Мазмұны

Кіріспе             3

1.Кәсіпкерліктің жалпы мәні

1.1. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жалпы формалары           5

1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен типтері       8

1.3. Факторлары мен модельдері        12

2.Қазақстан экономикадағы кәсіпкерлік

2.1.Қазақстандағы кәіпкерліктің пайда болуы және дамуы     15

2.2.Қазақстандағы кәсіпкерліктің өзекті мәселелері         18

2.3.Қазақстандағы кәсіпкерлікті жетілдіру жолдары    21

Қорытынды          25

Әдебиеттер тізімі         26

Қосымша

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де кәсіпкерлік зор рөл атқарады. Кәсіпкерлік — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс — әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудын әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Елімізде  өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен деген республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және  жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Қай уақытта болмасын адамзат баласы қаржыны зерделеу кезінде немесе қаржыны  тегейлі түсіну мен меңгеру үшін негізгі әдісі – материалистік диалектикалық-тарихи әдісі қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстығы негізінде зерттеуді болжайды.

        Кәсіпкер — бұл нарық экономикасының белсеңді субъекті. Оның жаңа тауарлар жасау және пайда табу мақсатымен өндіріс ресурстары мен факторларының жаңа комбинациясын жасауға қажетті барлық мүмкіндігі болады. Кәсіпкер болжамсыз жағдайда тәуекелдікпен іс-әрекет жасайтын және өз еркімен қабылданған шешімдерге жауап беретін адам.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992)заңы сияқты заңдар түрткі болды.1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәспкерлерді қосқанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына мемлекеттік банктер мен екінші деңгейделі банктерде мемлекеттің қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуын қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдауды көздеп отыр.

        Тақырыптың өзектілігі: кәсіпкерліктің түсінігін анықтап, оны зерттеу           

        Курстық жұмыстың мақсаты: осы кәсіпкерлік жетілдіру жолдары бойынша алған теориялық білімімді жинақтап, қорытқан ойымды сабақтап жеткізу.

        Курстық жұмыстың міндеті:                                                                                

— кәсіпкеліктің мәнін, жалпы фомаларын, түрлері мен типтерін қарастыру;

 кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін анықтау, кәсіпкерлік деңгейіне талдау жасау;

 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті жетілдіру жолдарын қарастыру осы курстық жобаның міндеттері болып саналады.

        Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және олардың дамуы.

курстық жұмыс / 26 бет


Тағы рефераттар