Қала экологиясы туралы қазақша реферат

Қалалардың тұрмысқа, тіршілікке қолайлы болуын сақтау үшін оның суын, ауасын, топырағын, жасыл желегін табиғи қалпынан өзгертпей ұстау жеткіліксіз. Әсіресе қанатын кеңге жайып қарыщтап, дамып бара жатқан қалалар үшін оның қоршаған ортамен үйлесімділігі бас шарт. Қала орталықтарында жасанды көлдер, бассейндер,фонтандар жасау да ауаның қалыпты болуыны жағдай жасайды. Ауаның ластануын азайту мақсатында және транспорт тасқынын шектеу мүддесіне үлкен қалаларда газдану мен шуды азйту үшін орағытып өтетін жолдр салынуда. Қоршаған ортаны қорғауға үкімет соңғы жылдары қаржы бөлуді күрт өсірді. Ал оны тиімді әрі үтымды пайдалану жергілікті әкімшіліктің іскерлігі мен жауапкершілігі ғана байланысты болмақ.

Үзақ жылдар бойғы қала салу ісіндегі жіберілген қателер, дүрыс жоспарламау Қазақстанның өнеркәсіпті қалаларын экологиялық апатқа үшыратып отыр

Табиғат қорғау объектілерінің қүрылысына бөлініп отырған қаржының жеткіліксіздігіне орай табиғат қорларын игеру және өндірістік қуаттарды арттыру Ақтөбе облысында барынша қиын жағдайды қалыптастырады, оны жақсарту үшін төтенше шараларды қолдануды қажет етті.

Түтас облыс бойынша әр түрлі мақсатқа өзендердегі жылдық су қорының 11 проценті жүмсалды. Жер бетінде пайда болған ағынды сулар негізінен тазарту орындарына, сүзгіден өткізу қондырғыларына бағышталады, буландырады. Облыста жалпы қуаты 64,9 млн. текше метрлік 59 тазарту қүбыплары бар, оларға 2005 жылы 44,3 текше метр ағынды су жіберілді.

Жер асты суларының, сол арқылы жер бетіндегі судың ластануы негізінен өнеркәсіп өнімдері қалдықтарынан топырақ қабатты арқылы өтуі, булануы салдарынан болады. Бүрын өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру жөніндегі қүрылыстар сүзгісіз салынған болатын.

Су қорларының көзіне жүргізілген тексеру көрсеткеніндей Елек өзенінің жер асты және ағынды сулары 6 валентті хроммен және бормен ластанған. Бүлар негізінен хром қосындылары заводының өнеркәсіп алаңы, осы заводтың өнеркәсіп қалдықтары тасталатын орны, сондай — ақ жылу -электр орталығының гидролологиялық күлі арқылы ластануда. Хром қосындылары заводының қалдықтары тасталатын тоғаннан аққан су солтүстікке және шығысқа қарай жылжып баралы. Мүның өзі Елек өзенінің 3 километрге жуық бойында судың хроммен бүлінуіне әкеліп соқтыруда.

Ақтөбе химия заводы экологиялық жағдайды қатты бүлдіруде. Өнеркәсіп өнімінің қалдықтары сақталатын төңіректе жер астындағы судың бормен бүлінуі жиіледі. Қазір мүндай көлемдегі жер 13,7 шаршы километрге жетті. Ол тәулігіне 1 метр шапшаңдықпен кеңейіп отырады. Ақтөбе қаласындағы көптеген су көздері де ластанды. Ақтөбе су қоймасында балық шаруашылығы үшін белгіленге қалыпқа қарағанда бор ерітіндісі 20 есе асып түсті.

Біз мынаны айтуымызға тиістіміз. Гидрометеоорталықтың өлшемі бойынша Ақтөбе қаласында жауын — шашын жиі болғанына қараастан, ауаының тазалығы көңілдегідей емес. Қала атмосферасында шаңның үсталуы норма шеңберінде болса да, азот диоксидінің тәуліктік орташа қүрылуы 1,25 есеге, формальдигид 4 есе асып кетті.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда атмосферадағы қалдықтарды шығару көлемі 500 тоннағаүлғайды. Биылғы жыл басында облыста 1 млрд. 0,44 млн тоннадан астам қалдық жинақталды. Бүлардың 70 пайызы дерлік бүрынғы Кемпірсай кен басқармасы (205 млн.т ) мен дөң тау кен байыту комбинатының (794 млн.63000 тонна ) аршыған қабаттары. Жарты жыл ішінде 9,3 млн. тонна тоннадай қосылды. АЗФ пен АЗХС — те қажетсіз 188270 тонна қалдықтар — облыс бойыынша барлық әлемнің 2 пайызы жинақталады.

Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда тексеру кем болды, тәртіп бүзушылықты анықтаудың мысалдары 520 — ға кеміді. Сөйтсе де өндірілген айыппүл 264,7 мың теңгеге артты, табиғатқа зиян келтіргені үшін 13 млн.346 мың теңгеге талап -арыз артық берілді және 14млн. 301000 теңге артық өндіріді.

Бүл нені көрсетеді? Біріншеден, мемлекеттік экологиялық бақылау деңгейі күшейгендігінен. Екіншіден, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға өз өндірісі келтірер зиянды дүрыс болмауынан, қателіктерге жеткілікті талдау жасамауынан. Мысалы, берілген 15 талап — арыздың екеуі табиғи ортаны нормадан тыс ластағаны үшін болды. Табиғат қорғау заңдылықтарын бүзушыларға наразылықтың 19 оқиғасы сот арқылы қанағаттанлырылды, себебі өндірістер басшылығы үйғарымдарын орындауға мән бермеді. Олардың ішінде » Дөң тау кен байыту комбинаты» ААҚ, » Ремпуть» ААҚ, Шалқар станциясындағы жөндеу локомотив депосы, » Ақтөбемүнайгаз » ААҚ, «Қазторчермет» ААҚ, «Маерск Ойыл Қазақстан ГмбХ» компаниясы бар.

Жекеген кәсіпорындар қызметкерлері заңды айналып өтіп, экологияға қаржыны үнемдеу ниетін көздейді. АЗФ- тың ауа қорғау қызметін мемлекеттік инспекторлар тексергенде алғашқы есеп қүжаттарында шыққан газ бен ондағы шаң қүрамасын кемітіп жазуды анықтады, бүл дегенің — қала атмосферасына шығатын қалдықтарды кемітіп көрсету. №1 цехтың барлық жеті пешінде нормадан артық шаң қалдықтары тіркелді. Қалдықтар жайында дәйексіз ақпарат бергені, газ тазарту қондырғысы жүмысының тиімділігіне бақылау жасамағаны, оны пайдалану ережесін бүзғаны үшін лауазымды 4 қызметкрдің әрқайсысына 13 мыңтеңгеден айыппүл салынды.

Бізде бүл талапты орындауға жеткілікті мән берілмей жатады. Мысалы, Октябрьмүнай мүнайгаз бүрғылау басқармасында Жаңажол кен орнының жобасы бойынша барлық өндірілген газ Жаңажол кен орнының жобасы бойынша барлық өндірілген газ Жаңажол газ өңдеу зауытына жөнетілуі қажет. Бүл — жоба бйынша, ал негізінен 500 млн. текше метрдей газ кеніш алауларында қүр жанып түр. Сонымен бірге газ өңдеу зауытында күкірт қышқылынан тазартылмаған газ жануда,яғни «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңды бүрмалашылыққа жол беріліп отыр. Өткен жартыжылдықта зауытқа 104640 теңге мәлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы СНПС — Ақрөбемүнайгаз ААҚ облыста табиғи ортаны ластаушылардың алғашқы бестігі кіреді.

Бірінші жартыжылдыкта табиғи ортаға айтарлықтай зиян келтірілген үш апат оқиғасы орын алды. Ақбүлақ ААҚ — нда 1972 жылы салынған №11 канал насос станциясының темір бетон қүбырлары істен шығуы салдарынан 120 мың текше метр тазартылмаған шайынды су Жіңішке өзенінің арнасына қүйылды. Теміржолда Қандыағаш станциясында цистерналар түйісуінен бензин жерге төгілді. Бүл Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің қыруар сомада айыппүл төлеуіне әкеліп соқтырды. «СНПС — Ақтөбемүнайгаз» ААҚ- ның мүнаймен жабдықтау басқармасында цистернаның тығындау жабдықтарындағы ақаулар үлкен шығынға әкеліп соқтырды.

Экологиялық сипаттағы мәселелер табиғат қорғау аумағында ғана емес, облыстың атқарушы және қүқықтық органдарының назарына да болып келеді. Облыстың мәслихеттың аграрлық мәселелер және экология жөніндегі түрақты комиссиясының мәжілісінде бірқатар ірі өндірістердетабиғат қорғау заңдылықтарының орындалуы қаралды. Облыстық прокуратурның және көліктегі Батыс аймақтық прокуратурасының алқа мәжілістерінде де бүл мәселе күн тәртібінде қойылды.

Қала халқы күн санап өсіп келуде. Статистикалық мәліметтер бойынша қалада 260 мың адам түрады. Бүл тек тізімде барлары ғана, ал тіркелмегендерді қосқанда 300 мыңнан асып кеткені анық. Халыққа тәулігіне 160-180 мың текше метр су қажет, ал «Ақбүлақ» тәулігіне 100-110 мың текше метр ғана су бере алады. Қазіргі таңда қалаға ауыз су бес жер асты қүдықтарынан келеді. Онда барлығы 82-ге жуық скважина жүмыс жасайды. Олардың өзі көнерген, өнім беру көрсеткіші томен. Әрі олардың жаңасының өзі осыдан жиырма жыл бүрынғы қала халқының санынан сәйкестендіріп жасалған. Ауыз судың халыққа жетіспеуінің басты себебі болса керек.

«Ақбүлақ» АҚ-ның маркетинг бойынша тете-президенті Серік Ахметовтың айтуынша, түрғындарға күніне 50-60 мың текше метр ауыз су жетіспейді. Бүл проблеманы шешу үшін жаңа су көздерін табу қажет. Ал, ол үшін ең бастысы қаржы керек.

Жаңадан су көздерін тауып іске қоспай, қаланы ауыз сумен толығымен қамту мүмкін емес. Қазір бізде тек қүндақтыр Жер асты қүдығы ғана жақсы жүмыс істеп түр. Оның өзінде 22 скважина бар болғанымен, 16-сы ғана жүмыс жасайды. Қалған алтауын жөндеп іске қосу үшін әрқайсысына 10 млн. теңгеден астам ақша қажет. Қазір тек соның екеуін жүмысқа қосу жүмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қолда бар скважиналардвң қалыпты жүмыс істеуі үшін екінші магистральді су қүбырын салу керек. Оған 3 млрд. теңге қажет. Ал бізде ондай ақша жоқ. Өз бетімізше қаржы табу көздерін қарастырып жатырмыз. Қаланың бас жобасына сәйкес жаңадан салынып жатқан қүрылыстарды сумен қамтамасыз ету қиын. Біз солармен келісімшартқа отыратын боламыз. Жаңа обьектілерге су өткізіп береміз, олар үшін бізге ақша төлейді. Онсыз да аз су шүрық-тесік түрбалардан ағып баратын жеріне дейін жартысы жетеді. Судың қалыпты берілуі үшін жылына кем дкгенде 30-40 шақырым су қүбырларын жөндеуден өткізу керек. Ал, бізде жылына тек 3-4 шақырым қүбыр ғана жөнделеді. Барлық су қүбырларын ауыстыруға 19 млрд. теңге қажет. Біздің канализация жүйесі де көнерген. Қалада 365 км канализация болса, оның 60-70%-ы шіріген. Бүл да өздігінен шешілмейтін мәселе.

Судың жетіспеушілігінің тағы да бір себебі оның мақсатты пайдаланбауында. Түрлі өндірістер мен мекемелер ауыз суды басқа мақсатта пайдаланады. Мысалы, бір ғана жылу электр орталығының (ТЭЦ-тің) өзі халық ішетін судың 30%-ын пайдаланады екен. Өндіріс орындары негізінен техникалық су шығаратын қүбырлар ауадай қажет.

Соңғы кезде қалада көлік жуатын орындар қаптап кетті. Олар да ауыз суды оңды-солды пайдаланады. Серік Ахметовтың айтуынша бүлар өздеріне арнаиы скважина қазып алулары қажет.

Су туралы кодексте ауыз суды өндіріске және басқа да мақсатқа пайдалануға болмайды. Қалада 45 көлік жуатын орын бар. Қазір олардың сегізін жаптық, жиырмасы өз скважиналарын қазып алды, ал үшеуінде қайта өңдеу жүйесі бар. Қалғандарына осы мәселені шешуге уақыт бердік. Сондай-ақ халық ішетін суды арақ зауыттары да пайдаланып келеді. Осындай өндіріс орындары ауыз суды пайдаланбай, мәселелерін өз беттерімен шешіп, жатса су халыққа жетіп қалар еді.

Қала маңында салынып жатқан үйлер ауыз су мәселесін өз беттерімен шешіп жатқан секілді. Үйдің жанынан қазылған қүдықтың суы ішуге жарамды жарамсызын санэпидемиологиялық орталық тексеріп отырады. Кейбір түрғындар тексерусіз-ақ өз қүдықтарынан су ішіп жатыр. Қаланың әр бөлігінде шығатын судың сапасы әртүрлі.

Ауыз судың тағы бір бөлігі қаланы көгалдандыруға және саяжайларды суаруға кетеді екен. Бүл жөнінде Серік Ахметов былай дейді «Біз келесі жылдан бастап көгалдарды суару үшін ауыз суды пайдалануға рүқсат бермейміз, ал биыл олар арнайы жүйемен жүмыс жасап отыр. Қай аумақтың қашан көгал немесе бау- бақша суаруға болатыны туралы арнайы жоспар қүрдық. Мысалы, кешкі тоғыздан таңғы алтыға дейін ғана көгалды суаруға болады. Күндіз пайдалануға тиым салынған. Болашаққа бүлар да өз бетімен су табу жолдарын қарастырулары керек».

Соңғы үш жылдан бері су бағасы өспепті. Қалада ауыз суды пайдаланушылар 25 класқа бөлінгендіктен олардың суға төлейтін ақшалары да әртүрлі. Қазіргі жағдай мен жылдық инфляция тоғыз пайыз болатын түрі бар. Барлығы қымбаттап жатыр. Ал су бағасы сол қалпында. Серік Ахметовтың айтуынша, биыл баға өспейді. Бірақ алдағы жылы қымбаттауы мүмкін.

Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 26 ескертпе жасалып, 24,3 млн. теңгеге айыппүл салынды. Атап айтсақ ең көп мөлшерлі айыппүл АҚ «Ақтөбемүнайсервиске» -1,4 млн. тенге, ал Жаңажол газ үқсату заводына жер заңын сақтамағаны үшін үш рет ескерту беріліп, ауаны қорғауды және жер заңын бұзғаны үшін 11,3 млн. теңге айып салынды. Ал ААҚ АЗХС-ға Елек өзенін алты валентті хроммен шектеулі мөлшерден тыс ластандырғаны үшін 7,6 млн. теңге айыппүл салынып, ол түгелімен өндірілді.


Тағы рефераттар