Тарихшылар әдетте Колумбтың алғашқы саяхатына таңып жүрген және тегінде Колумбтың өз алдына онан кейінгі саяхаттарында қойған мақсаты- Индияға апаратын батыс жолын ашу, оның алғашқы сапарынан кейін 30 жылдай уақыт өткеннен соң ашылды. Оңтүстік Американың Шығыс жағалауын ашып, оны зерттеу жұмыстары осы міндеттің шешілуімен тығыз байланысты болды. Бразилияны, сірә, Испания және Португалия теңізшілері 1498-1499 жылдары бір мезгілде ашса керек. Алонсо Охедының қол астында испандық экспедицияға қтысып, Бразилияның солтүстік жағалауының әжептәуір көп жерінен өткеннен итальяндық космограф Америго Веспуччи, сол кездің өзінде-ақ бұл жерді континент деп таныған еді.(6- 35 б.)

Индияға шыққан португальдық екінші экспедицияның бастығы Хуан Кабраль өзінің бет алған жолынан батысқа қарай тым ауытқып кетіп, Бразилияның жағалауына келіп жетті. Өзінен бұрынғылардың жасаған саяхаттарын білмеген ол бұл жерді арал деп санап, оны Ақиқат Крестің (Вера Крус) жері деп атады және Португалия королінің иелігі деп жариялады. 1501 жылдың майында португальдықтар бұл аралды зерттеу мқсатында үш кемені жабдықтап жіберді. Португальдықтарға қызметке көшкен Америго Веспуччи осы эскадраның астрономы ретінде сапарға шықты. Олар күткен аралдың орнына эскадра Оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ оңтүстікке созылып жатқан бір жағалауға тап болды. Америго Веспуччи өзінің досы Лоренцо Медучиге жазған хатында осы саяхатын қызыға суреттей келіп,”ежелгілерге мүлдем мәлімсіз” бұл континентті Жаңа Дүние деп атауды ұсынды. Неміс космографы Вальдземюллер, Веспуччидің хаттарын басып шығарарда өзінің “Космографияға кіріспе” атты еңбегінде бұл жаңа континентті Америгоның есіміменен “Америка”деп атауды ұсынды.  Сөйтіп, “Америка” деген атау ол кезде Оңтүстік америкалық континенттің шығыс жақ бөлігіне байланысты аталды.

Жаңадан ашылған материкті оңтүстіктен айналып шығып, Молукк аралдарына шейін жүзіп жетудің мүмкіншілігі туралы ойды алғаш рет Веспуччи ұсынды. Бұл жобаға Испания Үкіметі  әсіресе испандық конкистадор Бальбаның 1513 жылы Панама  мойнағын басып өтіп,”Ұлы Оңтүстік теңізді”яғни Тынық мұхитты тұңғыш көргеннен кейін тіпті қызыға түсті. Испандықтарды осы теңізден бұғаз ашып, онан өту, ақыры татымды жеміс аралдарына жетіп, оны басып алу ойы баурап алды. Осы ойды жүзеге асыруды Фернанд Магальянс қолына алды. Ол (1470 жыл шамасында туған) португальдық дворяндардың қатарынан шықты және Португалия отарларында бірнеше жыл тұрып,Малакка экспедициясына қатысқандықтан Үнді мұхитын жақсы білсе керек. Бірақ коральмен жанжалдасып қалып, Испанияға қызметке көшті және Испания үкіметімен жасаған келісімі бойынша жаңа материктен оңтүстікке қарай шығатын жаңа бұғаз табуға міндеттенді.(7 –68 б.)

1519 жылы сентябрьде шағындау бес кемеден құралған, 253 адам экипажы бар эскадра Сан-Лукарадан сапарға шықты. Магелланның бұл сапары екі жылға созылды. Ол өзінің аты қойылған бұғаз арқылы Оңтүстік Американы айналып өтп, Тынық мұхитқа шықты да Филиппин аралдарына келіп жетті, сол жерде жергілікті халықпен болған қақтығыста қаза тапты. Тек д,Эльканоның командасымен бірге ғана кеме Үнді мұхитын кесіп өтіп, Африканы айналып шықты. Сөйтіп, ол жер шарын алғаш рет түгелдей айналып шығу саяхатынан соң, 1522 жылы 6 сентябрьде Сан-Лукараға қайтып келді. Бұл саяхаттың шығыны көп болды. Севильеде өздерін салтанатты қарсы алуға экипаждың 18 адамы ғана қатыса алды.

Тынық мұхитта испан теңізшілерінің пайда болуына байланысты, осы аймақтарда да Испанмя мен Португалияның арасындағы шепті белгілеудің қажеттілігі туды. Бұл шара тек жеті жыл өткеннен соң 1529 жылы ғана жүзеге саырылды. Сарапшылар даулы аралдардың бойлығын дәл анықтай алмады. Ақырында Испания өзінің Молукка жөніндегі талаптарынан бас тартты, бірақ Филиппинді бермей ұстап қалды. Бұл осылайша тек 1543 жылы ғана аталды.

Магеллан бұғазы арқылы Европадан Азияға қарай жүзіп шығу алдын теңіз кәсібі болып табылды. Сондықтан да Молуккаға баратын оңтүстік- батыс жолдың практикалық маңызы болмады. (8- 102 б.)
Тағы рефераттар