Кәсіпорын активтерінің рентабельділігі мен айналымдылығын талдау туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы — материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Кәсіпорынның рентабельділік  көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

—          рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

—          таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

—          табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

—          табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

—          табыстың өсу резервтерін анықтау;

—          кәсіпорынның  даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

—          рентабельділіктің  әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Рентабельділіктің көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін  ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

Рентабельділік  коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін  қалыптастырудың  факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:

— басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

— кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

— рентабельді болжау әдісі;

— шешім қабілдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:

— шығындарды өтемі;

— сатудың табыстылығы;

—  капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.

1. Өткізілген өнімнің рентабельділігі (Рөнім) (шығындардың өтем коэффициенті). Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнім түрлерін өндірудің табыстылығын, әсіресе өнімдердің өте көлемді ассортиментін шығарушы кәсіпорындарда өте маңызды көрсеткіш болып табылады.

Таза табыс

Рөнім = ;                                 (5)

Өнімді өткізуден түскен табыс

2. Сату көлемінің рентабельділігі (Рсату көлемі). Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.

Жалпы табыс

Рсату көлемі=   ;                        (6)

Өнімді өткізуден түскен табыс

3. Авансталған капиталдың рентабельділігі (Равансталған капитал). Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде авансталған капиталдың рентабельділік деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несие, қарыз берушілердің назарына ие болады.

Таза табыс

Равансталған капитал=  ;   (7)

Авансталған капиталдың орташа шамасы

4. Меншікті капиталдың рентабельділігі(Рменшікті капитал). Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдыңтабыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табыстының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі.

Таза табыс

Рменшікті капитал=  ;          (8)

Меншікті капиталдың орташа шамасы

5. Ағымдағы активтердің рентабельділігі(Рағым.актив.). Бұл кәсіпорын ағымдағы активтердің бір теңгесінен қанша табыс көзін алатындығын көрсетеді.

Таза табыс                                                      (9)

Рағым.актив.=                                                                            .

Ағымдағы активтердің орташа шамасы

Қалған барлық басқа көрсеткіштердің рентабельділігі осындай ұқсас жолмен есептеледі. Яғни анықталатын көрсеткіштің алымында әрқашан таза табыс мөлшері тұрса, ал бөлімінде анықталатын көрсеткіштің орташа шамасы сипатталады. Тек мына көрсеткішті есептемегенде:

Таза табыс

Ринвестициялар =

Меншікті капиталдың        Ұзақ мерзімді міндеттемелердің

орташа шамасы          +            орташа шамасы

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, белгілі-бір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әр бір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгеніні көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

Өнімді өткізуден түскен табыс

Ккап.айналым.=  ;    (10)

Авансталған капиталдың орташа шамасы

2. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті жан-жағынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Бұл коэффициент меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттілігін көрсетеді. Ол мына формула бойынша қаралады:

Өнімді өткізуден түскен табыс

Кменшік.капит.айнал.=  ;           (11)

Меншікті капиталдың орташа шамасы

3. Қысқа мерзімді активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Бұл коэффициент айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналу санын көрсетеді.    Қысқа мерзімді активтердің айналым жылдамдығы – бұл өзі өндірістік-шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуына айналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет. Бұл коэффициенттің формуласы төмендегідей:

Өнімді өткізуден түскен табыс

Кағым.актив.айналым=  ;         (12)

Ағымдағы активтердің орташа шамасы  

4. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Онда есептеу мына формуламен іске асады:

Сатылған өнімнің толық өзіндік құны

Кматер.айнал.қаражат.=  ;        (13)

Өндірістік қорлардың орташа құны  

5. Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті. Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті дебиторлық қарыздың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғандығын немесе төмендегенін көрсетеді.

Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық қарыздың өтеу мерзімін анықтау мына формуламен анықталады:

Өнімді өткізуден түскен табыс

Кдебит.қарыз.айналым.=  ;        (14)

Дебиторлық қарыздың орташа шамасы  

Кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның  ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен  анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Тағы рефераттар