Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия жылдарындағы баспасөз туралы қазақша реферат

1905 жылдан басталған Россиядағы революциялық әрлеу дәуірі патшалықтың шет аймақтарында ұлт – азаттық қозғалысының жандануына ықпал жасады. Алайда патша үкіметіне бұратана халықтардың бірді-екілі оқығандарының “азаттық”, “теңдікті” әңгіме етуі, тіпті өрескел көрінді. Бірнеше ғасыр бойы үнтүнсіз бағынып, тағдырына мойын ұсынып келген аз ғана ұлттардың ішінен бұлай бас көтеретін адамдар шығады деп ойлаған жоқ еді.

Сондықтан да патшалық өкіметті бұндай наразылық көрсете бастағандарды барынша мұқа- тып, біржолата тұралатып тастауға ұмытылды. Ал, кеңес дәуірінде бұлардың патша заманындағы азаттық үшін күресін орысқа қарсы күрес деп теріс түсінушілер, бұларды ұлтшылдар, бай           лар деп кінә тағушылар пайда болды.Оның үстіне революцияға дейін интеллегент болғандар сол заманның рухани уымен уланғандар болып табылады. Бұлар енді пролитарият туы астында жинала алмайды, жаңа өмірді жырлай алмайды деген асығыс, ешбір ғылыми негізсіз тұжырымдар жасалды. Ақыр соңында оларға әр түрлі жалалар тағылып контрреволюциялық ұйым құруға қатысты деген айып- тар тағылды. Сол отызыншы жылдардың басында-ақ олардың кейбіреуі аталып кетті, басқалары ұзақ мерзімге жер аударды. Бұл айдаудан әупірімдеп аман қалғандарын 1937 жылдың қанды ақпаны мәңгіге жұтты.

Шолақ саясатшы Голощекиннің “кіші Октябрь” саясатя тек малмен күн көріп отырған қазақ- тың алдымен байларына, онан соң орташаларына, ең соңында астық екпейтінмалшыға астық салы- ғын салып, астық тауып бере алмағандардың малын тартып алып, шұбырынды болуға, қаңғып кетуге мәжбүр етті.

Тарихтың “ақтаңдық” беттері туралы ең алғаш болып “Қазақ әдебиеті” газетінің 1988 жылғы 6 ақпаны күнгі нөмірінде – халқымыздың тілі мен тарихына, мәдениеті мен әдебиетінің тағдырына байланысты жиі-жиі проблемалық мақалалармен көрініп жүрген белгілі жазушы Б.Нұжекеевтің “Шындықты бүкпей айтсақ” деген мақаласы жарияланды. Одан соң бастаманы “Арай ” журналы мен “Өркен” газеттері жалғастырып, бұрын халық жауы аталыр келген Косарев, Бухарин жайлы материялды орыс тілінен аударып басып, өздеріде осы тақырыпқа байланысты көлемді интервью, очерк, мақалаларды жариялай бастады.

“Ел басынан күн туып, ері қайда жүр екеннің” кері келді. 1937 жылдың тажал аждаһасы Нығмет Нұрмақанов, Сейтқали Меңдешов, Тұрар Рысқұлов сияқты миллиондардың өмірін қиды.

Осындай тарихтың “ақтаңдық” беттері туралы материялдар кезінде басылымдарда жиі жарияланып, одан қорытынды да шығарыла бастады.
Тағы рефераттар