Қаржылық инвестициялардың есебі мен аудиті туралы қазақша реферат

1100”Қаржылық инвестициялар “ бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында « Акциялар», « Облигациялар», « Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.

1100-1150 шоттар активті, күрделі,негізгі болып табылады. Осы  шоттардың  дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың  кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді. Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезіеде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу қөұнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керіснше өзгерсе, онда оның баланстқ құнын келесі негізде анықтайды:

—        жалпы қоржындық(порфелдік) жиынтығымен;

—        инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;

—        жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша ;

бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық)бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.

Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:

—        сатып алу құнымен;

—        қайта бағалау құны ескерілген құнмен:;

—        сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік  капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төменлеген жағдайда азайту сол инвестициясының үстеме  бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді . Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі. Ұзақ мерзімді қаржылық иневстиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.

Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді  инвестицияға аударсақ, онда : олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады. 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»  шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың , банкртердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция —  акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз. Акцияларды алған кезде 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті бойынша және төмендегі шоттардың кредиті бойынша корреспонденциясы жасалынады: сатып алу құнына – 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар», 3390-«Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4120-«Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді  кредиторлық берешек», 4130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4140-«Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек». Акция алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін. Аудит обьектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады:ұзақ мерзімді инвестициялар,соның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдарға:ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржы инвестициялары,басқа да инвестициялар:инвестицияларды артық бағалаудан түскен төленбеген қосымш капитал;негізгі емес қызметтен түскен табыс.инвестиция аудитінде аудиттелінетін саладағы өзара қарым қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативті құқықты актілерді мұқияи зеттеу қажеті,

       БТА Ипотеканың операциялары аудитінің бағдарламасы.

Инвестицияны баланста көрсетудің дұрыстығын тексеру Баланс. Бас кітап
Инвестицияның аналитикалық және синтетикалық есебі мәлеметтерінің сәйкестігін тексеру Бас кітап,12ЖО, бастапқы құжат
Қаржылық инвестицияларды  жіктеудің дұрыстығын тексеру Бастапқы құжат
Бағалы қағаздардың бар екендігі мен сақталу орнын анықтау Бағалы қағаздар есеп кітабы, акционер -лердің реестрі, сату сатып алу актісі,төлем тапсырмалары, акциялар, сертификаттар, облигациялар, куәліктер,

жүкқұжаттар

Инвестиция құнын бағалаудың дұрыстығын тексеру Шарттар,сатып алу сату актілері,төлем тапсырмалары,жүкқұжаттар
Бағалы қағаздар алу жөніндегі бух- галтерлік жазбалардың дұрысты -ғын тексеру 1 2 3 4 6 7 8 ЖО,бас кітап
Бағалы қағаздарды сату мен номи- налды құны арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын тексеру 1 2 3 4 6 7 8 журнал ордері, бас кітап
Қаржылық инвестициялардың істен шығуын есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру 12 Журал-ордер, Бас кітап
Басқа заңды тұлғаларға кәсіпорының қарыз беру заңдылығын тексеру Шарттар, есеп айырысу төлем құжаттары.

 
Тағы рефераттар