1735 жылы басылып шығарылған Итальяндық концерт- бұл Бахтың клавирлік концерт жанрында жұмыс істеудің аяқталу кезеңі.

Клавирлік концерттің «атасы» және алғашқы үлгілерді жасаған композитор И. С. Бах еді.

Итальяндық скрипка мектебі бұл кезде өзінің гүлдену кезеңінде еді, зайырлы музыка жаңа формаларды жайды. Итальяндық шеберлердің қызметі Бахтың әртүрлі зайырлы музыка түрлерін дамыту ойын нығайтты.

Итальяндық жеке скрипка концерттері шеберлерінің тәжірибелерін қолданып, Бах әдістер қатарын алып қолданды. Фактураны жңілдету, полифониялық артықшылықтан босату, ұлттық- тұрмыстық музыканың элементтерін қосуда да итальяндық шеберлердің ықпалы сезіледі.

Бахтың көптеген клавесиндік концерттері- итальяндық  композиторлардың немесе өзінің скрипкаға арналған концерттердің ыңғайлаған түрі болатын.

Итальяндық концерт, жігерлі және ұзақ ізденістердің нәтижесі, Бахтың өзіндік жеке концерттің түрін көрсетеді; сонымен қатар бұл – жаңа пайда болған клавирлік концерт жанрының үлгісі. Жалпы концепция, композицияның  түпкі ойлары, образдың мазмұндылығы Итальяндық концерт жанрының мазмұны мен талаптарына сай болып қана қоймай, сонымен бірге оның жеке қасиеттері мен белгілерін анықтайды.

Итальяндық концертте композицияның үшбөлімдік цикл үлгісі тұрақтанады, әрбір бөлімнің міндеті мен қызметн анықталады. Бах тудырған форма концерттік планда жазылған циклдық композициялардың тұрақты тарихи дәстүрі болып қалды.

Өзінің екпінді динамикасымен, музыкалық бейнелердің демократизмімен итальяндық buffa операларының увертюраларымен және Доменико Скарлаттидің клавирлік шығармаларымен жанасады.

Итальяндық концерт басталатын алғашқы фразаларда жарқын мақсаттылықтың мінез- кейпі орнайды. Бұған үш бөлімнің қарама- қарсы ара қатысы бөгет жасамайды.

Allegro- бүкіл циклдың негізгі бөлімі. Ондағы жетекші ррөл бірінші темаға беріледі. Жігерлі, жайдары тема кейінгі қозғалысқа жігерлілікті хабарлайды.

Концерттің  Allegro’ сы, сонаталық сияқты, анық бөлінген үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі бүкіл тематикалық материалды көрсетеді. Екінші бөлімі- өңдеуші бөлім- ең көлемді және ең әсерлі.Концерттік музыка жанрында, әсіресе клавирлік, бұл- тематикалық өңдеудің жоғарғы өнерінің үлгіс. Үшінші бөлім- бұзылған симметрия мен тұрақтылықты қалпына келтіретін реприза (қайталау).

Сонымен қатар, концерттік экспозицияда тональдік контраст жоқ. Экспозицияның үш темасы жалпы жарқын тонуспен байланыстырылғанымен, олар мазмұнымен, фактуралық кейіппен өзгешеленеді. Екінші тема өзінің қызу қозғаласымен сонаталық  allegro’ дағы байланыстырушы темаға ұқсайды; үшінші тема өзінің ашық дыбыстауымен (бассыз) , мышықаттылығымен, өрнекті тімен қосымша темаға ұқсайды.

Allegro’ ның ортаңғы бөлімінде Бірінші бөлімнің барлық тематикалық материалы интенсивті өңдеуге тартылады; бар музыкалық негіз өңдеуге келеді. Оны лирикалық минорлық эпизоттар қоюландырады, ол қосымша партияны еске түсіреді. Реприза негізгі  теманың бастапқы баяндама мен тональнотіна оралып, қозғалысты тұйықтап, бірінші бөлімді логикалық аяқтайды.

Andante қиялшылықпен, лирикалық әсерлілікпен мелодияның еркін импровизациялық өрістеуімен, минорлық мәнерімен шеткі бөлімдердің әрекеттілігін қарама- қарсы қояды.

Andante’ ның контиленттілігі, мелодиялық желісінің саздылығы мен созыңқылығы, дамудың тәсілдері- варияциялау, мелодиялық желістің «шексіздікті» сездіруі- бұны Бахқа мәнерлі итальяндық скрипкалық музыка ойға салады.

Клавирлік әдебиетке әр қолдың белгілі функциясы ажыратылған гомофондық баяндама жаңа болып табылды. Мелодия аккомпонименттен жекешеленген, ол жоғарғы дауыста оң қолда жүреді- ортанғы және төменгі дауыстарды сол қол орындайды. Мелодия скрипкаға ғана емес, ағаш үрмелі аспапқа да ұқсайды, ал ортаңғы дауыстардың параллель жылжуы- бірқалыпты, дерлік жылжымайтын бас қолдаған аспапты ансамбльдің аккомпониментіне ұқсайды.

Финал- PrestoAndante’  ға қарама- қарсы болғанымен Allegro’ ға ұқсайды.                      Финалда үдемелі қозғалыс қалпына келеді. Көңілді энергия мен қуанышқа толы музыкалық бейнелерге көңіл бөлінеді.Финалда бұның бәрі Бірінші бөлімге қарағанда   әсерлірек және екпіндірірек көрсетілген, бұған полифониялық баяндау едәуір мүмкіндік туғызады. Концерттің үшінші бөлімі циклдың қорытынды бөлімі ретіндегі өзгешелік- қозғалыстың шоғырлануы мен динамиканың екпінділігінде.

Итальяндық концерттің концепциясы жеке концерт жанрына ғана әдетті болмайды. Итальяндық  концерт- циклдық шығарма, сюитадан ерекшеленеді және көп белгілерімен классикалық сонатаны болжап қояды.
Тағы рефераттар