Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген. Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.

Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.

Қартаю бұл – адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.

Қарт адамдардың ауру деңгейі , жастарға қарағанда 6 есе жоғары.

Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады [19].

Қоғамның қартаюға қатынасының негізгі екі дәстүрі бар. Біріншісі, 30 мың жылдай есептеледі – автор оны Көне Египеттің дәстүрі деп атайды. Қартаю «басқа адамдардың ішінде ең сыйлысы», «қарт адам құдайға жақын жалғыз адам», «қарттық – бақытты және бүлкіші шақ» және тағы басқа.

Екінші дәстүрлі 3 мың жылдан есепетеледі – автор оны Спартандық дәстүр деп атайды. Спартада «Кәрі болғанша, үйсіз  ит болғаным жақсы» дейтін болған. Күшсіз (пайдасыз)  қарттарды Спартада жардан лақтырып жіберетін болған, спартандық қарттар өмірдің бұлай аяқталуын табиғи құбылыс деп есептеген.

Осы күнге дейін әртүрлі елдерде қартайған азаматтардан көне египеттік не спартандық моделін көруге болады. Қарттық құбылыс ретінде нені ұсынады? Ең алдымен қарт адам көптеген хронологиялық ауруларға  (орташа 9-13) тұтылады. Олар адам қартая бастағанда пайда болады, 20-30 жаста ауыра бастағанда пайда болады. Патологоанатомдар олардың аурулары чиператониялық ауру болса да, жүректің линиялық не жара аурулары болса да, өздерінің ауруларынан өлмейді (олардың көбі 40-50 жастарында өледі). Көрнекті орыс патологоанотомы И.В. Довыдский барлық хронологиялық аурулардан қартаю белгілерін  көруді ұсынады. Бірақ, бұл қарттарға ерекше әдістемесі керек етер еді. Алайда, қарт хроникамен  ауыратын  адамдар поликлиникада  кезекке тұруын жалғасытыруда және әрбірі екінші-үшінші орын оларда  бос емес. Көбінесе, әсіресе ақша бөлмесі ауруды  я асырауға, я оның дәрісіне жетпейтін қазіргі Ресейде дәрігерлер оларға «спартандықтарша» қарайды (медиперсональ айлығы біздің елде басқа баяу дамушы елдерге қарағанда төмен).

С.И.Ожегованың сөздігінде «егде» — «қартая бастаған», «қарттық» — «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» — «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю – осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде – адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде – адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.

Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында  оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы – оның жалпы  денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы [2, 65б.].

Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.

Қазіргі кезде  қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура  өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың   біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.

Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы  биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім – жастық, екінші бөлім – кемелдену, үшінші – қартаю.

Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы   анықтамалары мен оның  себептері  антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек  дәрігері  Гиппократ (б.д.д.Ү-ІҮғ.ғ) қарттықты – табиғи жылудың азаюы және ағзаның  кебуінің  нәтижесі деп санаған.

Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе  орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен.

Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.

Қартаю мәселелері  туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе  өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды [14, 78б.].

Адам қартаюының  нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер  етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе  түскендігін зерттейтін ғылым – геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып,  қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, — деп санаған.

Ресейде  қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХҮІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігері И.Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.

Ғылыми геронтологияның негізін  салушы И.И.Мечников болып табылады. Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың  ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі – орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара  қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Қартаю кезіндегі адамның психологиялық жағдайының өзгеріске ұшырауы, яғни қартаю процесі зерттеген ғалымдар айтуы бойынша ең бір ауыр және қиын кезеңдердің бірі болып келеді.

Ғылымда   қарттардың мәселесін түрлі бағытта зерттеген. Орыс ғалымдардың зерттеушілері А.Сырцова мен О.В. Митиназерттеу жүргізу барысында тұлғаның орентациялық уақытша динамикасын зерттеген. Яғни бұл жерде қартаю процесінің барысында адамның мінез-құлықының өзгеруі, қарттардың өзгешілік психологиясына талдау жасаған. Адам қартайған кезде оның физиологиялық белсеңділігі төмендеп, тек өмірлік тәжірбиесіне сүйеніп өмір сүреді. Олар өз күшіне сене алады, шешімді тез және сенімді  қабылдайды. Сондықтан оларды «Ұрпақты басқарушы » деп атайды. Бұл жердегі көрініс (50-60жас аралығы) айқын көрінеді. Себебі, зейнетке шығуымен байланысты олар «енді өмір басталды» деп сенеді. Зерттеу көрсеткендей, бұл жас ерекшеліктерінде қорғаныш механизмі іске асады. Болашақта өзін-өзі күту, балалар мен немерелерінің болашағын ойлайды. Олар «өмір сүруге аз уақыт қалды»- деп, «ештеңені өзгертуге келмейді» деген екінші планға шығады. Бұл жаста адамда жаңадан белсеңді өмір сүруге деген құлшынысы болады [14;65б.].

60-тан кейін денсаулық жағдайына көңіл бөлу өседі. Адам өз-өзіне «уақыт өтіп барады, енді жоспарым ешқашан жүзеге аспайды»- деп «болды», «бітті», өлім қорқынышы жаулайды. Зейнетке шығу, табыстың азаюы, жұбайдың біреуі қайтыс болуы-бұл осы жастағы ерекшеліктер. Отбасы өмірі, отбасы дәстүрі, балалар жетістігі, жиі немерелерімен балаларымен қарым- қатынаста болуын қажет етеді.

70-тен жоғары позитивті өмір сүру типіне сәйкес. Позитивті ойлау, уақыттың ұзақтылығы, өмірлік кәсіби деңгейінің жетістігі, немерелер мен балаларды ойлау, олар өздерінің жалғасын сол ұрпақтарында көреді. Жасай алмаған, бітіре алмаған жұмысты бітіреді екен дейді.

М.Ф. Пузиков пен А.А. Калиева қарт адамдардың гериатриялық -реабилитациялық проблемаларын зерттеген. Зерттеу мәселесі өте маңызды. Қазір мемлекеттегі туудың күрт төмендеуі, халықтың белсеңді  қарттаюына әкеледі. Бұл медициналық қызмет көрсету саланың сұранысының  дамуымен байланысты. Гериатриялық-реабилитация, бұл реабилитацияның бір бөлігі (дұрыс адамның денсаулығын жақсарту дәне қалпына келтіру туралы ғылым). Бұл салада – медициналық, әлеуметтік, реабилитациялық процедуралар жүзеге асырылады. Сапалы реабилитация мен гериатриялық профилактика – қоғаммен қарым-қатынасты үзбеу, жалғыздықтан изоляциялау, қызығушылықты таныту, әлеуметтік қарым қатынасты жандандыру, еркін болу, ойлаған жұмысын еркін тандау. Қарт адамдардың әлеуметтік — медициналық проблемаларын зерттеу барысында, яғни қартайған сайын, медициналық қызметтің рөлі арта түседі. Бірақта қарттар аурудың соңғы стадиясына дейін созып, дәрі — дәрмектердің пайдасы аздау болады. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында герантологиялық көмектер  жоқ, жоғары сырқаттану, мүгедектік, қарттардың жиі өлуі, яғни қарттар медициналық көмекті қажет етеді. Яғни, бұл тек адамдарға дені сау қартаюды қамтамасыз етсек қана жетеміз [45, 46б.].

Томас Манның қазіргі таңда қартайып бара жатқан қоғамға деген көзқарас өте көп деді, соның ішінде аналитиктер бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарасты ұсынады:

-еңбекке жарамды халық азаяды. Туу деңгейі азаюынан және қарт адамдардың көбеюінен, қоғам жылдан жылға көбейіп отырған еңбекке жарамсыз барлық халықты асырап, солар үшін еңбектенуі тиіс.

-қарт адамдарды асырауға, күтуге, олардың шығынын ақтау үшін жұмыс істеп жүрген адамдар 2 есе салық төлеуі тиіс. Бұл өз кезегінде еңбекке деген мотивацияны азайтады, ең соңында ұрпақтар арасындағы конфликтіге әкеледі, соның салдарынан жас ұрпақтартың қарт адамдардың алдындағы жауапкершілігінен бас тартуға әкеледі.

Атақты американ психологы Эриксон қартаю барысындағы дағдарысты былай түсіндірген: бұл дағдарыс алдындағы өмір жолын аяқтайды, дағдарыстың шешілу жолы адамның бұл жолды қалай өткендігінп байланысты шешіледі.

Эриксонның пікірі бойынша, кәріліктің басты міндеті – құндылықтарға жету, өткен өмірді қабылдап, түсініп, өмір бойы араласқан адамдармен қарым-қатынасты түзеу.

Бір бүтіндіктің қалыптасуы мына себепке байланысты: өмір құрылады, сен өмір сүрудің және өткен өмірден ештеңені де өзгерте алмайсың. Даналықтың қалыптасуы мына себепке бацланысты: өмірді барлық қырларынан қабылдап, яғни барлық яғни барлық шыңға көтерілу мен кері құлауымен, өткен өмірде дұрыс өмір сүре алмадым деп қайғырумен жаңа өмір бастай алмайсын.

Американдық герантопсихолог Форд қарт адамдарға тән бірнеше психологиялық типтерді көрсетті:

  1. Регрессия – бұрынғы іс-қимылдарға оралу, яғни «балалықты» көрсету, денсаулығына байланыссыз елден үнемі көмек сұрау.
  2. Қиын жағдайда шешім табу үшін тұрғылықты орнын ауыстыру немесе қашу.
  3. Қоғамдық өмірге мүлдем араласпау, бәрінен алшақтап, оңашалану.
  4. Екіжүзді іс-қимыл көрсету – қоршаған ортадағылардың қызығушылығын өзіне тарту мақсатымен [15, 39б.].

Е.И. Холостова қарттардың мәселесін кеңінен теориялық жағынан тоқталды. Оның «Әлеуметтік жұмыс» оқулығында қартармен әлеуметтік жұмыс деген тарауда көруге болады. Халықтың негізгі қартаю-процесі-туудың азаюы, егде  тартқан адамдардың ұзақ өмір сүруі, ол медицинаның прогрессивті дамуын көрсетеді.

Автордың айтуынша, қарт адамдар көбіне қалалық жерде көп шоғырланған, ал ауылда олар аз, себебі ауылдың әлеуметтік- экономикалық жағдайы нашар. Яғни мемлекет тарапынан қазір жұмыссыз, кедей, көпбалалы, мүгедек және т.б. отбасыларға жағдай жасау керек. Егер бұндай көрініс кең етек алса, онда жалғызбасты қарттардың саны күннен- күнге ұлғая түсуі мүмкін [3].

Қазір нақты қарттады қорғайтын ресми болсын құжаттар жоқ. Жаңа әлеуметтік жұмыс БҰҰ-ның ұсынысы бойынша «Қартайған жастағы адамдардың өмірін толыққанды жасау» бұл құжат негізінде әлеуметтік жұмыс аймағында қартаттарға әлеуметтік қызмет көрсету жүзеге асырылады. Олар төмендегідей:

—  егде тартқан адамдарға ұлттық саясатты өндеу, яғни ұрпақпен сабақтастыру;

—  қайырымдылық ұйымдарды қолдау;

—  экономикалық құлдыраудан қарт адамдарды қорғау;

—  қарт адамдар сапалы өмір сүруге жағдай жасау;

—  қай жерде тұрмаса да толық қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету.

Өте жақсы көрсетіп, дәлелдеп кеткені қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің дамуы өте көпқырлы. Бұл жүйенің жақсы дамымауы егде адамдарға теріс те, қанағаттанбаушылық жақтарын көрсетеді [45].

Қартайған жас – бұл қорытынды шығаратын уақыт, өмір бойы жасалған, жасалмаған жұмысқа баға беру.

Үлкен жастағы адамдар бұрынғы артта қалған өмірге оралғысы келеді, өмірбаянының бір сәтіне оралсам деп арамандайды. Шет елдерде қолданылатын технологияның бірі — психогимнастика. Бұл технологияда қарттарға арналған  «Еске түсіру» клубын ұйымдастыру. Қарт адамдар жастық шақты, денсаулықты күтуге, әлеуметтік қызметін еске алуға мүмкіндік тудырады. Оған қоса, өткенге шолу суреттер, кітаптар,газеттер және журналдар да көмекке келеді.

Қарттарға еңбектерапиясын қолдуға болады. Индивидуалды қоғамдық ұйымдарға қатыстыру, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру, коммуникативті мүмкіндіктер, өзінің өмірін ұйымдастыруда шешім қабілдау, қоғамдық жұмыстарға белсеңді қатысу. Еңбектерапиясын, бұл жерде әлеуметтік реабилитация ретінде қарастыруға болады. Қартайған кезде бұл тәсіл өте нәтижелі және эффективті. Бұл терапияның ерекшелігі соматикалық және психикалық денсаулықты дұрыс баланста ұстауға көмек көрсетеді. Эмоционалдық қалпын, өмірлік тонусын толыққанды және тең құқықты өмір сүруді сезіндіреді.

Қарт адамдарды қоғамдық өмірге қатыстыру керек. Олардың еңбегі мен өздерінің қоғам керек екенің сездіру. Олар ақылшы, жастарға жол сілтеуші.

Өкінішке орай, мемлекеттік емес қана ұйымдар қарттарға әлеуметтік көмекті толық көрсете алады, ал мемлекеттік және муниципалдық мекемелер толығымен дамымаған.

Қорытындылай айтқанда, әлеуметтік қызметкерлер жаңа қажеттіліктерді алдын- ала қарап, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты қарттарға көмекке келу қажет деп көрсетеді [44].

В.И. Курбатов қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету әр түрлі әлеуметтік теорияларды қолдана білу талап етеді. Олардың ішінде:

  1. Әлеуметтік рөлдерден айырылу теориясы;
  2. Халықтың аз бөлігін құрау теориясы;
  3. Адамдардың жастары боынша стратификация теориясын негіздеу.

Бірінші теорияларының мазмұнына үлкен егде жастағы адамдар жатады. Қартаю кезеңінде жас адамдармен араласыпай қарым- қатынастарда болмайды. Оларды әлеуметтік рөлдердегі рөлдерден босатады. Бұл рөлдер негізінде еңбек қызметіне байланысты болған, сонда-ақ басқару және жауапкершілік рөлдері де қатарласа жүрген. Рөлдерден босату теориясы үлкен, егде жастағы адамдарды зейнетке шығару арқылы заңды түрде іске асырылатын процесс ретінде қаралады. Олардың қызмет орндары белгілі бір қызметтегі жас адамға өтуі керек. Бірқатар сыншылар, бұл теорияларына адамгершілік сезімді қастерлемейтін деп пікір  айтады. Ал қайсібір рөлдерден босату, бұл процесс универсалды жан — жақтан түбінде іске асырылатын шара ретінде дәлелдейді.

Қазіргі уақытта бұған қарсы әлеуметтік өрісте қолдануын шектейтін белсеңділік теориясы тұжырымдалып кеңінен қолданылатын болады.

Бұл теорияны жақтаушылар дәлелдеп көрсеткендей қарт адамдар игерген рөлдерден айырылған кезде олар қоғамда керексіз екендігін сезінетін сезім туындайды. Жеке басының қасиетін жоғалту деп түсінеді, өзінің рухани құндылықтарын іске асыру үшін, олар белсеңді өмірден бес тартпау керек. Керісінше, жаңа қызметпен айналысып жаңа рөлдерді орындауды әлеуметтік қажеттілік деп санайды [4, 67б.].

Әлеуметтік рөлі бар мәндерде белсеңді орындауды жалғастырып, еңбек ортасымен араласып, қарт адамдар өздерінің психологиялық тұрақтылығын қалыптасқан байсалдылығын сақтап ала алады.

Адамның қартаю кезеңінде бейімделу дрежесі орталықтай деңгейде алғашқы сатылардың қызметі байланысты болып келеді.

Енді қартаю кезеңі жақындаған сайын адам көптеген рөлдерді игерсе, онда оларды жоғалтып айырылған уақытта ол онша қинала қоймайды. Жаңа жұмыс орның табуға жеңіл соғады.  Отыз жастағы эмоционалдық, психологиялық тұрақтылығы және белсеңділігі бар адамдар жетпіс жастан асқан кезеңде өз бойындағ энергиясын сақтай алады. Отыз жастағы қорқыныш және консерватизм сапасындағы адамдар өмірінің аяғына дейін, бірқалыпты тұрақтылықты бола алмай, сенімсіздікпен үрейлене қарайды.

«Халықтың өз бөлігін құрау» теорияларының авторлары қоғамда қарт адамдардың саны аз болатының дәлелдеді және бұл олардың әлеуметтік- экономикалық статусының төменгі деңгейде екеніні анықтайды.

Қоғам оларды кемсітіп, оларға қарсы болып көрінеді. Егер үлкен егде жастағы адамдар жаққа жолды тауып, қалыптасқан байланысты сақтап қалса, олар мәдени деңгейдің жаңа түрін құрып, өзінің психологиялық тұрақтылығын сезінеді.

  1. Осы жастағы топқа жататын адамдардың арасында психологиялық жақындастық, бірін — бірі қабылдап, тез тіл табысып кету;
  2. Халықтың бөтен топтармен іс — әрекет жасаудан оларды алып тастауы.

Сонымен үлкен егде жастағы адамды кемсіту, олардың бірлігі қартаю кезіңде қарым- қатынастарының өзіне тән жаңа түрі туындайды.

Осы түрі, яғни теорияның пайымдауынша бұл адамдарға арналған мамандандырылған мекемелерінің көбеюі, өзіндік мәдени деңгейді көбеюдегі қалыптастыруға мүмкіндік берер еді. Қарттар өздеріне лайықты мағынада өмір сүргісі келеді. Бұл олар өздерінің проблемаларын шешуге белсеңді түрде қалыптасқан жағдайда ғана мүмкіндік болады [1].

Кейбір мамандар адамдардың жастары бойынша стратификация теорияларын тиімді болып санайды. Бұл теорияға сәйкес адамдардың әр буыны өзінше құнды және тек қана өзіне тән тәжірбиесі бар деп тұжырымдалған.

Қазіргі кезде геронтологияны қарт адамдар ауруын зерттейтін медицина облысы, әлеуметтік геронтология, яғни оның өмір салтымен, ұзақтығын зерттейтін геронтология бөлімі бөліп қарайды.

Жас ерекшелік психологиясы мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау қартаю ұғымының анықтамасы «мәңгі мәселе»  қатарына қосты. Қазір қартаюды қалай түсіну, оның алғашқы белгілері қандай, қартаю жасы дегеніміз не? және оның шекаралары қандай? деген  сұрақтарға пікір-таластар жүргізілуде. Анықтамаға қиындық тудыратын қартаю – ұзақ, жастық процесс және оның орта жас пен аралығында шекара болмайды. Жалпы алғанда қартаю – жеке процесс, кей адамдарда ол ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталады. Белгілі бір тарихи дәуірлерде қарттық өлім алдындағы өткел ретінде  қабылданды, өлімнің  жақындай  бастауы оны өзінен алыстату тілегін тудырды. А.Шопенгауэрдің «Жас ерекшелігі  туралы» философиялық этюдінде осы туралы қызықты ой қортындылары орын алған. Миф  қаһармандары мінездерімен  өмір кезеңдерін салыстыра отырып, Шопенгауэр әр кезеңге өз  есімін қояды. Алғашқы онжылдықта Меркурий  билік етеді: адам өмір бойлап жеңіл және жылдам жүреді. Бұл білім алу,  ойын, дүниемен танысу жылдары.. 30 жасқа қарай күшке, ерлікке ие Марс өмірді ауыстырады. Адам 40 жасында пайдалыққа бағынады, Цецера патшалығы күшіне сенеді, 50 жасында адам биліктен ләззат алады, ол тәжірибе  мен білімге бай болады. 60 жасында өмірдің Сатурн кезеңі басталады. Құнарлық оты сөнеді, жан тұрақты қалыпқа көшеді. Егер кейбір тін кемшіліктері бомаса, адам тыныштық пен бақытты қарттықты бағалайды. Сондай-ақ,  басқаша бір көзқарас табар. Мәселен, Шекспир қарттықты қуанышсыз кезең  деп біледі. Оның ойынша қарттық әлсіздік, тісі жоқтық, көзің нашар көруі, нашар естуі,  балалыққа берілуі, алжуы, бір сөзбен айтқанда үмітсіздік  деп бағалайды. Гете, Л.ТОлстой қарттықты өмірден толық сусындаған, ерік күшіне ие, ақыл-ой қабілетін ие деп сүреттейді. Ақындар жырлаған көптген көркем шығармаларда қарттық күш-қуатты ретінде сүреттеледі. Егер адам осы кезеңде күш-қуатты бола білсе, әрине, қарттық қуаныш сыйлайды деп түсінеді [28].

Қарттық, әрине, бірден келіп бастамайды, бұл – ұзақ процесс. Қарттықты орта жастан бөліп тұратын әмбебеп шекараны анықтау қиын. Жеке адамдар мен жеке топтардың қартаюы бір уақтта жүремйді: біреулерде ол ертебасталса, біреулерде кеш басталады. Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы соңғы жылдары жас кезеңдеріне деген көзқарасы өзгеруді.

Көп жағдайларда, бұрын немесе қазірде зерттеушілер қарттықтың  хронолоиялық қалпына, белгілі бір өмір кезеңіндегі әлеуметтік және экономикалық статусымен байланыстырады. Түрлі жас ерешкелігі классификацяларын әртүрлі ғалымдар көзқарасымен салыстыру арқылы Б.Ц.Урланис осы кезеңдер шекараны былай суреттейді. Мәселен, ХІХ ғасырдағы француз физиологы және гигиенисті П.Флуранс қарттықтың  екі кезеңін бөліп көретеді: алғашқы (70-85) және  екінші (85-тен кейінгі). Неміс  физиологы М.Ребнер қарттықтың  басталуын 50 жасдеп белшіледі, оның пікірінше, 70 жас «құрметті қарттық» деп аталады. Өткен ғасырдағы ағылшын дәрігері және статисті У.Фар былай деп жорамалдады: 40-60 жас – интеллектілік жас, еңбекті бағалау кезеңі; 80-100 жас – соңғы  кезең әрі құрметті қарттық. Сонымен, Фар қарттықтың басталуын 60 жас деп есептеді. ХІХ  ғасырдың ІІ жартысындағы орыс  статисті  және демографы А.Раслевский  45-60 жаста «гүлденген» қарттық деп атады, ал 60-75 жаста «солған» жас дедеі, 75-100 және модан жоғары ұзақ жасдеп белгіледі [45].

Белгілі кеңес геронтологы академик Э.Ф.Френкель 70 жаста қарттықтың басталуы деп атады. Басқа бір кеңес геронтологы академик А.В.Нагорның қарттықты белгілейтін нақты бір жасты атаудан бас тартты. Ол қарттық 60-70 жастан басталады деді.

1962 жылы Ленинградта өткен қарттық пен қартаю кезеңдерінің  класификациясыжәне номенклатурасы бойынша симпозиумде егде  жастағыларды мынадай кезеңдерге бөлді: 60-74 жастағылар – егде, 75-89 жастағылар – қарттар, 90 және одан жоғарылар – ұзақ өмір сүрушілер. Қазіргі уақытта Бүкіл жүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының шешімі бойынша қарт жас – 75 жас болып саналады, ал 60-75 жастағылар – егделер. Белгілі бір тарихи  жағдайдағы тұрғындардың  сапасының жүйелі шамасы болып оның жас құрылымы қызмет ете алады. Адамдардың ең табиғи қасиет — өмір сүру ұзақтығы, олардың әлеуметтік қасиеттері және байланыстарымен бірлікте болады.

Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мәдениеттерінде қартаю мынадай жолмен анықталады: Пифагор – 60 жас, Қытай ғалымдары – 70 жас, ХХ ғасырдағы ағылшын физиологтары – 50 жастан жоғары, неміс физиологі М.Рубнер – 50 жас қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған.

Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде жас – 50-65; қарттық жас — 65-тен жоғары.

Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған:

—  егде жас  ер кісілер үшін 60-74 әйелдер үшін 55-74 жас.

—  қарттық кезең, әйелдер мен ер кісілер үшін 75-90 жас.

—  ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары жас [18].

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.

Функциялық жас кезең – жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.

Психологиялық кезең – көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.

Биологиялық кезең – жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші [20].

Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық инвоинернің бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми  түсініктеме, ол Аристотельдің «De juventute te  senectute» еңбегінде жазылған. Арситотельдің  ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін,  «туылғаннан бастап берілетін жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндірілді. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін  кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім – juventus (жастық),  virilitas (кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың «De diaeta» шығармасында «табиғи ыстықтықты» жоғалту туралы ой бар.

Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген.

Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын табатын «табиғи ыстықтан» анықталады. Гален қарт  адамдары қалпының көлемі азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой ХҮІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дірігер Аде Лауренсон қартаю шырын мен «табиғи ыстықтың» үздіксіз 4 соғысты көрсетеді деп жазды. «Майшам майды қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу  әрқашан толық болмайды,біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады. Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХҮІІІ ғасырда «табиғи ыстық» деген ескі термин  «өмірлік күш (энергиямен)»» алмастырылды. Ағылшын дәрігері Э.Дарвин атақты биологтың ағасы «өмірлік түршігудің жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады», бұл жерде қартаю клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды. Орта ғасырларда өмірді жеті кезеңге бөлген.

ХХ ғасырда «өмірлік күш» спецификалық жоғалту теориясы қалды. Одан кейін бір болжам екіншісімен алмасып отырды. Қартаюдың себептері былайша қарастырылды. Ситоплазмадағы алмасушы  процестердің баяу төмендеуі (Рубнер), қандай да бір өмірлік ферментті таусылды. (ОТТО НОЧИЛИ) белгілі бір химиялық заттарды жоғалту (леп), организмнің интокациясы организмнің және потологиялық фагосцитоез (Мечников), организмнің  химиялық  құрамының сұйықтығының  өзгеруі (Каррель), Регенероцияға қабілеттінің әлсіреуі (Минот, РобертРессле) және тағы басқа.

Қартаюдың себебін анықтауға қанша  ұмтылғанына қарамастан, оны күнге дейін ұзақ жасау проблемасын шешетін түзу теориялық жоқ
Тағы рефераттар