз, ойыңызды түгелдей жұмысқа бағыттай аласыз.
Тағы рефераттар