Қарым-қатынасты ұйымдастыру жіне өкілеттіліктер туралы қазақша реферат

Жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымды құруды басқарудың маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру береді. Аталған функцияның мақсаты- басқарушы мен басқарылушы жүйелерді, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру. Ұйымдастыру еңбекті мамандандыру мен бөлісуді құрай отырып. Адамдар еңбегінің тиімділігін арттырады.

Жалпы ұйымдастыру функциясында мынадай біршама дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Басқару жүйесін ұйымдастыру:
  2. Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру;
  3. Басқару субъектісінің ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру.

Басшының ең басты міндеті өзіне бағынышты қызметкерлерінің күш-жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге және оларды мейлінше жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуіміз қажет.

Өкілеттіліктер ұйым ресурстарын пайдалануға және қызметкерлердің күш-жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілетін шектеулі мүмкіндік немесе құқық.

Делегирлеу мақсаттардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.

Жауапкершілік- алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.

Делегирлеу тек қана өкілеттіліктер қабылданған кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершіліктің өзі делегирленуі мүмкін емес. өкілеттіліктерді беру процессі екі тұжырымдамаға жүгінеді.классикалық тұжырымдама бойынша, ұйым арасында өкілеттіліктер жоғарыдан төменгі буынға беріледі және бұл басқару деңгейін анықтайды. Қарама-қарсы немесе өкілеттілікті қабылдау тұжырымдамасы кейбір жағдайда орындаушы ұйымдағы өз міндеттерін толық ұсынған кезде басшысының берген өкілеттілігін қабылдамай тастайды деген ұғымға негізделеді. Дегенмен, кез-келген жағдайда өкілеттіліктер шектеулі болып келеді.

Өкілеттіліктер және жауапкершілік.

Өкілеттілік берудің, яғни басшының өз өкілеттігін нақты мәселелерді шешкен кезде бағынышты дамдарға артуының зор маңызы бар. өкілеттілік беру дегеніміз- басқару қызметін бөлісу процесін етене дамыту.

Жаупкершілік аз, ал өкілеттілік көп болса, әкімшілік озбырлық, субъективзм, ойластырылмаған шешімдер жасалуы үшін жағдай туады. өкілеттілік аз болған жағдайда жауапкершіліктің зор болуына да жол беруге болмайды, ол оралымды қимылдап, қажетті шешімдер қабылдау мүмкіндігін жояды. Мұндай жағдайда ең ынталы деген қызметкердің өзі көбінесе дәрменсіз болып шығады.

Өкілеттілктер және компетенция

Басқару органына бекітіліп берілген қызмет саласы компетенция деп түсініледі, ол өзінің функциясын сол қызмет шеңберінде іске асырады, мәселелерді өз бетінше шешіп, тиісті құқыққа ие болады. Басқару органдарының компетенциясын белгілеу оның өкілеттілігі мен міндеттерінің жиынтығын, олардың тиімді арақатынасын белгілеуді білдіреді. Басқару қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерд орындауы, олардың бойына жауапкершілік сезімінің дамуы ең алдамен олардың компетенттілігі мен саналылығына байланысты болады.

Өкілеттіліктер мен билік.

Көп жағдайда өкілеттіліктер мен билік ұштастырылады. Дегенмен, өкілеттілік дегеніміз- ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берілетін шектеулі құқық, ал билік- қалыптасқан жағдайда нақтылы ықпал әсер ету мүмкіндігі болып табылады. Және де өкілеттілікке ие болмай-ақ билікті жүргізуге болады.

Сонымен, өкілеттілік белгілі лауазымның нақтылы жағдайда іс-әркет ету құқығы, ал билік сол іс-әрекеттің нақтылы мүмкіндігін береді.билікті тиімді пайдалану үшін лауазымға берілетін өкілеттілікке сәйкестік қажет және жұмыстың орындалу барысын бақылап отыру туындайды.

Өкілеттіліктердің жіктелуі

Ұйымдық өкілеттілктер. Егер де белгілі бір адам ұйым ішінде лауазымға ие болып өз мойнына жауапкершілік артса, жұмысын орындауына қажетті ресурстарды ұйымы толық беруі қажет. Басшылық мұны өкілеттіліктерді делегирлеу және міндеттерді жүктеу арқылы жүзеге асырады. өкілеттілік жеке тұлғаға емес, сол жеке тұлға алып отырған лауазымға беріледі.

Сызықты (линиялық) өкілеттілктер. Басшыдан тікелей бағыныштыға және одан әрі қарай берілетін өкілеттілктер осылайша аталады. Сызықтық өкілеттілктер басшыға алға қойған мақсаттарына жету жолында өз бағыныштыларына заңды билік жүргізуіне мүмкіндік береді. Аталған өкілеттілігі бар басшының дербес қабылдаған шешімдері ұйымның ережелік шектеулеріне, заңға және дәстүрге қарсы келмеуі қажет. Сызықтық өкілеттілікке сенім көрсету ұйымды басқару деңгеінің иерархиясын құрады. Иерархияның құрылу процесін скалярлық процесс деп атайды.

әдетте адамдарды басқару өкілеттіліг скалярлы процесс арқылы берілетіндіктен, жинақты иерархияны скалярлы тізбек немесе бұрық тізбек деп атайды. Сенім көрсетілген өкілдерден құрылған бұйрық тізбегі ұсақ ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарға тән болып саналады.

Ақпараттық өкілеттіліктер

Басқару құрылымын айқындаған кезде ұйымдық жүйе мақсатын жеке анықтап, осы мақсатқа жету үшін қажетті процестерді білу қажет. әрбір кәсіпорын үшін мақсат тұтастай алғанда бірдей келеді, ал ол өндірістік, ғылыми техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік болуы мүмкін. Осыған орай басқару органы құрылады.

Ақпараттық өкілеттіліктер: кеңес беруші, қызмет көрсетуші және жеке ақпарат болып жіктеледі.

Кеңес беруші ақпарат. Сызықты басшылық арнаулы білімді қажет ететін ерекше проблема туындағанда тиісті мамандарды өзіне уақытша немесе тұрақты негізде жұмысқа шақыра отырып кеңес беруші аппарат құрады. Олардың міндетіне басшылықты өз мамандығы бойынша қызметкерлерді баулу және жетілдіру, жаңа техника және технология, құқық, т.б. салаларда жоғары дәрежеде кеңес беру, үйрету енеді.

Қызмет көрсетуші аппарат қоғаммен байланыс, қаржыландыру, маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологияны қорғау міндеттерін орындайды.

Жеке аппарат жоғарғы басшының еңбегін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекші қызметкерден құралады. Жеке апараттың ресми өкілеттілігі болмайды, дегенмен, көптеген мәселелерді шешуде атқаратын мүмкіндігі зор болып келеді.
Тағы рефераттар