Мысыр Мамлук мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстар тақырыбының ішінде дипломатиялық қарым-қатынастары өзіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл тақырыпта арнайы зерттеу жүргізген, жоғарыда аталған Әмин әл-Холидің «Силат бейна аннил уа әл-вулга» атты еңбегінде біршама зерттелген тақырыптардың бірі. Автор өз зерттеуінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстар тақырыбын  Әл-Мақризи, Әл-Омари, Әл-Қалқашанди, Ан-Нуайри сынды орта ғасыр араб авторларының деректеріне кеңінен сүйенген. Алайда, ол бұл тақырыпты жалпылама қарастырып, дипломатиялық елшіліктердің қатынау жылдары, оны бастап барған елшілердің есімдері, негізгі тапсырмалары мен апарған сыйлықтардың тізімін берумен шектелген. Ол өзінің зерттеуінде кеңінен пайдаланған деректер мен дерек көздеріне галдау жасамаған.

Қарастырып отырған тақырыпқа қатысты негізгі зерттеулердің бірі ретінде, кітаптың тарихнама тарауында карастырған С.Закировтың «Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом ХІІІ-ХV вв.» атты еңбегін атадық және оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін де атап өттік. Сонымен бірге, осы тарауда қарастырып отырган тақырыпқа арналған тұңғыш және бүгінгі күнге дейін жарияланған жалғыз зерттеу екенін тағы айта кеткен жөн.

Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тақырыбына жазылған арнайы зерттеуде автор бұл тақырыпты барынша ашуға тырысады жэне екі мемлекет арасындағы орын алған дипломатиялық елшіліктерді толығымен қамтиды. Алайда, зерттеуші Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық байланыстардың күшеюі мен әлсіреуінің негізгі кезеңдерін анықтамауға талпынбайды және оның себептерін ашып көрсетпеуі себепті бұл мәселе жан-жақты толық қамтылмаған.

Сұлтан аз-Заьир Байбарыс Берке-ханға 1262 жылы елшілікке Дешті-Қыпшақ елі мен оның тілін жақсы білетін мамлүк өмірі Күшбекті және Қыпшақ елінен жақында келген, Шариғат пен Ислам заңдарының білгірі Маджид ад-Дин мен Нафранды аттандырады. Сұлтан Байбарыс Берке-ханды бұл жолы да көпірлерге қарсы қасиетті «джихадқа» қатысуға шақырып хат жолдап, онда Мысырдағы ислам әскерлерінің күш-қуатын, оның этникалық құрамын сипаттап, Ислам әлеміндегі Мысыр сұлтанына бой ұсынатын патшаларды атап көрсетеді. Құлағудың жаулап алған жерлерінде мұсылмандарға қысымшылык пен зұлымдық көрсетіп жатқандығын, оның ісі Аллаға жеркенішті екенін және оған қарсы соғыспауға болмайтынын айта келе, Берке-хан әскерлерінің Мысырға келгенін, оларға үлкен сый-құрмет көрсетілгенін хабарлайды. Дешті елшілері Ордаға қайтарында сұлтан Аббас әулеті халифасының туыстарын елшілікке қосып сапарға аттандырады. Елшілермен жіберетін хатты жазу мэселесі бойынша үлкен жиын ұйымдастырып, оган Аббас әулетінің халифасы Әл-Хаким би-Амрилланы қатыстырып, елшілер сапарға аттанар алдында олармен бас қостырады. Бұл дерек екі билеуші арасындағы әскери-саяси жақындасудың діни жағының да аса күшті болғанын айқын көрсетеді.

Берке-хан сұлтан Байбарысқа жіберген елшілерімен бірге жолдаған хатында шүкіршілік пен мақтау, өзінің ризашылық сәлемін айтып, Құлағуға қарсы соғысқа әскери көмек сұрайды. Құлағу-ханның мұсылмандарға қарсы соғысы Шыңғыс-хан өсиет қылған «Ұлы Йаса» заңын бұзғандығы, деп жария етіп, оның күнәсі мен қылмысына қарсы Берке-хан өзінің төрт ағайынымен бірге Ислам орнату жолында барлык жақтан оған (яғни, Құлағу-ханға) қарсы соғысып жатқанын жеткізеді.

Халифа оларға лайық қымбат киімдерді сыйға тартып, сұлтан Байбарыс, Исламның киелі жерлері — Мекке, Медине және Құдыс мешіттерінің мінбелерінен сұлтанның есімінен кейін Берке-ханның есімі аталып дұға айтылсын, деген өмір жаздырады.

Берке-хан сұлтан Байбарысқа сол жылы елшілерін жіберіп, оны бастап келушілердің ішінде әмірлер — Арбұға, Артемір және Аунамаспен бірге Қайыр елшілігін бастап келген Шихаб ад-Дин Ғази болады.

Елшілер сұлтан Байбарысқа Берке-ханның хаты мен ауызша жолдауында Құлағу-ханның жеңілісіне ислам үмметінің қуанышын хабарлайды. Түркі-қыпшақ елі мен руларының Ислам дінін қабылдағанына қуанып, Ибн Шихаб ад-Дин сүлтанға Берке-ханның Құлағуға қарсы соғысының куәсі болғанын жеткізеді.

Сұлтан Байбарыс Берке-ханның елшілерін жылы қабылдап, оларга қымбат сыйлықтар тарту етеді. Халифа елшілерге Берке-ханга арнаган ауызша жолдауында Шариғат пен Алла жолындағы қасиетті «Джиьад» соғысы, Ислам дініндегі әділеттілік жайында және т.б. өсиеттерін айтып жеткізуді тапсырады.

Сол жылы сұлтан Байбарыстан Берке-ханға аттанған ел-шілікті бастап барғандар мамлүк өмірлері — Фарис ад-Дин Ақуш ас-Сауди әл-Асади және Аш-Шариф Имад ад-Дин Абд ар-Рахим әл-Хашими — Қайырға келген Берке-ханның елшілерімен бірге Сарайға аттанады. Берке-ханға жолдаған хатында сұлтан тағы да қасиетті «Джиьад» соғысы мен Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбардың жолына түсу, оған иман келтіріп, илану керектігі туралы және т.с.с. үгіт-насихатын айтады. Оған жіберген сыйлықтарының ішінде: Қасиетті Құранның «Осман нұсқасы», деп аталатын, қызыл атласпен капталып, ою-өрнектермен безендірілген нұсқасы; былғарымен астарланған қобдишаға салынған жэне оған піл сүйегі мен қара ағаштан жасалған, күміспен әшекейленген орындығы; кілемдер мен жайнамаздар; май шамдары; бір жираф; есектер; жүйрік араб түйелері; қымбат бағалы сыйлықтар; Александриялық киім-кешектер; қылыштар мен найзалар; садақтың жібек шектері; тұлпарлар, үзеңгілер мен ертоқымдар; үйретілген маймылдар; Африкадан әкелінген кара нәсілді құл қызметшілер; аспазшы құл әйелдер; жіберілген хайуандардың қараушылары және т.б. Яғни, Мысыр елінде бар ғажайып пен қызықты заттарды көптеп жібереді. Оларға арнайы үлкен кеме даярлап, оған саналуан түрлі қымбат сыйлықтар жинап, оларға көптеген теңіз әскери мәмлүктерін қосып, бір жыл мерзімге жабдықтап сапарга аттандырады. Бірақ, бұл елшіл ік Константинопольде ұзақ уақыт кідіріп қалады. Сол себепті, Қайыр мен Константинополь арасында саяси шиеленіс орын алады.

Сұлтан Байбарыстан Берке-ханға 1264 жылы елшілік жіберіліп, оны Шуджа ад-Дин ибн ад-Дайа әл-Хаджиб бастап барады. Онымен жолдаған хатында, Константинополь әміршісі Әл-Сакрисидің (араб деректерінде бұл есім Әл-Ашкари деп берілген. автор) сұлтан Байбарысты Қыпшақ елінің патшасы алдында араға түсуіне өтініш білдіруі себепті Берке-ханның Константинопольге қарсы шабуылдарын тоқтатуын сұрайды. Елшілікпен бірге Берке-ханга арнап «омра» (Кіші қажылық, автор) жасаған Құран аяттары мен Хадистер жазылған үш сәлде (омраға барғандағы киім автор), «Зәм-зәм» суы құйылған екі құмған, бальзам майы және т.б. діни мағынасы бар заттар жібереді.

Сұлтан Байбарыстан 1267 жылы Берке-ханның ағасының баласының баласы — Мүңкетемір-ханға елшілерін жіберіп, Берке-ханның қазасына байланысты көңіл айтып, Мүңкетемірдің таққа отыруына өз құттықтауы мен арнайы сыйлықтарын жібереді. Бүл елшілік Берке-хан қайтыс болған кезде, Қайырда сұлтан Байбарыстың алдында болған Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанады.

Мұңкетемір-ханнан сұлтан Байбарысқа 1271 жылы елшілік аттандырылып, олармен жолдаған хатында Мүңкетемір сұлтан жауларын өзінің жауы санайтынын және сұлтанды өте құрметтейтінін хабарлап, Құлағуға қарсы соғысуға әскери көмек сұрайды. Құлағудың қолындағы бүкіл мұсылман елдері сұлтандікі болуы қажет, деп жазады.

Сұлтан Байбарыстан Мұңкетемір-ханға 1272 жылы жіберілген елшілікті әмір Сайф аддин ас-Сауаби әл-Михмандар және Бадр ад-Дин ибн Азиз әл-Хаджиб бастап барады. Елшілік Қайырдан қайтқан Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанды. Елшілікпен бірге жолданған саяси хатында Құлағудың ұлы Абақаның әрекеттері мен оның жеңілісі туралы хабарлайды.

Мүңкетемірге арнайы кымбат сыйлықтар, оның өзі сұратқан дәрілер мен дэрілік шөптер жіберіледі.

Сарайда Мүңкетемір қайтыс болып, таққа Таданмүңке отырады.

Таданмүңке-хан сұлтан Қалауынға 1283 жылы жіберілген елшілікті Қыпшақ еліндегі ислам заңдарының білгірлері Маджид ад-Дин Ата мен Нур ад-Дин Ата бастап барады. Олармен бірге сұлтанға жолдаған хатында өзінің ислам дінін қабылдағаны мен такқа отырғанын хабарлап, жіберген елшілері қажылық жасап қайтуын өтінеді. Ауызша жолдауында Таданмүңке хан халифа мен сұлтанға өзінің елшілері арқылы екеуінің ортақ жауларына қарсы соғысатындығын жеткізуді тапсырады. Ханның сұрауы бойынша екі елші қажылық жасап қайтады.

Таданмүңке-ханнан сұлтан Қалауынға 1286 жылы жіберілген елшілерінің құрамына содан үш жыл алдындағы жіберілген елшілігіне қатысқан, сол келуінде сұлтан қаржысына Мысыр кереуенімен қажылыққа барған, ислам діні мен заңдарының білгірі Маджид ад-Дин Атаны жібереді. Сұлтан Қалауын қалағанның барлығын жауапсыз қалдырмайтындығын хабарлайды.

1304 жылы Тоқтай-ханнан сұлтан Қалауынның ұлы сұлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынға елшілік жіберіліп, оны әмір Қарақшы бастап барады. Елшілікпен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, жасөспірім мамлүктер мен құл әйелдерді қосып жібереді. Тоқтай-ханның бітіспес жауы Ғазан-ханға қарсы соғысқа аттануын сұрайды. Харбанды қаласын қоршауға алып, оның елін талқандап тастаудың қажеттілігін айтады.

Сұлтан Ан-Насир ибн Қалауын Тоқтай-ханға елшілері Бадр ад-Дин Икміш жэне Фахр ад-Дин аш-Шамсиді жібереді. Бұл елшілік Қыпшақ елінен келген елшілікпен бірге 1306 жылы Сарайға аттандырылып, сұлтан Ан-Насир оған өзінің жауабында Харбанды елімен бейбітшілік келісім орнатқандығын және оны бұзудың лайық емес екендігін хабарлайды.

Тоқтай-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1310 жылы жіберілген елшілікті Ала ад-Дин Али бастап барады. Сұлтан Ан-Насирдің сұлтан тағын қайтарып алуымен және Тоқтайдың қарсыластарын жеңуімен құттықтайды.

Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1314 жылы жіберілген елшілікті Берке-ханның балалары мен ұрпақтарынан, барлығы 174 адамнан құралған елшілікті Манғуш бастап барады. Бұл елшілік оның алдында Сарайға келген сұлтан Ан-Насирдің елшілігімен бірге аттандырылады. Сұлтанға жолдаған хатында сүйек жаңғыртып өзара құдаласуға ұйғарым жасалып, өзінің алдында болған Тоқтай-ханның қызына үйленуін ұсынады.

Сұлтан Ан-Насир Өзбек-ханға 1316 жылы елшілік жіберіп, оны елшілері Ала ад-Дин Айдоғды, Хусейн ибн Сары және Мысыр копты христиандарының патриархы бастап барады. Елшілік Өзбек-ханның елшілерімен бірге Қайырдан Сарайға сапарға шығып, өздерімен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде маталар, соғыс құрал-саймандарын, алтын үзеңгілер мен ертоқымдары бар жүйрік тұлпарлар, алтынмен безендендірілген мысыр қылыштарын апарады. Бұл елшілік 1314 жылгы елшілік алып келген қүдаласу жайындағы ұсыныс үлкен маңызға ие болып, оларға керемет қымбат сыйлықтар берілгеніне қарамастан, Сарай жағы қалыңмал мен құдаларды күту мерзіміне келгенде анық жауабын бермейді.

Өзбек-ханнан 1319 жылы сұлтан ан-Насирге жіберілген елшілерінің ішінде көптеген қариялар, жоғары мансапты дәулер, Өзбек-ханның имамы Бурхан ад-Дин, Сарай қаласының қадиі, қыз-ханзадалар жэне 150 ер азаматтар болады. Елшілікпен қосып 60 күл әйелдер мен үш мың мәмлүк сыйға жіберіледі.

Осы жылы Мысыр жеріне келін және онымен бірге қымбат сый, тартулар келіп жетеді. Келін мен елшілердің Қайырға келуіне байланысты ұйымдастырылған күтіп алу салтанаты мен жайылған дастархандарыныңбайлығы мен молдыгы сол заманғы орта ғасыр деректерінде ерекше сипатталған. Ол жайындагы деректердің хабарлауынша: «ол барлық замандар мен барлық жерлерде болған ең үлкен той-думандармен бәсекеге түсе алады». [4.69 бет].

1334 жылы Өзбек-хан сұлтан Ан-Насирге аттандырған елшілерімен бірге оған хат жолдап, онда Өзбек-ханның ағасының қызы, қыпшақ ханзадасы жайлы сұлтанға айып тақты. Хаттың мазмұны — Ан-Насирге қалындыққа жіберілген хан әулетінің тандаулы қыздарының бірін өзінің қажеттілігіне лайық болмаған жағдайда сұлтан оны, яғни ханзаданы алған жеріне қайтаруга міндетті екендігі айтылады.

Бұл хат және оған жауап жайындағы ресми деректер көмескі және ол туралы анық мағлұматтар келтірілмейді. Сол заманның бірқатар тарихшыларының хабарлауынша, екі мемлекеттің билеушілері арасында 1328 — 1336 жж. аралығында хат жазысу тоқтап қалған.

Сұлтан Ан-Насир Сарайға 1336 жылы жіберген елшілігі Сыр Тоқтақай жэне Хауаджа Омардың бастауымен Өзбек-ханға арнайы қымбат сыйлықтар жэне сол елден мамлүктер мен құл әйелдер сатып әкелу үшін 20 мың алтын динар ақшамен сапарға аттандырылады.

Өзбек-хан тарапынан Қайырға 1338 жылы жіберілген елшілікті Музаффар ад-Дин ат-Таджир бастап барып, елшілік өзімен бірге көптеген мамлүктер мен құл әйелдер алып келеді. Олардың біразы Орданың беделді екі әмір бекзадасынан, ал біразы өзінің елшісі Музаффар ад-Дин ат-Таджирден сұлтанға тарту етіледі.

Өзбек-ханнан сұлтан  Ан-Насирге 1338 жылы аттандырылған елшілік 1336 жылы Сарайға елші болып келген Сыр Тоқтақаймен бірге 153 адамнан тұратын елшілікпен бірге сапарга шығады. Сұлтан Ан-Насирдің қыздарының бірін Өзбек-ханға қалыңдыққа беруін сұрайды. Бірақ, Өзбек-ханның бұл сұрауына қайтарған жауабында сұлтан қыздарының әлі кішкентай, ең үлкенінің жасы алтыда болуы себепті ханның бұл сұрауын орындай алмайтынын және жасы кәмелетке жеткен соң жіберетіндігін хабарлайды.

1340 жылы сұлтан Ан-Насир Мұхаммад Ибн Қалауын қайтыс болады.

Жәнібек-хан сұлтан Ан-Насирдің таққа отырған баласы Хасан ибн ан-Насирге 1342 жылы әмір Қара-Бахадур бастаған елшілігін аттандырып, онымен бірге сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде, алты сұңқар, аңшы құстар, мамлүктер, түркі әйел құлдар және бұлыңғыр терілері жіберіледі.

Сонымен, ХІІІ-ХV ғасырларға жататын аутентивті араб жазба деректері Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы келтірген мағлұматтардың негізінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстардың ең дамыған кезендерін анықтадық. Олардың ішінде сұлтан Байбарыстың билік еткен кезін, нақтырақ айтсақ 1261-1277 жж. аралығын ерекше атауға болады. Өйткені, бұл кезең екі мемлекет арасындағы әскери-саяси байланыстар мен дипломатиялық қарым-қатынастардың негізі қалануымен қоса, саяси жақындасудың ең жоғары деңгейіне, яғни сұлтан Байбарыстың Берке-ханның қызына үйленуі арқылы саяси құдаласуды жүзеге асырды. Сөйтіп, Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстардың ең күшейген кезінің алғашқысы, әрі ең мықтысы Мысырда сұлтан Байбарыстың, ал Дешті-Қыпшақта Берке-хан және одан кейін билікке келген Тоқта-хан биліктері кезеңін жатқызуға болады. Сонымен қоса, бұл кезендегі екі мемлекет арасындағы жақындасуда белгілі жағдайда діни фактордың әсерінің күшті болғанын ерекше айту керек.

Дипломатиялық байланыстар 1279-1290 жж. аралығында билік еткен сұлтан Қалауынның кезінде де мықты болды. Сұлтан Қалауын ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да сұлтан Байбарыстың салып кеткен жолын берік ұстанды және Дешті-Қыпшақпен байланыстарын одан әрі нығайтуга атсалысты. Алайда, оның кезінде бұл қатынастарда елеулі ерекшеліктер байқалмады.

Мәмлүк    мемлекеті    мен    Дешті-Қыпшақ    арасындағы дипломатиялық байланыстардың жаңа карқынмен күшею кезеңі Мысырда билікке сүлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынның келуімен байланысты болды. 1293-1341 жж. аралыгында Мысыр тағына үш мәрте келіп, барлығы 41 жыл билікте болған сұлтан Ан-Насир Мухаммадтың Дешті-Қыпшақпен байланыстары ерекше орынға ие. Ол Дешті-Қыпшақ ханы Өзбек-ханның билігі кезінде онымен ерекше тығыз қарым-қатынастар жасасты. Бір жағынан, аталған екі билеуші кезінде екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастардың ең бір күшейген кезі болуымен қатар, бұл кезеңде бірқатар жағымсыз мәселелерге қатысты бір-біріне сын мен айып таққан фактілер болғаны да белгілі. Атап айтсақ, 1321 жылы Мысыр сұлтаны Ан-Насирге Өзбек-хан оның Елхан мемлекетіне қатысты әскери позициясы туралы ащы сын айтса, ал 1334 жылы сұлтанға қалыңдыққа жіберілген хан тұқымының ханзадасы туралы тағы айып тағылады. Алайда, бұл жағдайлар екі мемлекет пен олардың басшылары арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай кері әсерін тигізбегенге ұқсайды. Себебі, екеуінің арасындағы дипломатиялық байланыстар үзілмейді және үлкен саяси мәселелерге қатысты қайшылықтар тудырмайды. Дегенмен, екі билеуші арасында жоғарыда атап өткен мәселелердің орын алуына қарамастан, сұлтан Ан-Насир мен Өзбек-ханның биліктері тұсында екі мемлекет арасындағы саяси байланыстар өте күшті болды жэне дипломатиялық елшіліктер жиі қатынауымен қоса, олардың алдына қойылған мәселелер де аса маңызды болды.
Тағы рефераттар