Бүкіл шаруашылық механизмінің бағдары нарық түрінің құндылығына бағалау белгілері, инновациялардың енгізуі арқылы өндірістің экономикалық құндылығының бағалау әдістерін қайта қарау қажеттілігіне әкелді.

Әдістердің таңдауына инновациялық қызметтің түрлі шарттары әсер етеді. Мысалы: нарық қатынастарының қалыптасу дәрежесі, шаруашылықтың  басқару жүйесі, меншіктің түрлі формалары, қаражат құралдардың тарту мүмкіншілігі, құлдырау, тәуекелдер, бағалар және басқа құндық параметрлер.  

Қазіргі жағдайда инновациялық жобалардың дайындау кезінде, өндіріс құндылығына әсер ететін, сыртқы және ішкі факторларды міндетті түрде талдау керек. Мысалы: ғылым мен техника, қоғамның, экономиканың дамуы, саясаттың, еңбек нарығы, өндіріс құралдарының, капиталдың, жердің, шикізатты, өткізу нарығы, кәсіпкерлік саласы, заң шығару саласы, адам факторының дамуы, технологиялық процес деңгейінің дамуы.

Басқа елдердің инновациялық қызметінің жүзеге асырылуына,  қолдануға болатын жағдайлар мен факторларын салыстыра отырып, инновациялық процеске өзінің ізін қалдыратын және инновация құндылығының бағалау әдісінің нақтылығы мен барабарлығының дәрежесін анықтайтын, түрлі ерекшеліктерді байқауға болады.

Кәсіпорынның инновация қызметінің нәтижелер факторларының зерттеу қажеттілігі, ең алдымен экономикалық кеңістігінің ашық болуынан, баламалардың жиынтығын қолдана отырып, қойылған мақсаттарға жету мүмкіншілігі ескертіледі.

КСРО кезінде ғылыми- техникалық шаралар құндылығының бағалау әдістерінің тіршілік кезін қарайтын болсақ, әкімшіл- командалық экономика жағдайында жаңалықтар мен қаржы салулардың құндылығы, қатал түрде регламенттелген типтік әдістемелерімен қолданғандарын ескеру жөн. Бұл әдіс-КСРО ғылымдарының ғылыми кеңестер академиясында қабылданған теорияға және жасалған тәжірибелерге негізделген. Типтік әдісінің негізіне сүйене отырып, министірліктер және агенттіктер жаңалықтардың және салаларға қаржы салулардың құндылық бағалау ерекшеліктерін ескеріп, салалық нұсқауларды өңдеді.

Әдістемелердің негізгі формулаларында өзіндік құн, қаржы салулар, есесін қайтару, рентабельділік көрсеткіштер қолданылды. Авторлардың есептеуі бойынша бұл көрсеткіштер тауарлық- ақшалы, нарық қатынастарымен байланысты. Бірақ нарық қатынастары болмағандықтан, бұл өңдеу жасанды түрге келеді. Сол авторлардың ойлары бойынша, экономика құндылығы құралдардың салу бағыты мен мақсаттың орындалуы белгі ретінде қаралмайды. Жоспардың баланстық әдісінен шыға отырып, құралдардың салу бағыты экономика құндылығының есептеу барысының алдында анықталып қойған. Қаражат салуының рентабельдік көрсеткіші факультативті түрде енгізіледі.

Келесі өзгертулерді былай сипаттауға болады:

1961 ж. әдістемесінде өндіріс шығындардың айырмасы түрінде салыстырма бағалау статусы жоғарлады.

1963 ж. әдістемесінде жалпы (абсолюттік) құндылықтың көрсеткіштері жоқ.

1969 ж. және 1981 ж. әдістемесінде абсолюттік бағалау көрсеткіші пайда болады.

Нарық экономикасына ауысқанда, ғылыми- техникалық шараларды анықтайтын кеңестік әдістемелер объективті және субъективті себептерге байланысты әрекетсіз екендігін растады.

Біріншіден- тұрақты және стационарлық жоспар жүйесін басқару кезінде құндылықтың абсолюттік және салыстырмалы нормативтері КСРО- ның мемлекеттік жоспар шаруашылық басқаруымен орнатылатын. Мысалы, өндірістерге нормативтік көрсеткіш 0,16,  құрылысқа- 0,22, саудаға- 0,25.  Ал қазіргі кезде мемлекетт қандай да бір норматив орната алмайды, себебі бәрібір нарықтың өз заңдылықтары іске асады.

Екіншіден-  төмен, құлдыраудың маңызды емес деңгейі түрлі уақытта болған шығындардың көрсеткіштерінде жазылды және де нормативті мағынасы болды 0,03 бастап 0,08 дейін. Қазіргі жағдайда дисконттық бағасы 0,18- ге дейін жетеді, яғни ақша ағымының пайдасы мен шығыны уақыттың түрлі кезеңіне сай тұрақсыздықты сипаттайды. Және де Госпланмен келісім жасалынған, түрлі уақытта келтірілген шығындар, жоспардың смета құнының өзгертуіне негіз бола алмайтын. Ал қазіргі жағдайда инвесторлар жағдайдың өзгеруіне байланысты жобаның бүкіл құндылық көрсеткіштерін қайта есептеуге талап етеді. (құлдырау, банктердің %-ның жоғарлауы)

Үшіншіден — мемлекетпен берілген тұрақты бағалар, базар бағасына қарағанда, жаңалықтардың құндылығын сапалық және сандық көрсеткіштерін қолдана отырып, комплекстік түрде талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайлар кеңестік жағдайларына қарағанда аса дамулы, бірақ нақ кеңестік экономикалық ғылымы қазіргі және әлеуметтік — экономикалық жағдайларына толық масштабтық талдау жасауға мүмкіндік туғызды. Мысалы КСРО 30 жылдарында ақша қаражатын қазіргі инновацияға салуына талдаулардың алғы шарттары жасалған болатын.

Орталықтандырылған жоспарлау жүйесін енгізуі инвестицияларға негіз болды және де олардың көлемі мен секторлар аралығын бөлісуін орталық жоспарлау органдарымен анықталды. Заттық өндіріс секторларының дамуына негізінде акцент істелінді. Бірақ инвестициялардың жоспарлау барысында нақты таңдау жасау керек. Мысалы сұранысты қанағат ететін көліктің қандай түрі ең жақсы болып келеді немесе қандайды технологияны қолдану және т.б.

Әйткенмен, нарық қатынастарын ғылымға және тәжірибелілер үшін жоғарыда көрсетілген әдістемелермен құруға келмейді.

Қазігі кездегі инновациялардың құндылық  бағалаулары ерекшеленуі мына себептерге байланысты:

—         шаруашылық субъектілерге  қалыптастырылып жатқан базар экономика жағдайына инновациялық қызметінің  жаңалықтарын еңгізілуі;

—         инвестициялық жобамен салыстырғанда қатысушылардың ауқымы көбірек;

—         салыстырмалы салмағының маңыздылығы ғылыми – зерттеу мен тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарына жаңалықтарды іске асыруына арналған;

—         жасаушылардың, өндірушілердің және жаңалықтардың пайдаланушыларының назарлары бір келісімге келуінің қажеттілігі;

—         тәжірибелерді өткізу және бірінші өнеркәсіптік серияларының үлгілерін даярлау.

Инновацияларды енгізу, ұйымның экономикалық құндылықтың жоғарлауына әкеледі. Оның құндылығы экономикалық және қаржы көрсеткіштері арқылы көрсетіледі. Базар экономикасы жағдайында унифициалдық көрсеткіштер жүйесіне айнала алмайды. Әрбір экономист осы жүйені инновациялық жобаның ерекшеліктеріне қарай дербес түрінде шешеді.

Қорытындыға келетін болсақ инновациялық қызметтің құндылығының барлық белгілері тұтас әрі бір-біріне тәуелді болып келеді және келесі элементтерді ұсынады:

  • ҒТҮ- ің әлеуметтік бағыты жоғарғы нормативті талаптарға сай келетін жаңа технологиялық жүйелердің кең таралғандардың арқасында жоғары дәрежеге жетуі;
  • халықтың өмірі сапалы жаңа деңгейге өнімділіктің өсуінің, қалалық және  ауылдық халықтың тұрмысын толық жетілдіруінің арқасында көтерілуі;
  • қор жинақтаудың сапалы жаңа деңгейі, еңбек өнімділіктің өсуі, қор қайтарылуының, материал сыйымдылықтың төмендеуі, энергия сыйымдылықтың, өнім капитал сыйымдылығының және оның бәсеке қабілеттілігін арттыру;
  • елдің техникалық жағынан артта қалушылығын жеңу;
  • әлеуметтік кепілдіктердің орындалуы, экономикалық даму дәрежесінің жоғарлауы;
  • жаңалықтарды енгізу барысында денсаулықты қорғау үшін, адамға ауыр тиген жүкті жою, демалыс сфераларын құру, себебі бүгінгі күнде адам факторы кез-келгенін нәтижелілікте соның ішінде инновациялық қызметінде де басты рөл алады.

Сонымен, экономикадағы инновациялық қызмет экономикалық әсерінің болжамымен анықталады. Инновациялық қызметте қоғамдық қажеттіліктердің қалыптастыруы экономикалық құндылық заңына сүйенеді. Ол экономика агенттерді қолданылатын қорлардың өлшемдерін немесе инновацияның тұтас шығындарын, олардың заттық өндірісте игеру нәтижелерімен салыстыруға  мәжбүр еткізеді. Инновациялық қызметін жүзеге асыруының ең басты шартты- әлеуметтік- экономикалық жағдайлар болып келеді.

Ретроспективті талдаудың растаулары: экономикалық субъект жиі экономикалық әсерді алып шығады. Жаңалықты жасауға міндетті де емес, бірақ оны қолданылуын білуі тиіс. Инновациялар эканомикалық агенттердің өндірістік және коммерциялық мақсаттардың шешімдері түрінде келеді. 3-ші кестеде жеке экономикалық әсерлерді есептеуге арналған негізгі формулалары берілген. Осы формулалар арқылы инновационды- технологиялық циклдардың еңгізуінің экономикалық әсерлердің мөлшері есептеуге болады.

Кесте 3 — Жеке экономикалық әсерлерді есептеуге арналған негізгі формулалары

Әсер көрсетудің сферасы Әсердің мағынасы Әсерді есептеу формулалары
сапа

технологиясы

Сапаның арттыруы Э = [(П1 – П2) – Ен*(К2 – К1)]*А2

∆П = ∆Кір. — ∆Шығ.

Өнім:

түрлері

Жаңа өнімнің шығуы Э = ∆П – Ен*∆К
Шикізат:

саны

Шығындардың төмендеу және сақтау

кезіндегі сапа

сақталымы

Э = Р — З

Формуладағы көрсеткіштер:

Э – Жеке шараның әсері;

П1 – Бұрынғы сапа өнімінің пайдасы;

П2 — Жоғары сапа өнімінің сатылу пайдасы;

А2 – Жоғары сапа өнімінің шығарылу жылдық көлемі;

К1, К2 – орындау шараларынан бұрын және кейін есептелетін күрделі шығындар;

Ен – капиталдық салулардың құндылығының нормативті коэффициенті;

∆К – жаңа технология қолдануымен байланысты, қосымша капиталдық салулар;

∆Кір. – жоғары сапа өнімінің сатылуына байланысты, қосымша қаражаттар;

∆Шығ. – өнімнің сапасын арттыруына байланысты, қосымша шығындар;

Р – шикізаттың сақтауына байланысты қосымша баға;

З – шикізаттың сақтауына байланысты, қосымша шығындар;
Тағы рефераттар