Кәсіби бағдар берудің мазмұны туралы қазақша реферат

Кәсіби бағдар берудің мәселесі және оны оқыту білім беру жүйесіне қолданбалы курстарды енгізу мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан, заман талабы қойып отырған жаңа білім беру үрдісіне, бейінді, бағдарлы оқытуға, байланысты екені белгілі. Жоғары сынып оқушыларының  қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық  бағыттардағы бағдарлы оқытуды таңдауы мектептің педагогикалық ұжымы үшін ең жауапты және маңызды қадам болып табылады. Бұл өз кезегінде  мұғалімдердің жүргізетін оқу- тәрбие үрдісіндегі   әдістемелік жүйесін  жаңартуды немесе қайта қарауды талап етеді. Маңызды әрі жауапты бұл шара тек:

-мұғалімнің кәсіптік бейімделуіне әдістемелік жетекшілік жасау;

-өз бетімен  үздіксіз білім алуды жолға қою;

-педагогикалық ұжымның дұрыс психологиялық- педагогикалық ахуалын қалыптастыруға арналған іс- шаралар жүйесін ұйымдастырып, жүргізу сияқты т.б. жұмыстар атқарылғанда ғана нәтижелі болмақ. Осыны жақсы түсіне отырып, біз мектепішілік білім жетілдіруді ұйымдастырудың құрылымдық жүйесінің түрін анықтап алдық. Мұнда пән бірлестігінің алатын орны ерекше. Пән бірлестігі:

— Оқу бағдарламасына сай үлгілі технология мен әдістемені талқылайды және сынақтан өткізеді;

-Жаңа оқу бағдарламаларын  дайындайды;

-Әр түрлі оқу материалдарын талқылаумен, талдау жасаумен,  рецензиялаумен айналысады;

Инновациялық іс-шаралар барысының анализін жасайды;

— Өз бағдары  бойынша оқу жұмысының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету талаптарының өзгеруін болжайды;

— Ғылыми әдістемелік жұмыс сапасын арттыру мақсатында әртүрлі жұмыс атқарады және ұсыныс енгізеді;

— Оқу бағдарламаларын, материалдарды талқылайды, талдайды, тәжірибеге енгізеді, мониторинг өткізеді, т.б.

Бұл жүйе бойынша пән бірлестігінің  мүшелері  жеке тұлғалық ( диалог, белгілі бір жұмысқа көмек, кеңес беру, жеке,  шығармашылық есеп,  шеберлілік), топтық ( дөңгелек үстел, ой шабуылы, қызықты шоу, аукцион, презентация, тренинг, т.б.) және ұжымдық ( әдістемелік ринг, әдістемелік марафон, әдістемелік ұсыныстар аукционы, дебаттар, пікірталас, т.б.) сипаттағы іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді. Бұл іс-шаралардың қолданбалы курстардың бағдарламаларын дайындау мен оны оқытуға әсері мол екені тәжірибе жүзінде дәлелденді.

. Өйткені бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда 9- сынып оқушыларына бағдарлы оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін бағдаралды дайындық жүргізу мен 10-11 бағдарлы сынып оқушыларына ұсынатын берілген бағдарлы  стандарттың деңгейіндегі негізгі бағдарлы пәнді оқуға қолдау жасайтын қолданбалы курстар аса маңызды.  Осы ретте  оқушылармен жүргізетін сабақта оқу  жұмыстарын  мына бағыттарда ұйымдастыруға болады:

-ғылыми көзқарас негіздерін қалыптастыру;

-білімге саналы қарым- қатынасты тәрбиелеу;

— танымдық белсенділікті дамыту;

— ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру;

-өз қабілет- қарымы  деңгейінде шешен тілде қарым- қатынас жасай білуі;

— белгілі мамандыққа орай ой- өрісті кеңейту және мамандықты саналы түрде таңдауға даярлық жасау.

Мұның бәрі оқушылардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған қолданбалы курстардың тақырыбы мен мазмұнына байланысты. Мысалы, 2006-2007 оқу жылында ресурстық орталықтағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  9- 11 сынып оқушыларына бес  қолданбалы курстың бағдарламасы жасалып,  оқытылып жатыр. Олар:

« Нормативті қазақ тілі »;

« Ресмилік қазақ тілі »;

« Мәнерлеп оқу »;

« Балалар әдебиеті »;

« Жамбылтану ».

Аталған  қолданбалы курстарды таңдау мен бағдарлама мазмұнын құрастыру кезінде курс бойынша қалыптастырылатын білім, білік және дағды қай кезде де пайдаға асатыны  мақсатты түрде орайластырылды.

Біз осылардың ішінен « Ресмилік қазақ тілі » атты қолданбалы курсының бағдарламасына тоқталып көрейік. Кәсіби бағдар берудің бағдарламасы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйене жасалған.
Тағы рефераттар