Мазмұны
Кіріспе
1. INTRANET – қосымшалары
1.1 Intranet корпоративті желісі
1.2 Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы
1.3 Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау
1.4 Intranet-технологияның қолданылу аймағы
1.5 Intranet-қосымшаларын өңдеу құралдары
1.6 Intranet-тің программалау құралдары және тілдері
2. «Республикалық техникалық және кәсіптік біліс беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми — әдістемелік орталағы» РМК сипаттамасы
2.1 Кәсіпорынның негізгі міндеттері
2.2 Кәсіпорындағы сапаны тәуелсіз бағалау бағдарламасы
3. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми — әдістемелік орталығы» РМК сайтын жобалау және құрастыру
3.1 FRONT PAGE қосымшасының Wев сайт жасаудағы тиімділігі
3.2 Кәсіпорын сайтын құру сатылары
3.3 Кәсіпорын сайтының құрылымы
4. Еңбекті қорғау
4.1 Еңбекті қорғау заңдары
4.2 ДЭЕМ-ді қолданудағы еңбекті қорғау туралы кейбір мәліметтер
4.3 Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
4.4 Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар
4.5 Денсаулық бұзылуының белгілері
4.6 Өртқауіпсіздігі
4.7 Электр қауіпсіздігі
4.8 Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
5. Экономикалық бөлім
5.1 Жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның бағытталуы
5.2 Бағдарламаның өнімді құрудағы шығындарды анықтау
5.3 Түйіндер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша (компакт дискіде)

Кіріспе

Қазіргі заманда ақпараттық жуйесіз ақпаратқа жедел кіруін елестету мүмкін емес болып келеді. Соңғы бірнеше жыл бұрын ақпаратқа деген талаптар өте өзгеше болатын. Ақпаратты алу — қолданушы кез-келген жерде болса да жедел түрде қажетті болады. Сондықтан корпоративті ақпараттық жүйелер құрылымына талаптар да өзгерген болатын. Кәсіпорынның локальды жүйелері ақпаратқа енуде қолданушылардың қажеттіліктерін толық түрде қанағаттандыра алмайтын болды. Сондықтан корпоративті ақпарат жүйелерін құру үшін  – жаңа Intranet технологиясы пайда болды. Intranet технологиясы Интернеттің принциптеріне негізделеді.

Intranet-тің интернеттен айырмашылығы ауқымды коммуникация технологиясы болып табылатын корпоративті коммуникацияларды басқару технологиясында, яғни интранеттің негізгі айырмашылығы – коммуникацияның ақпараттық деңгейінде болуы. Ал ақпараттық тұрғыдан коммуникация – бұл білімді беру және іздеу.

Intranet технологиясы дәстүрлі қағаз құжаттарын  — электрондық құжаттар мен файлдарға, хабарландыру тақтасын — Web-серверге, телефондық қоңыраулар мен жазбаларды – электрондық почта хаттарына, газеттік жаңалықтарды – телеконференция серверлерінің хаттарына айналдырды. Intranet корпоративті коммуникацияларды сенімді және ыңғайлы етіп, ал ақпаратқа енуін қарапайым және жедел етті.

Intranet бұл кәсіпорын қызметкерлеріне әртүрлі жаңалықтармен танысуға, анықтамалық ақпарат пен персональды e-mail-ға енуге, интерактивті сойлесуге мүмкіндік береді. Intranet — кәсіпорын үшін тек өздерінің қызметкерлеріне ғана ақпаратты көрсетуге қажетті тиімді құрал болып табылады.

Intranet-ті қолдану үлкен инвестициялық жобаларды басқарудың сапалы жаңа деңгейіне әкелуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның  интранет-технология базасында жобалық ақпараттық кеңістікті құру мен жүргізуі — өз кәсіпорынның инвестициялық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Intranet-жүйе әдетте кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің арасында маңызды, актуальды және жиі қолданылатын ақпаратты таратуға мүмкіндік беретін және сыртқы енуден жабық корпоративті веб-сайт түрінде көрінеді.

Intranet-жүйенің қарапайым веб-сайттан негізгі айырмашылығы – сайт  сыртқы орта (клиенттер, пресса және тағы басқа) қолдануы үшін арналса, ал Intranet – кәсіпорынның қызметкерлеріне қолданылуы үшін арналады.

Intranet жүйелер кәсіпорынның басқа да ақпараттық жүйелерімен интеграциясы мен функционалдылығын көтеру үшін ашық болып келеді.

Бұл қасиет кәсіпорынға Intranet-сайтты эволюциялық жолмен құруға және жүйені қажеттілік өлшемі бойынша дамытуға мүмкіндік береді.

Техникалық көзқарас жағынан intranet – бұл кәсіпорынның ішкі корпоративтік ақпаратты өңдеуде жүйелену, сақтау бойынша тапсырмаларды шешетін ішкі корпоративті web-портал. Intranet-сайтқа кіру – бұл тек қана локальды желі шеңберінде мүмкін болады. Intranet – технологиялардың пайдалы қасиеттері қарапайым схема, яғни қолданушының жұмыс орнында орнатылған қарау программасы (брaузер), ақпараттық концентратор ретінде болатын web-сервер және клиент пен web-сервер арасындағы өзара байланыс шеңберінде жүзеге асады.

Intranet-технология кәсіпорынның өзінің бөлек жеке қызметкерлеріне деген тәуелділігін төмендететін корпоративті база білімінде ұжымдық тәжірибені реттеуге мүмкіндік береді. Intranet-технологияның корпоративті мәдениетке әсері оның кез-келген ақпаратының автоматты түрде тіркелген кездегі ақпараттық қеңістігінің құрылуы болып табылады.

Қазіргі заманғы кәсіпорынның бизнесіне тікелей әсер ететін маңызды фактор – бұл интеграциялық интранет-технология – интранет негізінде құрылатын ақпараттық жүйенің жаңа желілік архитектурасы болып табылады. Интранеттің басты міндеті – кәсіпорынның біртұтас ақпараттық кеңістігін құру болып табылады.

Интранет-сайт кәсіпорынның ақпараттық инфрақұрылымын жүйелеуге және кәсіпорын қызметкерлеріне басқа да қызметкерлер мен басшылықпен ыңғайлық және тұрақты жұмыс уақытының үнемділігін танытатын әртүрлі ақпарат көздерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Менің  дипломдық  жұмысымның   тақырыбы  «Кәсіпорындағы Intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру»,- деп  аталады. Осы тақырыпты таңдауымның себебі: қазіргі заман қоғамының кез-келген саласында internet/intranet-технологиялары жиі қолдануда және электрондық құжат алмасу үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Интранет және Инертен технологиялары кобінесе бірдей технолгия әдістерін пайдаланады, интранеттің интернеттен айырмашылыгы тек корпоративті түрде қатынау жағдай жасалған.

Дипломдық  жұмысымның  мақсаты – Intranet-сайт құру барысында intranet-технологиялардың тиімді жолдарын қарастыру және қазіргі заманға сай жобалық әдістерді қолдану. Осы тақырыптар бойынша толық мәліметтер беріп, тақырыпты ашып көрсету.

Дипломдық жұмысымның міндеттері:

  • · Intranet-қосымшасының түсінігі мен маңызы
  • · Программалау тілдердің және құралдардың ерекшеліктері
  • · Intranet-қосымшаларын аналитикалық бағалау
  • · «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің  ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК-ның Intranet- порталын жасақтау.

Дипломдық жұмысымның өзектілігі – ақпараттық технологияларды еңгізу барысында копетеген кәсіпорындар қызметкерлерінің ақпаратпен жедел алмасу мүмкіндігін көздейді. Сондықтан, кәсіпорын бөлімшілерінің арасында ақпаратпен тиімді алмасу үшін және электронды құжат айналымды енгізу мақсатында кәсіпорынның Intranet-сайты (ішкі сайты) жұмыс жасауға тиісті.

Кәсіпорынға интранетті ендіру тәжірибесі бірнеше жылды алады. Қазіргі кездегі базалық интранет-жүйелерді, яғни ішкі Web-сервер, электрондық почта және  корпоративті мәліметтер базасына Web-интерфейсті ұйымдастыру кәсіпорын бизнесінің барлық салаларына түбегейлі өзгерістер енгізуге қабілетті болып келеді.

Intranet-ті қолданудың пайдасы:

— белгілі-бір жобалармен жұмыс жасағандағы жоғарғы өнімділігі;

— мәліметтерге оңай кіру;

— өзара әсерлесудің тиімді деңгейі, яғни өзара әсерлесудің бизнес-сызбаларын көлденең де, тігінен де өзгертуге болады;

— интранет ресурстарындағы мәліметтер лезде жариялануы – бұл желі және гипермедиа технологияларын қолданып қызметтік нұсқауларды, ішкі ережелерді, стандарттарды, жаңалық жіберу қызметтерін алу;

— өмірге жалпы корпоративті мәдениетті енгізуге мүмкіндік береді.

Intranet-тегі веб-сайт артықшылықтары:

— қолданушының компьтерінде клиент программаларын орнатудың талап етілмеуі (оның орнына браузер қолданылады). Сәйкесінше корпоративті ақпараттық жүйе функционалдылығының өзгеруі кезінде клиенттік программалық жабдықтаудың жаңаруы да талап етілмеуі;

— электрондық почта бойынша мәліметтермен алмасудың орнына вэб-форманы қолдану арқасында әртүрлі мәліметтерді енгізудегі уақыттың қысқаруы;

— Microsoft Windows, Mac және GNU/Linux/*NIX-де стандартты браузердің болуы.

Intranet-тің кемшіліктері:

— желі хакерлердің мақсатында қолданылып, бұзылуы мүмкін;

— тексерілмеген және анық емес ақпараттың интернетте жариялануы – белгілі-бір қолайсыз мәселелерге әкелуі мүмкін;

— интерактивті бос кеңістікте – жағымсыз және заңсыз материалдар таралуы мүмкін;

— интранеттің тиімділігі және жұмысқа қабілеттілігі өңдеу жұмысына және әкімшілік жұмысына кететін шығындарды қажет етеді.

Intranet-сайт интранет-технологиялар негізіндегі ішкі корпоративті ақпараттық жүйе болып табылады. Кәсіпорындағы интранет-сайтты жобалау және құру мақсаты – бұл кәсіпорын ішіндегі құжаттар мен қосымшаларға тез енуін ұйымдастыру, корпоративті ақпаратты құрылымдау, кәсіпорын ақпараттарымен жұмыс жасау және кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көтеру.

Intranet-сайт кәсіпорын қызметкерлеріне ұжымдық жұмыстың тиімді процесін ұйымдастыруға, кәсіпорын ішіндегі маңызды жағдайлар туралы ақпараттарды алуға және қажетті корпоративті ақпаратты тиімді түрде іздеп, қолдануға мүмкіндік береді.

Intranet-сайтпен жұмыс жасау негізінде интранет-технологияларды қолдану кәсіпорын қызметкерлерінің жаңа ақпараттық жүйе пайда болуының тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Intranet-сайт корпоративті қажеттіліктерге байланысты жаңа функционалды модульдермен кеңейтілген жүйе.

  Дипломдық жұмыс / 87 бет
Тағы рефераттар