Еліміздегі нарықтық экономика заңдарына байланысты қалыптасып келе жатқан кәсіпорындардың және фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді қажет етеді. Осы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу қажеттілігін талап етеді. Ғылыми тақырыптың мазмұнын ашуда келесі талдау бағыттарын қарастырған жөн:

—    мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;

—    ұйымның рационалды құрылымын талдау;

—    ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;

—    ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;

—    ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;

—    ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;

—    инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);

—    жоба сараптамасының сапасын талдау;

—    ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапасын талдау;

—    инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;

Мекемелердің инновациялық қызмет тиімділігін, ролін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыруға болады:

—    диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;

—    талдау мен жинақтау бірлігі;

—    ранжирлеу;

—    баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;

—    оперативтілік;

—    сандық анықтамалылығы және т.б.

Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.

Инновация бұл – экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.[1].

Инновациядағы категорияның маңызы, оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары, оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.

Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады [2]. Жоғарыда айтылған мәселелерді қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:

  • өндірістік;
  • инвестициялық;
  • ынталандырушы.

Өндірістік функция мынаны білдіреді, яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.

Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.

Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық субъект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі.

Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.

Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.

Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың  қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін  қолданылатын инновация пайдасы инновацияның инвестициялық функциясын құрайды.

Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға, қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызығушылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар  ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.

Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.

Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық механизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны бақарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдаланады.

Төмендегі кестеде жаңалықтар нарығының тауарлары мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде берілген:

Кесте 1. Жаңалық нарығының тауарлар тізімі.

Инновациялық тауарлардың түрлері 

Тауар мінездемесі

 

 Бірлік жаңалығы

 

 

Белгілі бір өмір уақыты мен моральдық тозуының интеллектуалдық іс-шаралары ретіндегі өнімді білдіретін инновациялық тауар

Обьектік жаңалық

 

Жаңа қолданушы бағалықты құрайтын және техника мен технологияның дамуына белгілі тенденцияларды ұсынатын бірнеше бірлестік байланысты жаңалық түрі

Негізгі жаңалық

 

 

Жаңа өнімдерге сұранысты немесе экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін  жаңалықтардың бірлестік комплексі

Бағдарламалы жаңалық

 

Жаңа сұранысты қамтамасыз ететін бірлік объектілері мен негізгі жаңалықтардың  бірыңғай өзгермелі комплексі.

Сұраныс пен ұсыныстың объектік құрылымында белгілі бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Олар: кәсіпкерлердің (сатып алушылардың) белгілі инвестицияларды қажет ететін негізгі жаңалықтардан бас тартуы, белгілі жаңалықтар сапасының (техниканың деңгейін) қанағаттандырылмауы, көне технологияны және шикізат жеткізушіні ауыстыруды қаламауы [3].

Көптеген жағдайда жаңалыққа сұраныс адекваттық ұсыныстың болмауынан қанағаттандырылуы мүмкін емес. Бұл техника мен технологияның ғылыми терең түрлеріне байланысты болады. Даму мәселесінің қиындығы мен біртұтастығы жаңалыққа сұраныстың пайда болуы мен оның қанағаттандырылмауының арасындағы маңызды уақыттық мөлшерді анықтайды.

Қалыптасып жатқан нарықтың бірнеше маңызды қасиеттері бар. Жаңалықтар нарығы қазіргі күнде экономикалық айналыста көп қолданылатын интеллектуалдық меншік объектілеріне рұқсаты растамауынсыз дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік объекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: объектінің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындағы субъект ретінде болатын шаруашылықтағы объективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы [4].

Қорыта айтқанда, инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі болып саналады. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын-соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады.

 ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Ахметов Қ.Ғ. «Менеджмент негіздері», Алматы, 2003. -34 б.
  2. Мейірбеков А.К., Әлімбеков Қ.Э. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003. -127 б.
  3. Зайцев Н.А. «Экономика, организация и управление производством», Москва, 2000. -146 б.
  4. Балабанов И.Т. «Инновационный менеджмент», «Питер», Санкт-Петербург, 2001. -157 б.

Тағы рефераттар