Қазіргі уақытта басқару жүйесінің әдістері мен үлгілері басқарудың барлық деңгейлерінде өзгеріске ұшырап жатыр. Осы жағдайларға байланысты, құрылыстағы инвестициялық есепті басқаруда кешенді, дәлірек айтқанда, жүйелі басқарудың қажеттілігі туындады. Құрылыстағы инвестициялық есепті басқарудың өзгеруіне жүйелі түрде қарау – құрылыс кешеніндегі ресурстарды инвестициялық қамтамасыз ету факторын ескере отырып, функционалды-технологиялық ерекшеліктердің негізінде құрылыстағы мәселелерді шешудің ең үйлесімді нұсқасын таңдау мүмкіндігі.

Инвестициялық-құрылыс қызметі саласында В.К.Иванцов, В.С.Резниченко, А.В.Богдановтардың [1] теориялық-практикалық өңдемелерінің негізінде, инвестициялық-құрылыс қызметін басқарудың негізгі принциптері анықталды:

— инвестициялық жобаға қатысушылардың барлығының инвесторлар,    тапсырыс берушілер мен мердігерлердің мүдделерінің сәйкес келуін қамтамасыз ету негізінде инвестициялық жобаны кешенді жүзеге асыру;

— жоба алды өңдемелер, конкурстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, объектінің құрылысы мен жобалануы және пайдалануға енгізілуі, сонымен қатар инвестициялық жобаның бүкіл өміршеңдік кезеңін кешенді қарастыру;

— инвестицияларды қалыптастыру мен өткізудің жаңа технологиясына көшу негізінде инвестициялық жобалардың өміршеңдік кезеңін қысқарту;

— шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтерге жоғары тұтынушылық сапаны ескере отырып, жобаның техника-экономикалық тиімділігін бағалау;

— құрылыста және объектілердің пайдаланылуында, жобалаудағы кешенді шығындарды минимизациялау;

— инвестициялық-құрылыс қызметін қаржылық, ұйымдастырушылық және технологиялық сенімділікпен қажетті деңгейде қамтамасыз ету;

— тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізу мен құрылысты жобалауға үміткерлерді конкурстық іріктеу;

— орындаушылар мен жұмыстың әртүрлі деңгейіндегі жүйесін бір топқа біріктіруді   күнтізбелік   кесте   негізінде   жалпы   экономикалық  талдау, техникалық-экономикалық негізде жоба алды  зерттеулер кезіндегі  жоба мен жұмыстың орындалу мерзімі мен ұзақтығын анықтау;

— жобадағы тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасындағы келісім бағасының қалыптасуы үшін ресурстық немесе индекстік әдістерді қолдану арқылы құрылыс объектілеріне баға беру;

— қолданушыларға мәліметтерді үйлестіру, ақпараттық-талдау үлгілерін өңдеу және қолдану негізінде инвестициялық-құрылыс қызметін басқаруды ақпараттандыру;

— инвестициялық жобаларда басқару шешімдері мен жобаның автоматтандырылуының ықпалдастық жүйесін өңдеу.

Жобаның өміршеңдік кезеңі белгілі бір пайдалану кезеңін қамтиды. Сондықтан да өндірістік бағыттағы инвестициялық жобалар, жобаның орындалу шыңына жету кезеңін ғана емес, инвестицияларды қайтару мерзімін де ескеру қажет. Әлеуметтік-экнономикалық саладағы жобаларда ғимараттарды сақтандырудың кепілдік мерзімін және қажетті сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілуін ескеруі тиіс. Мысалы, Финляндияда тұрғын-үй ғимараттарын сақтандырудың кепілдік мерзімі 10 жыл.

Құрылыс кәсіпорындарының өзгеруі кезінде акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және басқа да ұйымдық-құқықтық үлгіде ұйымдастырылған қоғамдар басқару құрылымында өзгерістер болуын қажет етеді. Қазіргі жағдайда басқарудың келесі үлгілерін бөліп көрсетуге болады:

— экономикалық есептемелер негізінде құрылған менеджменттің қарапайым үлгісі, ол жаңадан құрылған кәсіпорындарға тән. Бизнестің бұл сатысы қарапайым және арнайы басқарудың кәсіпқойлығын қажет етпейді. Бизнестің кеңеюі мен дамуына байланысты бұл үлгілер тиімділігін жоғалтады;

— экономиканың жоспарлы жүйесі  кезінде қалыптасқан басқару үлгісі, ертеректе қалыптасқан кәсіпорындар базасы негізінде құрылған ұйымдарға тән;

— басқарудың сыртқы нышандары негізінде қалыптасқан үлгі: персоналды компьютерлер, мәліметтер базасы, түрлі бағдарламалық құралдар. Берілген үлгі ішкі фирмалық басқару технологиясында топ аралық және корпоративтік қарым-қатынаста қолдау таппады, басқаша айтқанда басқарудың мағыналық жағы технологиялық жағымен ауыстырылды;

— басқарудың корпоративтік моделі кәсіпкерліктің үлгісі және әдісі ретінде, мемлекеттің құрылымдық құрылымы шартында жаңа экономикалық субъектілер қалыптасады: ассоцациялар, холдингтер, қаржылық өнеркәсіптік топтар. Корпоративтік үлгілердің түрлеріне байланысты басқарудың түрлі жүйелері қолданылады: мүдделердің ерікті келісімі, оған кіретін элементтер, бақылау, жоспарлау, есеп қызметін орталықтандыру жолымен басқарудың  жүйесін құрастыру.

Жеке құрылыс кәсіпорныдарында басқаруды бір-біріне қатысы бар және қоршаған ортадан тұратын элементтер жинағы ретіндегі жүйе деп қарастыруға болады

Құрылысты басқару жүйесі құрылыстың мерзіміне, бағасына және сапасына тікелей әсер етеді. Ұйымдастырушылық жүйенің функционалдық, дивизиондық және матрицалық түрлерін бөліп қарастыруға болады. Функционалдық жүйе төменнен жоғары қарай басқару үрдісін қамтамасыз ететін әрбір функцияға қызмет тағайындайды. Дивизиондық құрылымда функционалдық жүйе қызметтері кәсіпорын  бөлімшелерін қамтиды, сонымен қатар бөлімшелер сызықтықтан басқа, автономдық, функционалдық құрылыммен қамтамасыз етіледі (қаржылық есеп, жоспарлау, маркетинг және т.б.). Нәтижесінде жоғарғы буынның басқару ресурстары, фирманың стратегиялық дамуын анықтау үшін босатылады. Шетелдерде, жобаның күрделенуіне байланысты, басқарудың сызықтық-функционалдық құрылымынан (ол тек кіші және орта кәсіпорындарға тән) АҚШ-тағы 500 ірі кәсіпорынның 95% двизиондық  құрылымға көшкен  [2]. Мысалы, трансаляск құбырлар құрылысы кезінде  мұнайды  тасымалдау  үшін, жоғары дәрежедегі орталықтандырылған үлкен бағынышсаты құрылымы құрылды, алайда бұл басқарудың жеделдігін төмендетті. Ақпараттардың қозғалысындағы қиындықтар, нарық шарттарының жылдам өзгеріп отыруы, жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл басқарудың құрылымы тиімсіз болғаны түсінікті болды.

Демек, бұл  тiк, сондай-ақ көлденең коммуникацияларға жатады: шешiмдер баяу қабылданады;  жетекшiнің құзыреттiлiгі арқылы емес, келіп түсетiн ақпараттың дұрыстығы мен сенімділігі негізінде анықталатын болғандықтан, қабылданған шешiмдердiң сапасы төмен болады. Орта буындағы басшының жоғарғы деңгейдегі басшының қабылдайтын шешiмдеріне, өз мүддесін немесе меншігіндегі буынның мүддесін ойлау мақсатында  ықпал ету мүмкiндiгi пайда болады, осының нәтижесінде ұйымның ішінде «бағынышсатылық» қалыптасады.

Осы жағдайлардың барлығы басқарудың дивизиондық құрылымына  өтудің  алғышарттын жасады. Орта және жоғары буындардың мүдделерi әрдайым сәйкес келмейтіндіктен, ұйымдарда қызметтiң ұтымды нәтижесiн алу және бөлiмшелердiң мүдделерi мен дербестiгі, жауапкершiлiгі  арасында бір мәмілеге келу мәселесі негiзiнен қиындықтар туындатты. Бұдан басқа басқару функцияларының қайталануы байқалады. Мұның барлығы кіші және орта құрылыс ұйымдарының экономикалық тиiмдi, ірі  ұйым болып бірігуіне мүмкiндiк туғызбады. Осылай басқарудың матрицалық құрылымы  пайда болды, ол екi жүйені қамтыды: сызықты-функционалдық және дивизиондық — тiгiнен жоғары аталған функцияларды, ал  көлденеңінен — жобалар немесе бөлiмшелерді қамтыды [3]. Матрицалық құрылымда жоба жетекшiлерi барлық қажеттi қаржы, заттық, ақпараттық және адам ресурстарымен қамтамасыз етедi және жобаның жоспар бойынша орындалуына және сапасына жауап бередi.

Жоғары буынның жетекшiлерi жобаның таңдап алынуын, олардың сараптамасын, нарықтың зерттеулерiн, ал ең бастысы, әрбiр жобаның iшiнде жұмыстың тиiмдi үйлестiрулерiн қамтамасыз етедi. Басқарудың матрицалық құрылымы өнiм өндiру процесінде сирек немесе қымбат бағалы ресурстардың түрлерiн қолданудың қажеттiлiгiмен байланысты және ол ресурстардың ұжымдық жұмсалуына мүмкiндiк туғызады. Әрбiр нақты жоба үшiн жобаның қажеттiлігiне байланысты функционалдық бөлiмдерден қызметкерлер алынады. Барлық қызметкерлер нақты бөлiмшелерге үнемi бекiтілгендiктен, функционалдық құрылымдарда байқалмайтын коммуникациялардағы иiлгiштiкке жетедi. Матрицалық құрылым менеджменттiң биiк деңгейiмен ұйымдастырудың мәдениетін талап етедi.

Басқару функцияларының ыдырату негiзінде кәсiпорындардың қазiргi функционалдық басқару жүйесiндегі  Оңтүстiк Қазақстан облысындағы инвестициялық-құрылыс  кешенi   мысалында  жеке  басқару  функцияларына және олардың төменгi функцияларының салмақтылығына А.И.Резник және Р.И.Дроновтардың әдістемесі негізінде зерттеулер жүргiзiлдi [4].

Онда инвестициялық-құрылыс қызметiн қажеттi және жеткiлiктi  басқаруды қамтамасыз етудегi салмақтылығының кемуі бойынша функционалдық жүйелердiң теориясы ретінде басқарудың негізгі функциялары, сонымен бiрге әрбiр басқару функциясының ыдырауы негізінде төменгi функциялардың  салмақтылығының пайызы және сәйкестілігі зерттелген. Бiрiншi блок «қаржыны басқару» функциясынан тұрады, сарапшылардың зерттеуi бойынша  төменгi функциялардың ішінде ең көп бөлігін «қарыз құралдарын тартудың менеджменті» алып отыр.

Қаржы ресурстарының үйлесімді өзгеруін қамтамасыз ететіндіктен, дағдарыс кезіндегі төлемқабiлетсіздік жағдайында, таралған тәжiрибелердің сапалары негізінде, бұл функция өте маңызды болып табылады. «Персоналды басқару» блогында, персоналды басқарудың тиiмдiлiгі, сарапшылардың пiкiрiнше  ең алдымен  кадрларды таңдап алу және орналастырудан, сонымен бiрге олардың еңбегi мен еңбекақыны ұйымдастыруға тәуелдi болады. Қазiргi жағдайда инвестициялық-құрылыс қызметiн ұйымдастыру және басқару, персоналдың бiлiктiлiк  деңгейiн анықтау үшiн персоналдың аудиті деген төменгi функциямен бұл блокты толықтыру мүмкiндiгi қажеттiлігі туындап отыр.

«Экономика» блогында ең үлкен маңыздылықты «шығындарды басқару» төменгi функциясы алады — 21,5%, нарық жағдайында өндiрiстiк емес шығындар, экномикалық мазмұны бойынша «артық» сонымен бiрге жұмыс iстемейтiн активтерді болдырмау үшін қажет. Әрі қарай өзiндiк құн және баға белгiлеуді басқару келеді.

«Маркетинг және бизнес-жоспар» блогында, маркетингті және бизнес-жоспарды басқару функцияларының арасында, құрылыс кәсiпорынын нарықтық талдау және стратегиялық бағыт басымдау — 13,7%,  бұдан әрi құрылыстағы өнiмнiң өзгеруін басқару және баға саясаты төменгi функциялары  келедi.

«Ұйымдастыру және логистика» блогында ең маңызды төменгi функция «құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы немесе өндiрiстi ұйымдастыру» болып табылады. Екiншi орында «ресурстардың логистикасы» тұр, инвестициялық-құрылыс қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шығарылған өнiмнiң сапасын жоғарылату, сонымен қатар материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеуге мүмкiндiк туғызады. Тәжірибиелік мәселелердің шешiмiндегi жаңа тәртіпті қолданудың ең жарқын мысалы мұнай құбыры жүйесiнiң құрылысы Каспий Құбыр Консорциумы болып табылады [4]. Келісім шартқа сәйкес, бұл компанияның заттық-техникалық қамтамасыз ету қызметіне  үлкен көлемдегі құралдар мен материалдарды жабдықтау тапсырылған болатын. Жабдықтаушының жұмысын қадағалауға, сатып алуға,  сапаны  бақылауға,  жабдықталатын жүктердiң тасымалдануына  жобаның материалдық-техникалық қамтамасыз  ету  қызметіне менеджер жауап бередi және жобаны техникалық бақылап отыру қызметіндегі менеджердiң алдында есеп бередi. Сапасыз материалдардың пайда болуына, жабдықтау  мерзiмiнің бұзылуына жол бермейтiн және құрылыс алаңдарында  дәстүрлi заттық-техникалық қамтамасыз етуге қарағанда материалдарды жабдықтаулдағы логистика идеологиясының ең маңызды ерекшелігі келесi рәсімдерді  жүзеге асыруы болып табылады:

1. «Шығындар қосылған пайда» қағидасына сәйкес, материалдарды жабдықтаудың келісім-шарттық бағасын қалыптастыру;

2. Әлеуетті жабдықтаушыларға екi нұсқадағы жазбаша ұсыныстарды беру: материалдардың бағаларының нұсқауымен және нұсқауынсыз. Сатып алушыға бағытталған бағалардың нұсқауы бар ұсыныстар ашылуға дейiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметіндегі менеджерде мөрленген түрде сақталады. Бағалардың нұсқауынсыз ұсыныстар кәсіпорынның өкiлi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінлегі менеджер және жабдықтаушының қатысуымен ашылады.

Әлеуетті жабдықтаушылардан мөрленген конверттегі бағалардың нұсқауымен, дұрысталған қорытынды ұсыныстарға сұраныс жасалады және ұсыныстардың толық салыстырмалы талдауы дайындалады. Кейiн кәсіпорын өкiлi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметіндегі менеджер және жабдықтаушының қатысуымен дұрысталған бағалар жарияланады. Кәсіпорын өкiлi және таңдаулы жабдықтаушының қатысуымен кеңес үрдісiнде келісім-шарттың барлық техникалық және тағы басқа талаптары реттеледi.

3. Үлкен көлемдегi материалдарды сатып алған кезде, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажеттi көлемін анықтау керек болғанда, жабдықтаушылармен келісілген, жабдықтауға берілген мәлiмдеме тауар бiрлiгінің бағасына негiзделедi, басқа да  бағалардың қолданылуына қатысты көлемінің өзгеруі мәлiмдемеге  қосымшада енгізіледі.

«Есеп түрлерi» блогінің ең үлкен бөлігін қаржылық есеп алады — 51, 9%, ол инвестициялық — құрылыс қызметiн iске асыруы үшiн өте маңызды. Қазіргі кезде бұл блокті «салық есебі» атты төменгi функциямен толықтырған дұрыс көрінеді, себебі жаңа Салық Кодексiне сәйкес фирманың қызметi оның салық регистрлерiнде көрсетілуі тиiс.

ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Иванец В.К., Резниченко В.С., Богданыв А.В.  Управление проектами и предприятием в строительстве// Справочное пособие с методиками и примерами расчета. М.: 2001 480 с
  2. Журавлева Г.П., Малышева И.Ю. Теоретическая экономика. –М.:ЮНИТИ.-1997
  3. Инвестиционно-финансовый портфель: Книга инвестиционного менеджера. Книга финансового менеджера. Книга финансового посредника.- М.: Соминтек.1993
  4. Резник А.И., Дронов Р.И.  Логистика в строительстве// Экономика строительства – 1999. — № 11.

Тағы рефераттар