Өткен замандардың композиторлары арасында Бах – ерекше құбылыс. Бұл суретші өзінің тереңдігімен және шығармашылық жолының кеңдігімен әлікүнге дейін таң қалдырады. Гендельдің құрдасы Бах, Гендель сияқты, өзінің заманының көрнекті жақтарын сипаттайды. Бірақ Гендель оның қаһармандығын, әрекеттігін суреттесе, Бах – оның бай, күрделі жағын ашады.

Бах үлкен тарихи кезеңнің  тәжірибесін қорытындылап, өзінің үлкен данышпандылығымен ілгері ұмтылған. Бахтың шығармашылық жорамалымен 19 және 20 ғғ. өнері байытылды.

Бах философ – музыкант, ол адам болмысының ең терең, мәңгілікті сұрақтарын талқылаған: өмір мен өлім, адамның парызы мен мақсаты туралы.

Бах – лирик. Оның музыкасының әр жолы адам жүрегінің жылылығымен жазылған. Бахтың лирикалық толғауларының жұмсақтығы, әуезділігімен бірге сананың дисциплиналайтын құдыретті иелігі де сезіледі.

Бахтың көпқырлылығы тамсандырады. Оның өнері өткір драматизмді, және таза лириканы, үлкен халықтық массаның сезімін білдіруді және интимді исповедьті қамтиды. Ол ұлы мен қарапайым дегендерді бірдей білдіре білген. Бұл білікті музыкант бүкіл біліміне өзі еңбектеніп қол жеткізген. Ол ерте жетім қалып, өмірдің ащы – тұщысын көрді.

Композитор Арнштадта органдық шығармалар органдық шығармалар ғана емес, клавирлік музыкаға да көңәл аударған («Каприччио на отъезд возлюбленного брата». Бахтың данышпандығы ашылды – органист, орындаушы. Композиторлық таланты гүлденді. Мұнда ол ірі композициялы шедеврлерін жазды ( ре минорлы токатта мен фуга, ля минорлы прелюдия мен фуга, пассакалия) және және органдық миниатюраларын шығарды (хоралдық прелюдиялар) Органдық туындылар данышпан шығармашылығындағы бір бөлік қана болды, бұл жылдары клавирге де арнап жазды. Ол алғашқы рет клавирлік концерт жанрлына көңіл аударды. Бұны Бах итальяндық шеберлердің скрипкалық концерттерін клавирге (атап айтқанда Вивальдидің туындыларын) өңдеп іске асырды. Аса көп еңбегін ол діни кантаталарға енгізді.

Кетенде органның жоқтығынан, хор капелласының болмауынан органдық шығармалардың және діни кантаның жазуын тоқтатты. Онда композитор ең үздік клавирлік шығармаларын жазды (1т. «ХТК», «Хроматикалық фантазия мен фуга» француздық және ағылшындық сюиталар). Мұнда ол оркестрлік концерттерді, скрипка мен виолончельге арнап туындылар жазды.

Бахтың өмірінің соңғы кезеңі Лейпцигпен байланысты. Композитор қаланың музыкалық өмірінің басшысы, және кантор боп қызмет етті. Святой Фома шіркеуінің мектебінде жұмыс жасағасыноның шығармашылығында көбінесе діни вокалдық аспаптық шығармалар болды: діни кантаталар, ораториялар, пассиондар, си минорлы мессасы – бұл суретшінің шығармашылық жолының кульминациясын жасайды. Бұл кезеңде ол көп жылдар бойы жазып келген жанрлар мен формалрды шыңдады, «ХТК» — ның екінші томын жазды.

Композитор оның уақытында болған бүкіл жанрларды қамтыды, оларды өңдеп жасырылған мәнерлеу әдістерін тауып аша білді.

Бахтың өмірі мен шығармашылық жолы уақытында үшінші сословиенің көркем көзқарастарымен байланысты өнердегі жаңа идеалдар нығаюы жүріп жатты. Ақсүйектік өнердің шарттылығына, тым көркемпаздығына қарсы әрекет сияқты шыншылдық және қарапайымдылық культі пайда болды. 17 ғ. бойы неміс музыкасы біріншіден діни музыкасы ретінде дамыды. Діни тақырып неміс музыкасына дәстүрлі болды, және Бахтың шығармашылығында негізгі орында тұрды. Ол Бахта этикалық, талғамдық талдауға ие болды.

Бахтың шығармашылығында діни тақырып қана емес, ол тек қатал ғана емес, қарапайым, ақкөңіл әзілді бағалай білген, ол достар мен табиғатпен қарым – қатынастың бақытын білген – осының барлығы шығармашылық жолда сәулеленді.Бахтың дәстүрлік қасиеті оның көне хорлық музыканы жиі қолдануында олар музыканттың үлкен ойларына сәйкес келеді.Бірақ, Бах тек көне жанрлар мен формаларды өңдеп қоймай, сонымен қатар жаңа әндердің нақтылығы мен квадраттылығына сүйенген.

Бах музыкасында маңызы «пластты » протестандық хоралдар әуендері құрайды. Ол бұл әндерді өңдеп, күрделілендіріп, кейде оның алғашқы қаталдығын сақтайды. Бірақ әр уақытты оған, яғни протестандық хоралға болған экспрессиясын қайтарып отырған.Бах үшін хорал – халық ойларының тірі сақтаушылары болды.

Ұлы мелодист әрі полифонист, Бах гармония саласында да үлкен шебер. Онда күрделі аккордика өздік полифониялық линияларының өрімінен құралған. Бірақ Бах өзініңде гармониялық стилін шығарған: хроматика мен диатоника оның музыкасында тең дәрежеде көрінеді. Бірақ гармониялық ойдың ең батыл жаңалықтары тональдық дамудың логикасын өңдеуде жатыр. Фугада экспозициясында тоника мен доминантаны салыстыру, бұл музыкалық дамуға импульс береді, даму бөлімінде алысырақ сфераларға, субдоминанталық тональносттарға көшу – және соңында, яғни репризада негізгі тональность, тұрақ қайта оралады – бұл тональды ауытқуларды Бах реттеп тауып кейінгі ұрпаққа мұра етті. Нақты айтқанда олар жаңа музыканың маңызды формасы, сонатада дамыды.

Бах шығармалары аяқталған тұтастықпен, дамудың серпілісімен ерекшеленеді.

18 ғ. аяғына қарай Бахтың шығармашылығы ұмытыла бастады. 19ғ. ұлы музыканттың өнерін баяу, бірақ өзекті зерттеу басталды. И. Н. Форкель жазған композитордың алғашқы биографиясы ұлы шеберге көпшілік көңілін аударды. Жас Мендельсонның басқаруымен «Страсти по Матфею» шығармасының жазылғанынан 100 жыл өткесін, яғни 1829 ж. орындалғаны аса маңызды оқиға болып табылады. 1850 ж. пайда болған «Бах қоғамы» Бахтың қолжазбаларын жинап баспадан алғашқы жинақтарды шығара бастайды. Бұл жұмыс 1900 ж. ғана аяқталды.
Тағы рефераттар