Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.

Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.

Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.

Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.

  1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
  2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.
  3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.

Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.

—   ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;

—   валютаны алып-сатушылық басталады;

—   елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;

—   тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;

—   инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.

4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.

Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.

Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.

5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.

Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы — әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.
Тағы рефераттар