Қаржылық-экономикалық талдау кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату резервтерін табу және тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық жағдай мен шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелерін зерттеу үрдісі болып табылады.

Қаржылық талдау объектілеріне активтер және пассивтер құрылымы өзгерісінің пайдасы мен зияны мөлшері және қызықтыратын кезеңдегі дебиторлық және кредиторлық берешек жағдайын көрсететін қаржылық ақпарат жатады.

Талдау тәжірибесі қаржылық есеп берулерді оқудың негізгі ережелерін жасады:горизонталды, тік, трендті, негізгі көрсеткіштерді талдау, салыстырмалы талдау, факторлық.

Загрузка...

Өзіне қысқа мәтіндік есеп беру мен әр түрлі көрсеткіштер жиынтығын қосатын кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайының факторлық экспресс талдауы ең жылдам болып табылады. Экспресс талдау бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайының тереңдетілген талдауының орындылығы мен оның қызметінің нәтижелері туралы қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі міндеттеріне есепті кезең бойына қаржылық жағдайды және оның өзгерісін бағалау, активтер мен оның көздері арасындағы сәйкестілікті, орналасуы мен пайдалану тиімділігінің оңтайлылығын зерттеу, айналым капиталы көлемі, өсімі мен ағымдық міндеттемелермен ара қатынасын анықтау, қаржылық-есептік және несиелік тәртіпті сақтау, кәсіпорын активтері мен міндеттемелері құрылымын зерттеу,ағымды активтер, оның ішінде дебиторлық берешек пен қорлар айналымдылығын есептеу, баланс ликвидтілігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігінің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері мен оның деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау, кәсіпорынның іскерлік активтілігін анықтау, кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдау, яғни оның қаржылық стратегиясын жасау жатады.

Екінші тарауда қарастырылған «Қазақтелеком» ААҚ 2006-2007 ж.ж зерттелетін кезең бойынша мынадай  нәтижелерге жетті:

«Қазақтелеком»ААҚ балансына зерттелетін кезең бойынша талдау жасалып, қысқа мерзімді міндеттемелер тез өтімді активтерден көбірек болғандықтан ААҚ жоғары төлем қабілеттілік тұжырымдамасын ұсталынады деген қорытынды жасауға болады,.Бұдан баланс ликвидті емес деген қорытынды жасауға болады.

«Қазақтелеком» ААҚ 19982 303 654 теңге құраған таза пайдасын тек 2008 жылы ғана алған.Оның алдыңдағы 2006, 2007 екі жылда ұйым шығынға ұшырады. Бұған мынадай факторлар қатары әсерін тигізді:негізгі қызметтен түскен табыстың ұлғаюы көрсетілетін қызметтердің орташа құнының өсуі. 2006 жылғы бағамдық айырмашылық бойынша алынған, 659 260 теңгені құраған табыс маңызды орын алды,өткен екі жыл шығынға ұшырағанды көрсетеді: 2006 ж. — 2 270 333 және 2007 ж. — 4 670 537 теңге.

ААҚ — ның дебиторлық берешегін басқару жақсарды егер 2006 ж. дебиторлық берешекті инкассолаудың орташа кезеңі 59 күнді құраса, 2007 ж. 51 күнді құрады, бірақ 2008 ж. 60 күнге дейін жоғарылағаны.байқалады.

Яғни, фирма шоттары бойынша төлемдерді төлеудің мерзімін ұзарту 2000 ж. 1 ай, 21 күнді құрады, осындай мерзімге сатып алушыларға тұтынушылық несие — «Қазақтелеком» ААҚ-ның маркетингтік тактикасы берілген болатын.

Сондай-ақ кредиторлық берешекті басқару сапасы жақсарды, егер 2006ж.»Қазақтелеком» ААҚ несиегерлер қойған шоттарды  және есептелген шығындарды 150 күн (5 ай) ішінде төлесе, ал2007 ж. 113 күн  ішінде (3 ай, 23 күн) төледі. Осыдан Қазақстан Республикасы экономикасында төленбеген төлем дағдарысы орын алды. Бірақ «Қазақтелеком» ААҚ үшін бұл соншалықты жаман емес, өйткені 3 жыл бойы операциялық кезең несиегерлер қаражаттары есебінен қаржыландырылды. Іскер серіктестермен қатынаста қаржылық пайда мен әдеп нормалары арасында теңгеру  қажет.

Үшінші тарауда кәсіпорын қызметінің тиімділігін  арттыру жөнінде ұсыныстар енгізілген.

Кәсіпорындағы қорлардың меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілуінің меншікті және қарыз құралдарының ара қатынасының, тұрақты қаржыландырудың коэффициенттері өте төмен. Олардың барлығы пассивтер құрамындағы капитал мен резервтердің, активтер құрамындағы негізгі құралдардың төмен үлесімен анықталады. Капитал мен резервтер элементі ретінде қосымша капитал-негізгі құралдардың ұлғайып келе жатқан құнын жабу көзі.

Осылайша, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы деңгейін бағалау үшін белгілі бір тәсілдер қолдану қажет емес. Егер қорлардың меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілуі және мүліктің нақты құнының коэффициенттері жеткілікті болса, қалған барлық коэффициенттер деңгейін де жеткілікті деп санауға болады. Егер қалғандары аталған екі коэффициенттен шығатын болса,тек солармен шектелуге бола ма деген сұрақ тууы мүмкін. Болмайды, себебі кәсіпорынның активтер мен пассивтер құрылымы басқа күнге ауыстырылады, талданатын кезеңге қарағанда коэффициенттердің нақты және қалыпты деңгейлері арасындағы айырмашылық басқа болады.

Қаржылық тұрақтылықтың жан-жақты бағалануы коэффициенттердің барлық жиынтығы бойынша нақты мәндерді қалыптылармен салыстыру арқылы қамтамасыз етіледі. Одан басқа,мұндай салыстыруда коэффициенттер деңгейіне әсер ететін барлық факторлар көрінеді. Мысалы, қорлардың меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілуі коэффициенті қорлар құнының, айналымнан тыс активтердің мөлшері, капитал мен резервтер сомасының өзгерістері әсерінен өзгеруі мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқару міндеттерінің бірі-коэффициенттің нақты деңгейін қалыптыға жақындату үшін қолдануға болатын факторды табу.

Мұндай факторларды табу үрдісінде кәсіпорынға ұзақ мерзімді қарыздар іздеп, меншікті капиталды ұлғайту орнына қысқа мерзімді қарыз құралдарын өсіру дұрыс болуы мүмкін. Басқа жағдайларда, керісінше,қаржыландырудың тұрақты көздерін ұлғайту қажеттілігі тууы мүмкін, егер мұндай мүмкіндік тәжірибе жүзінде болмаса, кәсіпорын айналымнан тыс активтер немесе қорларды азайту әдістерін қарастыруға тиіс болады.

Бұл ретте, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық аспектілерінің бірін тек бағалауға ғана мүмкіндік бермейді. Оларды дұрыс қолдану кезінде, қаржылық тұрақтылық деңгейіне белсенді әсер етуге, минималды қажет деңгейіне дейін көтеруге болады, ал егер ол нақтылы түрде минималды қажет деңгейден артық болса,бұл жағдайды активтер мен пассивтер құрылымын жақсарту үшін қолдануға болады.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
  2. Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  4. Адамов В.Е. Факторный индексный анализ. – М: Статистика, 1997 (461-бет)
  5. Анализ платежеспособности предприятия и организаций. Практическое руководство для государственных и малых предприятий – М: 1998 (155-бет)
  6. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник Богдановская И.А., Виноградов Г.Г., Моргун О.Ф. и др.: Под общественной редакцией Стражева В.И.– Минск. Вышейшая школа, 1998  (256-бет)
  7. Андреев В.А. Практический аудит (справочное пособие) – М: Экономика, 1999 (177-бет)
  8. Андреев В.К., Степанюк Л.Н., Остроухова В.И. Правовое регулирование предпринимательской деятельности: Учебное пособие – М: Бух. Учет,1996 (285-бет)
  9. Артеменко В.Г., Белендир М.В. Финансовый анализ: учебное пособие – издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2000 (254-бет)
  10. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности – 2-е издание – М: Финансы и статистика , 1997 (352-бет)
  11. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта. Учебное пособие – М: Финансы и статистика, 1998 (323-бет)
  12. Бернстайн Л.А. Аналих финансовой отчетности: Пер. С англ. (Научный редактор перевода чл. Корр. РАУ) Елисеева И.И. – М: Финансы и статистика. 1996 (310-бет)
  13. Бригхем Ю., Гапенски Л. Финансовый менеджмент. Полный курс. В 2-х т.: Пер. С английского (под ред. В.В. Коволева – СПб: Экономическая школа. 1997 ( 16-21-беттер)
  14. Вознесенский Э.А. Финансы как стоимостная категория – М; Финансы и статистика. 1985 (430-бет)
  15. Герстнер П. Анализ баланса: Перевод с нем. Ревякина  Н.А. ( Под ред. Филимонова Н.Г. – М: Экономическая жизнь, 1926. 188-бет.
.
Загрузка...

Тағы рефераттар