МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Маркетингтің мәні мен мағынасы және принциптері    5
1.2 Фирманы басқарудың маркетингтік қағидалары    9
1.3 Менеджменттің мәні, әдістері және  қызметтері    15

ІІ «БЕЛЫЙ ВЕТЕР» ЖШС КӘСІПОРНЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1. Кәсіпорынның қысқаша сиапаттамасы    19
2.2. Кәсіпорнының басқару  қызметін  ұйымдастыру    22
2.3 «Белый ветер» ЖШС кәсіпорнының маркетингтік қызметін талдау    27

ІІІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ САЛАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ    33

ҚОРЫТЫНДЫ    38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Экономикасы дамыған елдерде маркетинг пен менеджмент фирманың нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты пернесі ретінде қаралады. Осы жағдайда байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеумен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы фирманың ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, фирманың маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, ауарларды өткізу тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаруалар жатады.

Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін-бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынуының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушы байланыстыру және олардың бірін-бірі табуға жәрдем беру – кез-келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.

Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты.

Қазақстанның қазіргі жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жүйелердің ауысу үрдісі барысында ұйымның қалыптасуы мен тиімді қызмет етуінің кешенді негіздеудің маңызы зор. Ұйымның басқару кұрылымына қойылатын жаңа талаптарды нарықтық қатынастар, кәсіпкерлік белсенділік, әртүрлі меншік формаларына өту, мемлекеттік реттеу мен басқару функцияларының өзгеруі қойып отыр. Ғылыми негізделген принциптерге сүйеніп құрылған тиімді ұйымдар мен басқару табысты экономикалық реформаларды жүзеге асырудың басты шартына айналды. Өнімдер мен қызметтер бәсеклестілігі айтқанды ұйымды басқарудың формалардың, әдістердің және құрылымдардың бәсекелестілігне айналды. Әрбір ұйымның тиімді қызмет етуі, қойылған мақсаты мен миссясын орындау, стратегиясының жүзеге асырудың маңызды шарты — сыртқы орта өзгерістеріне бейімделген, қазіргі тенденцияларды ескере отырып қалыптастырылған басқару құрылымы.

Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай  ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет. Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің көкекестілігі курстық жұмыстың мақсатын  анықтаған болатын.

Курстық жұмыстың мақсаты — кәсіпорынның маркетингтік және менеджменттік салаларын зерттеу болып табылады. Осы масатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастыру көзделді:

—       маркетингтің мәні мен мағынасы және принциптерін қарастыру;

—       фирманы басқарудың маркетингтік қағидаларын анықтау;

—       менеджменттің мәні, әдістері және  қызметтеріне тоқталу;

—        «Белый ветер» кәсіпорнының басқару қызметін ұйымдастыруын талдау;

—        «Белый ветер» кәсіпорнының маркетингтік қызметін талдау.

Курстық  жұмыстың  объектісі — “Белый Ветер” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Осы жұмысты жазу барысында тақырыпқа қатысты  оқу-құралдары, газет-журналдар, сонымен қатар “Белый Ветер” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маркетингтік және менеджменттік бөлімінен алынған арнайы құжаттар қолданылды.

курстық жұмыс / 42 бет


Тағы рефераттар