Қазақстан Республикасында бюджет жобасының бекітілу процедуралары туралы қазақша реферат

Бюджеттік кезеңдерінің барлығы – олар құру, қарау, бекіту, атқару, есебі мен есеп беру – бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде орын алатын кезеңдер. Сол себептен бюджеттердің әрбір түрлері үшін бұл кезеңдер белгіленген. Бюджеттер жобаларын жасау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспары мен орташа мерзімді фиксалды саясат негіздерінде іске асырылатын түсімдер болжамдаудан басталады. Осы уәкілетті органмен фиксалдық саясат негізінде бюджет шығыстарының лимиті қалыптастыру және оларды ағымдағы мен даму бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу іске асырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орташа мерзімді әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері негізінде және де облыстар, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің келісілген көрсеткіштері мен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік мәлімдемелерін (тапсырыстарын) есептей отырып, республикалық бюджет жобасының келесі негізгі болжамдық көрсеткіштерін анықтайды.

Республикалық бюджет қалыптасырудың бірінші кезеңінде экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен кезекті қаржы жылға ел экономикасы дамуының сценарилық шарттарын жасау іске асырылады. Мұндай сценарий негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, елдің әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімдік болжау көрсеткіштері мен Үкіметтің орташа мерзімдік фиксалдық саясаты арқылы жасалады. Егерде ел Үкіметі осы сценарлық шерттерді мақұлдаса, онда кезекті қаржы жылға республикалық бюджеттің негізгі параметрлері мен шығыстар функционалдық жіктелуіне сәйкес оның шығыстары жөнінде мәліметтер жасауы, сондай-ақ орташа мерзімдік болашаққа республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерін жобалауы іске асырылады.

Республикалық бюджетті қалыптасырудың екінші кезеңінде оның ел Үкіметі қолдаған жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тиісті комитетінде қаралады. Бұл комитеттің тұжырымы негізінде шешім шығарылады немесе бюджет жобасы Мәжілісте қарауға және талқылауға қабылданады, немесе бюджет жобасы қосымша істеуге Үкіметке кейін қайтарылады. Жоба қосымша істеуге қайтарылуы мүмкін, егерде ұсынылған материалдар бюджет жөніндегі заңнамалық актілер талаптарына сәйкес болмаған жағдайда. Ал егерде тиісті комитет оң тұжырым берсе, онда бюджет жобасы үсыныстар мен ескертулер енгізу үшін Президент пен Парлемент Сенатына және де тұжырым беруге Есеп комитетіне бағытталады.

Үшінші кезеңде Парламент палаталардың – Мәжіліс пен Сенаттың пленарлық отырысында тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын талқылау іске асырылады. Жобаны талқылау  барысындағы депуттармен енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырмалар дәйектілік пен бюджет теңдіктілігін сақтау принциптердің талаптарына сәйкестік болуы қажет.

Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын Үкімет Парлементте талқылау үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызына дейін ұсыну тиіс. Бұл жоба Парламент талаптарының бірге отырысында талқыланып, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін тиісті заң қабылдау арқылы бекітіледі. Егерде белгіленген мерзімге дейін республикалық бюджет жөніндегі Заң қабылданбаса, онда Республика Президенті алдымыздағы қаржы жылдың бірінші тоқсанына арналған бюджет бекітілгенге дейін әрекетте болатын республикалық қаржы жоспары жөнінде Жарлық жариялауға құқы бар. Бұл жоспар республикалық бюджет жобасының төрттен бірі көлемінде ағымдағы жылдың 30 желтоқсанға дейін бекітілуі тиіс. Осы жоспра қабылданған жағдайда республикалық бюджет жаңа жылдың наурыз айының 1 жұлдызына дейін бекітілуі тиіс.

Тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының теңестілігі үшін жауапкершілік толығымен жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға жүктеледі, сондай-ақ төменгі бюджеттерді құру, бекіту және атқару процесіне мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың араласуы жіберілмейді. Жергілікті бюджеттердің барлық параметрлері бірыңғай бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталады.

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері аудан мен облыстық маңызы бар қала бюджеттері бекітілгеннен кейін бір апталық мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық органдарына облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жиынтық бюджеттерін, тиісті жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын өтейтін шығындар көлемін ұсынады.

Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалыптасыру тәртібі

Республикалық және жергілікті бюджеттердің келесі қаржылық жыл жобасын жасау үшін мемлекеттік мекемелер бағдарламалар әкімшіліктеріне шығыстардың экономикалық жіктеудің әрбір ерекшеліктері бойынша бюджеттік шығындардың есептемелерін ұсынады. Мұндай есептемелерді құру үшін мемлекеттік мекемелер келесілерді қолданады:

  • бірыңғай бюджеттік жіктеуді, оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуін;
  • бюджет шығындарының экономикалық жіктеу еркешеліктерінің құрылымын;
  • орташа мерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарға сәйкес тиісті кезеңнің болжамдық көрсеткіштерін;
  • заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген әрекеттегі нормалармен және нормативтермен.

Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері, мысалы, келесі формалары арқылы құрылады:

  • 01-111 форма мемлекеттік бюджет арқылы ұсталатын мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;
  • 10-111 форма прокуратура органдары қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;
  • 11-111 форма құқық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қаржы полиция агентігі органдарының және кеден қызметі жұмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;
  • 12-111 форма әскери қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады.

Денсаулық сақтау мекемелерінен басқа мемлекеттік мекемелер барлық шығындардың ішінде тамаққа арналған шығындарын есептеу үшін 01-131 форманы толтырады. Бұл формада тамақ азықтарын алушылардың атауы, азық нормасы және азықтанатындардың орташа жылдық саны көрсетіледі. Мысалы, білім беру мекемелерінде азықтанатындар болып оқушылардың орташа жылдық саны есептеледі, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерде – тұрғындардың орташа жылдық саны, әскери және оған теңестірілген органдар мекемелерінде — әскери қызметкерлердің орташа жылдық саны.

Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлерлері, әскери оқу орындарының курсанттары және тағы басқа теңестірілген қызметкерлер мемлекеттік бюджет құралдары арқылы арнайы киім-кешек және басқа да заттық мүлік бұйымдарымен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Осыларды сатып алуға, тігуге және жөндеуге арналған шығындарды есептеу үшін тиісті мемлекеттік мекемелер 01-134 формасын пайдаланады. Бұл формада киім-кешек пен басқа да арнайы заттық мүлікті алушылардың атаулары мен олардың орташа жылдық саны, белгіленген норма мен шығындардың барлық сомасы көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің барлық шығындары жоғарыда көрсетілген экономикалық жіктеудің ерекшеліктеріне сәйкес арнайы формалар толтыру бойынша есептеледі. Сол формалар бойынша шығындарды есептеу мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеттерін реттейтін әр түрлі нормативтік актілер ережелеріне негізделеді. Мысалы, ел ішіндегі қызметтік актілер ережелеріне негізделеді. Мысалы, ел ішіндегі қызметтік іссапарларға бағытталған шығындарды есептеу үшін 01-136 форма толтырылады. Бұл арада есептемелер негізі ретінде «Мемлекеттік бюджет арқылы ұстайтын мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің ҚР шегіндегі қызметтік іссапар Тәртібін бекіту жөніндегі» Үкімет өкімі (2000 ж. 22 қыркүйек № 1428) қолданылады. Ал егерде қызметтік іссапар шетелге бағытталса, онда мемлекеттік мекеме 01-137 форманы толтырады және шығындар есептеуі «Шетел валютасында іссапарлық шығындарды өтеу жөніндегі» Қаржы министрлігінің бұйрығына (1998 ж. 16 қараша №534) негізделеді.

Мемлекеттік мекемелерге сырттан көрсетілген әр түрлі қызметтерді өтеуге арналған шығындарын есептеу үшін де арнайы формалар белгіленген. Мысалы, байланыс қызметтерін өтеу үшін шығындар 01-142 форма арқылы есептеледі, ал көлік қызметтерін өтеуге арналған шығындар сомасын есептеу үшін 01-143 форма толтырылады. Сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мекемелерге атқарылған жұмыстар мен көрсеткен қызметтерді өтеуге бағыттталған шығындар сомасын есептеуге 01-149 форма арналған. Бұл формада жасалған есептемелер шығындардың жалпы сомасымен бірге олардың негізгі түрлері бойынша келесі көрсеткіштері арқылы келтіріледі:

1. Заңды тұлғалар үшін:

  • қызмет көрсету мен жұмыс атқаруға қатынасқан жұмыскерлердің еңбекақысы;
  • іссапарға арналған шығындар;
  • бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер;
  • басқа да салықтар;
  • материалдармен мүліктену;
  • электроқуат пен жылудан басқа коммуналдық қызметтер;
  • электроқуат;
  • жылу;
  • байналыс қызметі;
  • көлік қызметі;
  • негізгі құралдардың ағымдағы жөндеуі;
  • ғимараттарды ұстау мен күту;
  • басқа да шығындар.

2. Жеке тұлғалар үшін:

  • қызмет көрсету мен жұмыс атқаруға қатынасқан жұмыскерлердің еңбекақысы, сондай-ақ оның еңбекақысынан ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті төлем;
  • іссапарға арналған шығындар;
  • материалдармен мүліктену;
  • көлік қызметі.

Жоғарыда белгіленген формалар бойынша есептемелер негізінде мемлекеттік мекеме бағдарламалары бойынша жиынтық есептемелер формасын құрады. Бұл формада шығындардың жалпы сомасы және оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша болжамдық жылдың шығындар сомалары көрсетіледі. Және де осы формада өткен қаржы жылғы нақты мәліметтер, ағымдағы қаржы жылғы анықталған жоспар және келесі үш жылдың болжамдық мәліметтері келтіріледі.

Мемлекеттік мекемелер осы форманы шығындардың экономикалық жіктеуінің барлық ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелерін қоса бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне тапсырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мемлекеттік мекемелердің жиынтық есептемелері формасының негізінде бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар бойынша жиынтық есептемелер формасын құрып, қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарға ұсынады [23].
Тағы рефераттар