Иммануил Кант туралы қазақша реферат

ЖОСПАР:

Кіріспе  ……. ………  2

Қысқаша Иммануил Кант өміріне шолу  ………………..  3

Канттың философиядағы  мораль мәселесі  ………………  6

Қорытынды  ………………………………………………………….  10

Қолданылған әдебиеттер  ………………………………………  12

    КІРІСПЕ 

Классикалық неміс философиясы ойлау, мораль, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы — классикалық идеалистік философия.

Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір, сыншыл, пәрменді ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп қоймай, таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы дамыта отырып, Кант, Фихте, Гегель метафизикалық ойлау тәсілінін тайыздығын, сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.

Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен ойлаудың белсенділігі идеясын ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.

Мораль  мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады.Одан кейін философияда парасаттылық туралы көзқарыс мүлде өзгерді. Материалистер таным процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп түсінді. Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның, ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса көрсетеді.

Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын шаруа болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг университетіне түсіп, білім алуына Шульц деген пастор қол ұшын берген. Университетте Кант философия мен қатар жаратылыстану ғылымдарын (математиканы, физиканы, астрономияны, географияны және меднцинаны) тиянақты оқып, меңгереді. Белгілі грузин, кеңес философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай, біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен бірге оның өзі, оның өмірі — сабақ аларлық. Бір қызық жәйт — Канттың өмірінде, дейді Мамардашвили, назар аударарлық ешқандай оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір бойы бір қалада – Кенигсбергте тұрған. Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған. Басқа жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге атақты адамдар оған келіп тұрған (Фихте, Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге бармаған. Сөйткен адам, оқымысты кейін университетте өне бойы географиядан сабақ беріп, «Физикалық география» деген үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған адам калайша мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар, таулар, жан — жануарлар жөнінде, әр түрлі халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері, әдет — ғұрыптары, мәдениеті жөнінде мамандар күмән келтірмейтіндей мағлұматтар береді?! Ғажап емес пе? Канттың не нәрсені болса да көзімен көргендей, сол жерге, сол елге, өзі арнай барғандай көз алдына келтіре алатын, сол жерді, сол елді, сол нәрсені сонда тұрған адамдардай суреттей алатын ойлау қабілеті болған. Кант ойлау, киял қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер айтты. Тектен тек емес екен. Канттың априорлық (латынша аргіогі-бұрынғыдан) ұғымдар, априорлық түсінік жөніндегі ілімі бар: адам санасында тәжірибеден тыс пайда болатын түсінік.

Кант өмір бойы үйленбеген, бала — шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту, тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге толы «Педагогика» деген еңбек жазған.

Кант жасынан шалағай, әлсіз, әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған. Тума — туысқандары, көршілері «бұл бала көп тұрмайтын шығар» деген ойда болған. Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы

ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен, өзін-өзі шынықтырып, жетілдіруімен, қатаң тәртіппен (режиммен) жеткен. Ұзақ жылдар бойы бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұрып, бір мезгілде серуенге шығуды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары Канттың аскан ұкыптылығын, дәлдігін ескеріп, ол серуенге шыққанда, айталық, кешкі сағат 5-те, сағаттарын түзей бастайтын болған. Кант жөнінде біз: «ол өзін өзі жасады» деп айта аламыз.

Канттың өмірбаянын зерттеушілер оның асқан еңбекқорлығын атап көрсетеді. Күн сайын (Кант демалыс, мереке күндерін білмеген) 10-12 сағат студенттерге дәріс оку және ғылыммен айналысу Кант үшін үйреншікті әдет болған. Демалғанда шаршатқан бір пәнді (ғылымды), мысалы, математиканы қоя тұрып, баска пәнмен (логикамен), философиямен, физикамен т.т. мен айналысады екен.

Кант — жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды.

Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға — сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, — әрине, материалистік түсінік.

Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария

қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» — деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді — деп жазды. (Қара: Уайтхед А. Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199)

Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң»

1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).

Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс» жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды.

Кант мораль  мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең

алдымен ол мораль  процесінің аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара — қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.

Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс — әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.

Мораль процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.

Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Мораль  субъекті — өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол — басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат

игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Мораль процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады.Мораль объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл — бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние — шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе — абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым — абстракты. Дәұрысында — «дүние таныла ма?» — деген сұраққа: — «Жок, танылмайды» — деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.

Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект — бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады.

Кант философияда тұңғыш рет мораль  ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты мораль процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, «мораль

дегеніміз не?», «мораль қалай жүзеге асады?», «танитын кім және танылатын не?», «танымның шегі бар ма?» деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Мораль процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны мораль нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін мораль жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты мораль  мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады. Оған дейін оны қалай білесің?

Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: моральдың өзіндік ерекшеліктері бар, мораль жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардың айнадағыдай бейнесі деп танып, мораль жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек болды. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Субъективтік идеалистер, керісінше, мораль  процесін субъектің іс-әрекеті деп, ал субъекті «Менге», ойлауға, санаға теңеп, мораль  мәнін субъект арқылы түсіндіруге тырысты. Бұдан да нәтиже шықпады. Мораль күрделі кұбылыс болып шықты.

Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек  Нағыз гуманистік, адами идея!

Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.

Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік философияның өкілдері Канттың алдында үлкен қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір сарын еді: Кант — агностик, Кант — субъективтік идеалист, Кант — дуалист т.т.; Кант  моральдың өрісін тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен құбылыстың арасына өтпестей шек қойды; Кант білімнің, ұғымнын субъект пен объектің әр алуан қарым-қатынасынан, тәжірибеден туғанын көре тұра, априоризмге бой ұрды, яғни, тәжірибеден тыс, тәжірибеден бұрын пайда болатын білім бар деген пікірге келді; материализм мен идеализмнің арасында ауытқып, дәйексіздік танытқанмен, Кант негізінде субъективтік идеализмді жақтайды деген сияқты алып-қашпа пікірлер келтірілетін еді.

Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада — шекті не шексіз деп — жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады.

Өмірінің соңғы кезінде Кант кейінгі адамзатқа аманат етіп, «Мәңгі бейбіт өмірге» деген кішігірім трактат жазып қалдырды. Оны оқи отырып, тап осы кезде — XXI — ғасырдын басында жазылған ба деп қаласың. Дүниедегі ең қымбат қазына Кант үшін — адам өмірі. Адам өмірін сақтау үшін халықтар арасында бейбітшілік орнау керек. Өздерінің әлеуметтік құрылымының,

нәсілінің, дінінің. тілінің, мәдениетінің айырмашылығына қарамастан халықтар өзара келісіп, тату – тәтті өмір сүруі керек. Саясаттағы ең басты мәселе — жер бетіндегі өмірді сақтау. Осы мақсатта Кант дүниежүзі халықтары әр халықтың, ұлттың, әр адамның құқықтарын мойындайтын халықаралық келісімді қабылдауы керек деген идеяны ұсынды.

Ешкімнің де ар-ұжданы, сенімі, еркіндігі, қалауы аяққа басылмауы керек. Көптеген философтар сияқты Кант — утопист. XVIII- ғасыр түгіл, ХХ-ғасырда да оның бұл идеясы жүзеге аса қойған жоқ. Бірақ осыған қарап, оның ойы құр сандырақ деуге бола ма?

Біз Кант іліміндегі өміршен, жаңашыл идеяларды, пікірлерді, шешімдерді түгел қамтып шықтық деп айта алмаймыз. Біз солардың кейбір үлгілеріне ғана тоқталып өттік. Бірақ осының өзі философия жайынан хабардар адамдарға ой салар деген үміттеміз.

XX- ғасырдың басында Батыста философтар арасында «Кейін, Кантқа карай!» деген қозғалыс өріс алды. «Жаңакантшылдық» деген беделді ағым пайда болды. Олардың түсінігінде Кант ілімі ескірген жоқ, керісінше, ХХ-ғасыр Кант сияқты ойшылдарды керек етіп жатыр. Кантқа қайта оралу XXI — ғасырдың басында да орынды. Өйткені Кант-болашақтың ғұламасы.

Кант жөнінде көрнекті неміс филологы және философы З.Гумбольдтің мына сөзімен аяқтағымыз келеді: «Канттың даңқы жөнінде әңгіме болғанда үш нәрсе күмән туғызбайды… Ол қиратқан нәрсе қайтадан қалпына келмейді: ол құрған нәрсе ешқашанда қирамайды; ең бастысы, — дейді Гумбольдт, — оның философияда жасаған төңкерісіне ойлау тарихында ешнәрсе тең келмейді».

 Қорытынды

Кант өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты. Ең алдымен ол XVIII — XIX ғасырлардағы философияда өріс алып, кейін келе өзара сыйыспай, бір-бірінен алшақ кеткен эмпиризм мен рационализмнің басын біріктірмекші болды. Бұл жағынан алғанда, Кант үлкен жетістіктерге жетті. Ол таным теориясында адам танымының қабілеттілігін сезімділік пен пайым деп бөле отырып, олардың бірлігін көсетті. Канттың ойынша, сезімділік пен пайымның айырмашылығы, танымның бірі — мазмұны, екіншісі — формасы болғандығында. «Сезімділіксіз бірде бір зат бізге берілмес еді, ал пайымсыз олардың бірде бірін ойдан өткізу мүмкін емес. Ойда мазмұн болмаса, ол бос нәрсе, ал аңдаушылық ұғымдарсыз соқыр…». Бұл екі қабілеттіліксіз таным процесі болмайды. Міне, өзінің ішкі ілімі арқылы Кант ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыстың қайнар көзі болған эмпиризм мен рационализмді бірлікте деп қарап, проблеманың шешімін тапты.

Пайым мен зерденің өзара байланысын айқындау процесінде Канттың пайымға ерекше бет бұрғанына бірден-бір себеп — оның шығармашылығының алғашқы кезеңі жаратылыстану саласында өткендігінде болатын. Ол ең алдымен математик, астроном, биолог, сондай-ақ тағы басқа да ғылымдар саласының маманы болды. Алайда, шығармашылық өмірінің екінші, сыни кезеңінде оның философияға бет бұру зердеге ерекше мән беруіне, сол арқылы адамзатты ғасырлар бойы толғандырып келген әлемдік проблемаларға бой ұруына жол ашты.

Алайда, оның зерде туралы ілімі таным теориясы, логика, диалектика мәселелерінің, сондай-ақ адамгершілік, мораль және сезімділік, әдемілік проблемаларында таңғажайып жаңалықтарды ашты. Дегенмен, оның зерделі философиясы шешілмейтін қайшылықтарға тап болып, адам баласының алдында тұрған көптеген сұрақтарға жауап бере алмады. Оның зерделі философиясы шешпеген аса бір үлкен мәселе «өзіндік зат» идеясы десе болады. Өйткені Кант «өзіндік зат» біздің санамыздан, бізден тыс өмір сүреді деп мойындай отырып, «бірақ оны тану мүмкін емес, өйткені оған біздің зердеміздің шамасы келмейді» деген қайшылыққа ұрынады. Оның зерделі философиясынан туған осындай қайшылықтарды шешу және «өзіндік зат» проблемасын белгілі бір объекті етіп қарау, философия тарихында жаңа бағытқа жол бастаған философтардың үлесіне тиді.

Канттың «өзіндік зат бар, ол тек біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, ал оны таным қабылдай алмайды, біз тек қана құбылыстарды біле аламыз» деуі ойлау процесінде қиындықтар тудырып, пайым мен зерденің арасындағы қайшылықтарға әкеледі. Мұндай қайшылық зерденің өзін бір-біріне қарама-қарсы екі «Менге»  бөлді: оның бірі біздің сезімділік аңдаушылығымыздан туса, екіншісі — ойлаудан шығады. Бір-бірінен алшақ кеткен екі дүние: аңдаушылық пен ойлау тәжірибеде, нақты өмірде өзара бірлікте болады. Дәл осы жерге келгенде зерде үлкен қиыншылыққа душар болады. Канттың логикалық идеясы өз мазмұнынан айырылып қалды. Өйткені ойлау туралы түйінінің, қорытындының «өзіндік затқа» , оны ойлауға ешбір қатысы болмады.

И.Канттың адамгершілік, әдептілік, мораль төңірегіндегі идеялары, құдайға сену адамгершілікке бастайды деген зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті.

 Қолданылған әдебиеттер:  

Философия тарихына шолу  автор:    Т. Х. Рысқалиев

Қысқаша философия тарихы  автор: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов

Тарихи философиялық таным    автор: А. Қасабеков

Философия тарихы   Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі

И.Кант «Критика Чистого разума», Москва, 1978ж.

«Философиялық сөздік», Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1996ж.

Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов «Философия», Алматы, «Эверо», 2004ж.

Ә.Тұрғынбаев «Философия», Алматы, «Білім», 2004ж.
Тағы рефераттар