Канаданың халқы мен ұлттық құрамы туралы қазақша реферат

Халқы. Канада халқының саны 32,2 млн адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр шаршы километрге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша әркелкі орналасқан. Табиғат жағдайлары өте қолайлы оңтүстік-шығыста 1 км2-ге 100 адамнан асады. Жалпы, Канада халкының 2/3 бөлігі елдің АҚШ-пен шекаралас оңтүстігіндегі ені 150 км-лік алапта тұрады. Елдің солтүстігінде 20—25 км2 аумақка 1 тұрғыннан ғана келеді, ал Канада Арктикалық, топаралына енетін аралдардың көпшілігшде адам қоныстанбаған.

Елдің байырғы халықтары — эскимостар мен үндістер. Эскимостар қиыр солтүстікте кішігірім топтарға бірігіп, өмір сүреді. Олардың негізгі кәсібі балық және аң аулаумен байланысты. Қазіргі кезде Канадада үндістердің 600-ге жуық тайпалары мекендейді, олардың ел халқындағы үлес салмағы 4% ғана.

Канада атауы үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді. Шындығында да, Канада Жер шарының әр түкпірінен келген көптеген ұлт өкілдерінің атамекеніне айналған. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Ағылшын және француз тілдері елдегі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан «Ағылшын Канадасы» және «Француз Канадасы» деген ұғым бар. XIX ғасырдың соңында Канадаға украиндар келе бастады. Олардың негізгі шоғырланған жерлері — Альберта, Саскачеван, Манитоба провинциялары [16].

Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады. Канадаға XIX ғасырдың соңында келген 30 мыңдай орыстар, негізінен, қиыр батыстағы кішігірім қалашықтарда қоныстанған. Азиялықтардан қытайлар, жапондар, үнділер мен арабтар тұрады.

Діни нанымы бойынша халықтың басым көпіпілігін христиан дініндегілер (католиктер — 46%, протестанттар — 41%, православие дініндегілер 2%) құрайды. Сонымен қатар мұсылмандар, иудейлер, буддизм мен дәстүрлі діндердің өкілдері бар.

2003 жылы Канадада туу коэффициенті 11°/00> ал өлім коэффициенті 7 °/00 болды. Табиғи өсудің орташа жылдық көрсеткіші 4°/00-ні кұрайды. Сәбилер өлімі 1000 адамға шаққанда 5,1, бұл дүние жүзі бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі (Қазақстанда — 15, Мозамбикте — 134). Канадаға халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі тән, яғни туу көрсеткіші мен табиғи өсуі өте төмен. Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы 80 жас, бұл көрсеткіш бойынша Канада дүние жүзінде алдыңғы орын алады. Канада халқының өмір жасының ұзақ болуын медициналық жәрдемнің тегін болуымен, жалпы тұрмыс жағдайының жоғарылығымен түсіндіруге болады [10,12].

Канада халкының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады, урбандалу деңгейі — 76 %. Ауыл халқына бытыраңқы түрдегі (фермерлік қоныстар) қоныстану тән. Канада қалаларына тән басты белгі — көгалдар мен саябақтардың көптігі. Елдегі ең ірі қалалар — Торонто, Монреалъ, Ванкувер. Жалпы, Канадада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 1/5-ін беретін Торонто қаласы елдің қаржы орталығы болып та есептеледі. Осындағы Бейстрит көшесінің бойында елдегі аса ірі банктер мен қаржы ұйымдары орналасқан. Негізінен, әр түрлі кеңселер мен ұйымдар орналасқан биік ғимараттар бой түзеген қаланың іскер орталығында тұрғын үйлер өте аз. Торонто маңындағы бес серіктес қаламен бірігіп, 4 млн-нан аса халқы бар Үлкен Торонто агломерациясын кұрайды.

Монреаль қаласы 1642 жылы Әулие Лаврентий өзенінің сол жақ жағалауындағы Монт-Ройяль төбесінің етегінде бой кетерді. Қала аумағы бірнеше террасаларда орналасқан. Монреальда көптеген шіркеулер, олардың ең ежелгісі — Париждегі Құдай ана соборының кішірейтілген көшірмесі іспеттес Нотр-Дам. Қалада бірнеше университеттер, киностудиялар мен кітапханалар орналасқан. Монреаль маңындагы кішігірім қалалармен бірге Монреаль агломерациясын кұрайды. Мұнда 3 млн-нан артық халық тұрады [1,6].

Батыстағы Фрейзер өзенінің сағасында тұрған Ванкувер қаласы жан-жағынан таулармен қоршалған. Қала орналасқан жер елдегі климаты ең жұмсак, жер болып табылады. Қала тұрғындарының жылына 9—10 ай бойы мұхитта суға шомылып немесе тауларда шаңғы тебуіне мүмкіндік бар. Ванкувер бір-біріне ұқсамайтын бірнеше бөліктен тұрады: биік гимараттар орналасқан іскер аудан, өнеркәсіпті-портты аудан, тұрғын аудан және оқшау орналасқан қытай кварталы, Ванкувер агломерациясында 2 млн-ға жуық халық тұрады.

Басқа елдерден келгендер аумағы орасан зор Канада жерінің мамыра-жай тұрмыс-тіршілігіне таңқалады. БҰҰ-ның дүние жүзі елдері халқының тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне арналған баяндамасында Канада тұрғын халқының тұрмыс жағдайы ең жоғары ел деп танылған. Жалпы алғанда, БҰҰ кез келген елдегі тұрмыс деңгейіне баға беруде мына меселелерді ескереді: тұрғын халықтың материалдық жағдайы, экология, мәдениет пен өнер, білім жүйесінің жай-күйі, қылмыс деңгейі және т.б. Аталған көрсеткіштер бойынша, XX ғасырдың соңына қарай Канаданың Ванкувер және Торонто қалалары әлемдегі тіршілік деңгейі өте жоғары қалалар қатарына енді. Канаданың жоғары білім беру жүйесі дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады: кез келген елде Канада университетінің дипломы америкалық, англиялық немесе аустралиялық дипломнан кем бағаланбайды.

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру дәрежесінің өте жоғары деңгейде болуы, білім беру сапасының жоғарылығы, ақысыз медицина және т.б. қолайлы жардайлар дүние жүзінің әр түкпірінен Канадаға қоныс аударушылар санын көбейтіп отыр. Соңғы жылдары бұл елге, негізінен, ғылыми және техникалық мамандану дәрежесі өте жоғары иммигранттар ғана кабылданады. Сонымен қатар өз елін әр түрлі себептерге (соғыс, саяси және діни сөнімі үшін қуғындау, т.б.) байланысты тастап шығып, Канаданы паналаған босқындар саны қазіргі кезде 1 млн-ға жетіп отыр.
Тағы рефераттар