Калькуляциялау түсінігі туралы қазақша реферат

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.[5]

Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.

Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.

Жоспарлы калькуляцияның бір түрі — сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.

Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында — төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында — төмен.

Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы — техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.[3]

Жобалық (проектные) калькуляция — келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.[6]

Шамаланған (провизорная) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің өзідік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда немесе стандарттарда және заттай бейнелейтін өнім өндіру жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.

Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.

Заттай (натуралды) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б.) сәйкес келеді.

Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның гектолитрі, ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйымдардың текше метрлері және т.б.) өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды) қолданылады.

Шартты-заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін.

Құндық бірліктер – көтерме бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.

Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады.

Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте қолданылады.

Техникалық-экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру үшін қолданылады.

Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.

Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шығындар есебі, калькуляциялаудың алғышарты болып табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белгілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірісті басқаруда объективті қажетті процесс болып шығатын өнімнің өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.

Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты – өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірістік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау үшін қажет еді. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайтын.

Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:

  • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • шығарылатын өнім ассортиментін оңтайландыру;
  • жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқуы себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процестерді және т.б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады.

Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.

Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.

Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.

Сондықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын ғана емес, тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері болып табылады
Тағы рефераттар