Қарлұқ қағанаты туралы қазақша реферат

I.  Өмір сүрген уақыты:766-940 жж.

II. Территориялық аймағы:  Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. Қарлұқтардың шағын тобы Хангай ауданында мекендеген.

III. Орталығы:

а) Испиджаб қаласы

б) Екінші астанасы Баласағұн

IV. Тайпалары: көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар, сондай-ақ түркіленген соғдылар.

V. Деректер: а) Жазба деректерде қарлұқтар туралы алғаш хабарлар “Суй əулетінің тарихында” (581-618жж) кездеседі жəне                           мұның өзі V-ғасырдың орта шеніне қатысты.  

б) Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін 30 күн жолжүру керек».

               в) Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды.

VI. Сыртқы саясаты:

а) Қарлұқтар өздерінің тəуелсіздігі үшін 711-712 жж. Шығыс Түрік қағанатына қарсы көтерілді.

б) Қарлұқ жабғуларының дербес ел болуға ұмтылуының нəтижесінде олар Екінші Шығыс Түрік қағанатының орнына 745 жылы орнаған Ұйғыр қағанатынан бөлініп шықты. 

в) 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің əскерлерін талқандады.

г) 812 жылы ұйғырлар қарлұқтарды толық жеңіп, олар Ферғана, Сырдарияға дейін келді.

ж) Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар  940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

VII. Діни наным-сенімдері:  Қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған.
Тағы рефераттар