МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тарау. Қашықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі
1.1 ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.2 Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
1.3 Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі

1.4. Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы

2-тарау. Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері
2.1 Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері 22
2.2 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық моделі
2.3 COMPEТЕNTUM.MAGISTER қашықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама
2.4 Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі — оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент — сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

курстық жұмыс / 28 бет


Тағы рефераттар