Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы туралы қазақша реферат

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру максатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уакыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен кызметіде өзгереді.Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұракты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап Қазақстанда барлык жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмысқа, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа  жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек кана ұсынымдылық сипатта болады, себебі, олардың жұмыскерлерді  еркін түрде алуға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі категориялардыадамдарға, әсіресе жастарға дифференциалды түрде қарау көзделген. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу арнайы бағдарлама жаслып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жұмыс орнын құру шараларына ерекше орын берілген, кәсіпкер жалақыны төлеу шығындарын қаржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады.

Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1930-шы жабылып, Жұмыссыздықтың көзі жойылғандығы айтылды.

Бүгінгі қалыптасқан өмір шындығы, барлық еңбек нарығы элементтерін қайтадан пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап жұмыс істей бастады. Қоғамдық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып,оның мақсаты жұмыссыздарға көмек көрсету еді. Уақыт өте келе бұл елдердегі еңбек қатынастарының даиуына сай олардың міндеттері мен қызметтері өзгерді. Соңғы жылдары еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті болып, жұмыспен қамту саясатын жасап, әрі оны өмірге ендірді. Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі қызметтері мыналар болып табылады: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы клетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ.

Егер де жұмысы жоқ жұмысшылар бос жұмыс орындары туралы еш нәрсе білмеген болса, онда олар істеуге тиіс жалғыз әрекет кездейсоқ және ешкім бағыт бермеген жұмыс іздеуге әрекеттері болып табылады. Әр түрлі кәсіпорындарда және әр түрлі мамандық бойынша жұмыс күшіне деген сұраныстың салыстырмалы жағдайы туралы қандай да бір жалпы ақпарат бәрібір боолады. Оны газеттердегі хабарландырулардан, достармен әңгімелесу барысында және кәсіподақтардың аудандағы жағдай туралы баяндамаларынан алуға болады.

Бүгінгі таңда еңбек биржасы күшті ақпараттық агенттіктің де рөлін атқарады. Олар кәсіподақтар атқаратын анықтамалық жұмыстарды кеңейтті және «жұмысшыға, оны өзінің жақын бөлімшесіне шақырып алып, бүкіл Лондон бойынша оның мамандығы бойынша жұмыскерлерге қатысты қандай сұраныстар жасалғандығы туралы танысуына мүмкіндік береді». Егер де әр түрлі қалалардағы еңбек биржалары өзара байланыс ұстайтын болса, жұмысшыға одан да ауқымды ақпарат беріледі.

Англияда байланыстың оқшауланған жүйесінен біріккен жүйеге көшу еңбек  биржасы туралы заңмен бекітілген. Осылай ұйымдастырылған  жүйе жұмысы күшінің бос жұмыс орындарына ауысуын тездетуге арналған қуатты құрал болып табылады.

Бір қарағанда, егер де ондай жүйе ұйымдастырылған болса, онда басқа ештеңенің қажеті жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл  қате пікір. Осы сәтте белгілі бір фирмада екі бос жұмыс орны ашылыпты деген ақпарат, бұл ақпаратты алған жұмысшылар сол жерге жұмыс іздеп барған кезінде де бұл жұмыс орындарының бос болатындығы туралы ақпаратпен бірдей емес.

Егер де әр түрлі кәсіпорындарда немесе кәсіпорындардың бөлімшелерінде бос жұмыс орнына қатысты ақпараттар орталығы бар жерлерде жұмысшылар шын мәнінде осы кәсіпорындар үшін немесе бөлімшелер үшін жалдана алатын орталықтар ұйымдастырылса. Егер де бұл бұған дейін жасалған болса, онда жұмысшыларға тек белгілі бір жерлерде пәлен бос жұмыс орны бар деген ақпарат қана емес, сонымен қатар бұл бос жұмыс орындарының олар сол жерге барғанға дейін ашық болтындығы туралы ақпарат беріледі.

Мұндай бірыңғайландыру жолындағы кедергілер әр түрлі кәсіпорындар бір  компанияға  тиесілі болғанда, олардың орналасқан жерлері тұрақты және олар іс жүзінде бір-бірімен тығыз байланыста болған кезде аз болады.

Егер де жекелеген кәсіпорындар бір ғана компанияға және бір кәсіпкерге емес, бірнеше компанияға немесе кәсіпкерге тиесілі болған кезде бірыңғайландыру жасалатын кедергілер күшті болады, себебі бұл жағдайда бірыңғайландыру үшін жұмысшылар алу жөнінде арнайы  ұйым құру қажет болады. Оны компаниялардың өздері немесе басқа бөтен орган құруы және осыдан кейін көрсетілген мақсаттарға пайдаланылуы тиіс.

Тәжірибеге сүйенсек, егер де бұл биржалар кең ауқымды клиентура тапқысы келсе, олар ниеті таза еместердің жеке ойынын білдірмей, қоғамдық болуы тиіс; оларды кәсіпкерлердің де сондай-ақ, жұмысшылардың да өкілдері басқаруы тиіс; олар  көтерілістер мен локауттарға назар аудармаулары тиіс – мұндай  жағдайда тараптардың бірі пәлен кәсіпорында жұмыс тоқтатылды деп биржада мәлімдеме жасауы тиіс; олар ешқандай қайырымдылық шараларын  жүргізбеулері тиіс, себебі ондай көмектерді көрсететін ассоциациялардан, өздерінің беделін жоғалтып алудан қорқып, жақсы жұмысшылар алшақтайтын болады және осы арқылы биржалар мен кәсіпкерлерді де шететеді; биржаларға муниципиальды немесе мемлекеттік ұйым мәртебесін беру арқылы олардың беделін арттыруға және оларды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысшыларды алу жөніндегі бірден бір орган ету арқылы олардың осы беделін одан да жоғары көтеруге болады.

Барлық осы шаралар басқа осы сияқты жағдайлар кезінде еңбек биржасын кеңінен пайдалануға жағдай жасай отырып (егер де кең қоғамдық пікір осындай шаралар үшін қарсы болса, онда оларды жүргізудің қажеті жоқ), жұмыс күшіне деген сұраныс талаптарын білмеуді жоюға мүмкіндік береді; сондықтан олар жұмыссыздықтың азаюын және сол арқылы ұлттық дивидендтің өсуін туғызады.

Мемлекет  кәсіпорын және ұйымдар мүддесін ескере отырып, биржа арқылы еңбек нарығына әсер етеді. ЕҢбек биржасы берген жұмысқа жолдама – кәсіпкер үшін ұсыныс болып табылады.

Себебі олар жұмысқа кімді аламын десе таңдау еркіне құқылы және өзінің кадрлар бөлімі арқылы жұмыскерді жалдауға мүмкіндігі бар.

Экономикасы дамыған елдер кәсіпорындар мен компанияларында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескере отырып жүргізіледі:

—         біріншіден, фирманың ағындағы тұтыныстарын, оның қосымша даму стратегиясын және фирманың өз ішінде кадрларды дайындау мүмкіндіктерін ескеру керек;

—         екіншіден, жұмыс күшінің ұлттық нарығының жағдайын ескеру керек.

Жұмыс күшін жалдау кезінде төмендегідей тәсілдер қолданылады:

—         жоғарғы және орта оқу орындарынан мамандарды тарту;

—         жұмыспен қамту орталығы арқылы кадрларды жалдау;

—         жарнамалық хабарлар мен жаппай ақпараттық құралдар көмегімен кадрларды тарту;

—         орналасатындады конкурстық негізде мұқият таңдау, сондықтан бір жұмыс орнына бірнеше орналасатындарды тарта білу.

Талдау іс-әрекеті мұқият талқыланып, онда әртүрлі тестілерді қолдану ескеріледі.

Тестілер жұмыс орнына таласатын ізденімпаздың лауазымды қызметіне байланысты әртүрлі болып құрылады. Тесті жалпы интеллектуалды тексеруге, кейде әртүрлі дайындық деңгейін байқататын, жалпы жәнге өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға, оның ішінде тлапкерді ңтаңдап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады.

Еңбек  нарығы

Енбек  нарығы  бұл  нарықтың  ерекше  түрі ,  онда  жұмыс  күші  тауарын  сату  және  сатып  алу  жүзеге  асады .Осы  жерде  оның  құны  мен  жалдану  жағдайы   бағаланады. Еңбек  нарығы – экономикаға  жағдай  көрсетудің  айнасы,  тұрғындарды  жұмыспен  қамту көлемі  мен динамикасын, жұмыссыздықтың  сала  бойынша,  кәсіби  біліктілік, демографиялық  және   басқада көрсеткіштерінің  құрылымын  байқатады . Осы  құбылыстар  АҚШ тағы  еңбек  рыногында  айқын  көрінеді. Осындағы  салалық  құрылымда   екі  тенденция  байқалады:  ауыл  шаруашылығымен  айналысатындар  санының  тез  қысқаруы  және  олардың  қызмет  көрсету  саясатында  артуы .  Себебі  бұл  сала  бойынша  ұлғая  түсті  және  ол  қоғамдық  еңбекті  қолданатын   басты  салаға  айналды .

       Адамзат  тарихының  тәжірибесі,  адамның   еңбекке  деген  ең  жақсы  ынтасы, яғни,  талаптануы,  тек  нарық,  оның  ішінде  еңбек  нарығы   жайында  ғана  іске  асатындығын  көрсетті .  Еңбек  нарығы  дегеніміз  бұл  ең  алдымен  жұмыс  күшіне  сұраным  мен  ұсыным.  Әрине,  бұл  тым  ерекше, өзгеше  нарық. Жұмыс  күшін  реттеуде  оны  әкімшілдік — әміршілдік  әдіске  қарама – қарсы  әдіс  деп  қарауға  болады. Еркін  еңбек – бұл  тиімді  экономиканың  негізі .

Осы  уақытқа  дейін  біздің  елімізде  еңбек  нарығы  болмады . Мамандарды  қайта  дайындаудың   тым  қарапайым  жүйесінің  болуы – тұрғындарды  толық,  біреқ  тиімсіз  түрде  жұмыспен  қамтуға  жағдай  туғызды,  өмір  сүру  ресурстарын   болуде  теңгермешілікке  жол  берілді,  ал  ол  белгілі  бір  дәрежеде  қоғамның  өндіргіш  күштерінің   дамуын   тежеді. Әкімшілдік — әміршілдік басқару   жүйесі  жағдайында  мемлекет, жұмыспен  толық  қамту  мәселесін  өндіргіш  күштерді  орналастыру  бағдарламасына  сәйкес  орталықтанған  жоспар  бойынша  өндіріс  салалары  мен  аймақтарына  бөлу  арқылы  шешіп  отырды .  Жаңа  жұмыс  орындарын  жасау  еңбек  етуге  қабілеті  бар  тұрғындардың  санына  асып  кетіп  отырды,  ал  ол  өз  кезегінде   жұмыс  күшінің  тапшылығын  тудырды. Және  де,  бұл  кардарлық  экстенсивті  типтегі  шаруашылық  механизмінен  қолдау  тауып  отырды :  кәсіпорынның   жалақы  қоры  жұмыскерлердің  санына  тәуелді  болды,  олардың   санының  өзгеріп  отыруы   еңбек  өнімділігінің   төмендігінің  және  жұмыскерлердің  өндірістегі  негізгі  жұмыстарынан  ауыл  шаруашылық  және  басқа  жұмыстарға  пайдаланудың  орнын  толтыруға  тиіс  еді .

Оның  есесіне  жұмыскерлерге,  белгілі  жұмыс  орнына  ие  болуға  нақты  кепілдік  берілетін  және  оны  жұмыстан  шығару  іс  жүзінде  мүмкін  болмайды.  Соның  нәтижесінде  жұмыс  күшіне  деген  сұраным  еркіндігі  мен ұстаным  еркіндігі  қатаң  шектеледі . Мемлекет  жұмыскерлердің  белсенділігі  мен  қозғалысына  қатаң  бақылау  жасап  отырды ,  олардың  өздерінің  жұмыс  күшін  қолдануына  тек  қана  мемлекет  белгілеген  еңбек  нысандарының  шеңберінде  ғана  рұқсат  етілді .

Кадрларды  тұрақтандыруда  “ жас  маман ”  институты , белгілі  бір  кезеңдегі  мерзімдік  шартқа  қол  қою  сияқты   тікелей  әдістер,  тиісті  жұмыс  уақыты  өтелгеннен  кейін  пәтер  беруге  уәде  ету,  бір  кәсіпорында        істеген  үзіліссіз  жұмыс  стажын  жоғалту  қатері  сияқты  жанама   әдістер  де  қолданылады.  Өздерінің  қабілетін  толығырақ  көрсетуге  және  лайықты  өмір  қалпын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  жұмыс  іздеу  ұмтылысы – қалада  төлқұжат  тәртібі  түрінде,  елде  керісінше  колхозшыларға  төлқұжат  бермеу,  жұмыстан  шығаруға  кедергілеріне   тірелетін.  Бір орында  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу  экономикалық  тұрғыдан  да  және  әлеуметтік  тұрғыдан  да  ынталандырды. Соның  нәтижесінде  еңбекті  ауыстырудың  экономикалық  заңы  бұзылды.  Оның  мәні – адам  өзінің  экономикалық  жағдайын  жақсарту  үшін  белсене  жұмыс  істеу  керек, ал  ол,  үнемі  өзін — өзі  жетілдіруді  қажет  етеді,  соған  сәйкес  жұмыс  істейтін  өмірінің  барлық  кезеңі  бойында  еңбек  ету  нысанын  ауыстырып  отырады .

Мысалы,  американдықтар  еңбек  ететін  өмір  бойында,  есеппен  7,5  рет  жұмыс  ауыстырды. Жапонияда,  бір  бөлегі   өмір  бойы  жалдаумен  қамтылған  жұмысшылар  206  рет  жұмысын  ауыстырады  екен . Батысевропада  бұл  көрсеткіш  Жапонияға   қараған  жоғары  болды, бірақ  АҚШ – тағыдан  төмен.  Бұл процесс,  нарықтық  принцптерге  көшіп  жатқан  экономикаға  тән  көрініс. Мысалы  Финляндияда  өндірісте  және  басқа  салаларда  жұмыс  істейтіндердің  үштен  бірі  мамандықтарын  ауыстырады  немесе  басқа  жұмысқа  ауысады.

Қазірде  жұмыспен  қамту  саласында ,  өндіріске  қажетті   жұмыс  күші  мен  олардың  жұмыстың  жағдайына  қоятын  талабы  арасында  еле,улі  қайшылық  бар. Оның  шиеленісуі – кадрлар  тұрақсыздығынан  көрінеді. Миллиондаған  адамдар,  өздерінің  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайын  жақсартам  деп  біраз  уақыт  жұмыссыз  қалады.  Ол көбінесе  2  айдан  6  айға  созылады.  Сонымен  бірге  миллиондаған  дипломы  бар  мамандар  да  ондай  дайындық  деңгейін  талап  етпейтін  қызметтерде  жұмыс  жасайды,  ал  бұл  құрылымдық,  яки  салалық   жұмыссыздықтың   орын  алып  отырғанын  көрсетеді.

Бұл  жағдайлар,  қазірде  нарықтық  экономикаға  өту  кезеңін  бастан  кешіріп  жатқан  біздің  елімізге  де  тән  бола  бастады. Атап  өту  керек – бұл  процес  өте  шиеленіскен   жағдайда  өтуде . Мемлекетсіздендіру  мен  жекешелендірудің  нәтижесінде  көп  укладты  экономика  орнығуда , ал ол ,  өз  кезегінде  мемлекеттік  секторда  жұмыспен  тұрақты  түрде  қамтылған  жұмыскерлердің  босауын  жеделдетуде. Кәсіпкерліктің  және  де  басқа  шаруашылық  нысандарының  баяу  қалыптасуы, жұмыстан  босап  қалған  жұмыскерлерді  жұмыспен  қамтуға  мүмкіндік  бермей  отыр.  Қалыптасқан  шаруашылық  байланысының   үзілуі,  соның  салдарынан  шикізаттың  және  жабдықтардың  кадрлардағы  өндіріс  қуатының  пайдаланылмауына,  көптеген  кәсіпорындардың  банкротқа  ұшырауына  әкеліп  соқтыруда.  қорыта  айтқанда  жұмыссыздық  нарықтық  экономикаға  тән  құбылыс  болып  табылады. Бірақ   оның  әр  елдің  ішкі  жағдайына  байланысты  белгілі  бір  мөлшері  болады. Егер  жұмыссыздар  сол  мөлшерден  асып  кетсе  немесе   кеміп  кетсе  нарықтық  экономикаға  залалын  келтіреді. Ал  қажетті  деңгейдк  тұрса,  онда  экономиканың  тиімді  дамуына  қолайлы  жағдай  жасайды.

Нарықта  сұраным  мен  ұсыным  заңы  жұмыс  жасайды  және  ол  еңбек  ақыға  әсер  етеді. Мұнда  жұмыс  күшін  сатушылар  мен  сатып  алушылар  кездеседі.  Өзінің  жұмыс  күшін  ұсынатын  жұмыскерлер, яғни өзінің  жұмысқа  қабілеттілігін  сатушылар  болып  табылады.  Біздің  елімізде  еңбек  рыногын  мойындау  үшін  жұмыс  күшінің  әлеуметтік – экономикалық   табиғаты  мен  оның  өндіріс  құрал  жабдығымен  қосылу  әдісін  түбегейлі  өзгерту  керек.  Жұмыс  күшінің  өндіріс  өндіріс  құрал – жабдығымен  қосылуын  нерықтық  әдіспен – сатып  алу – сату  жолы  арқылы  жүзеге  асады.

Егер  жұмыс  күшін  тауар  десек, онда  оның  құны  жайлы  әңгіме  туындайды. Шын  мәнінде,  жұмыс  күші  құнын  өмір  сүру  жабдықтары  қажетіліктер  құнына  теңестіруге  болады, яғни  жұмыскер  мен  оның отбасының    отбасының  өмір  сүруі  осы  қажеттіліктер  құнына  пара  пар  болады

Қазіргі  кезде  діздің  Қазақстанда  басқа  көптеген  елдермен  салыстарғанда   адамның  еңбегі төмен  бағалануда. Мысалы , Шветцияда – 30, Германияда – 28, Австралияда – 22, Францияда – 15 долларды  құрайды. Ал  Қазақстанда  0,10 доллар.

Қазақстан  Республикасында  тәжірибесінде  енді  ғана  тұрғындарды жұмыспен  қамтудың  нарықтық  механизмге  өтуі  қарастырылуда. Қазіргі  кезде  жұмыспен  қамту  қатынастары  терең  дағдарысты  басынан  кешіруде. Оның  себебі  әміршілдік  экономика  жағдайында  жұмыспен  қамту  қатынастары  тоталитарлық  орталықтан  жоспарланған  еді. Бұрынғы  әміршілдік  қоғам  толық  жұмыспен  қамту  міндетін  және  тұрғындардың  тиімді  еңбекпен  қамтылуын  шеше  алмады.

Еңбек  нарығы   нарық  түрінің   ішіндегі  ең жетілмегені   болып  табылады. Өзінің  жұмыс  күшін  ұсынатын  жұмыскерлер, әдетте,  олардың  еңбегіне  сұранымның  бар  немесе  жоқтығы  туралы  мәліметтермен  толық  ақпараттанбаған. Олар  өзінің  қаласының  шеңберіндегі  бос  жұмыс  орнының   барлығын  толық  білмейді.  Ал басқа  аймақта  жұмыс  орнының  болуы  туралы   тіпті  хабарсыз.  Нарық   жағдайында  экономикалық  еңбекті  ауыстыру  заңы  жұмыс  атқарады.Оның  мәнісі  мынада: өзінің  экономикалық  жағдайын  жақсарту  үшін  белсенді  жұмыс  жасау  керек, ол  болса  тұрақты  жетілдіруді  қажет  етеді  және  бүкіл  өмір  бойы  еңбек  еткен  кезеңде  қызмет  сапасы  түрін  өзгерткені  абзал.

Мысалы  американдықтар  өмірінің  еңбек  еткен  жылдарында  жұмыс  орындарын  орташа  7,5  рет,  Жапонияда  2,6 рет, ал  Батыс  Еуропада  бұл  көрсеткіш  Жапонияға  қарағанда жоғары.  Дамыған  елдердегі  рынок  өзінің  өзгермелі  коньюктурасына  қарай, жұмыскерлердің  үштен  екісін  үнемі  оқуға  итермелейді . Жапонияда  мысалы,  әрбір  екінші  жұмысшы  әйтеуір  бір  жерде  оқиды . Осы  елде  сапа  үйірмелері,  тәжірибемен  алмасу  тобы , жаңа  технология  және  еңбек   тәсілдерін  игеру  құбылыстары  кең  тараған . Швецияда еңбекке  байланысты  арнайы  заң  қабылданған.  Заң  талабына  сай

әрбір  жұмыскерге  жұмыс  уақытының  есебінен  кез  келген  курста  оқуға  құқылы  және  ешқашан  жалақысын  жоғалпайды . Сондықтан  да  жұмыскердің   оқуы  мен  білім  дәрежесі  жоғары  бағаланды . Бұл  процес – нарықтық    принципке  көшетін  экономика  үшін  қажетті  құбылыс .  Финляндияда ,  мысалы  осындай  орташа  мерзім  кезінде  мамандық  та  өзгертіледі  немесе  халық  шаруашылығында  айналысатындардың  үштен  бір  бөлігі  басқа  жұмысқа   ауысады .

Еңбек  нарығында  тепе – теңдік   сұраным  мен  ұсыным  көмегімен   бекітіледі. Еңбекке  деген  сұраным  мөлшері  жалақы  мөлшерінен  кері  пропорционалды  байланыстылықта  болады.  Жалақы  мөлшері  көтерілген    кезінде  фирмалар  тарықтық  тепе – теңдікті  сақтау  мақсатында  жұмыс  күшіне   сұранымды  төмендетуі  қажет,  ал  жалақы  мөлшері  төмендегенде  еңбекке  сұраным  артады. Жұмыс  күшіне  деген  ұстаным  нақты  байланысқа  іс — әрекет етеді .

Американ  ғылым  экономисі  П.  Самуэльсонның  ойынша,  қоғамдағы  еңбекке  деген  ұстаным  төмендегідей  факторлармен  анықталады :

— тұрғындардың  жалпы  санымен;

—  жалпы  тұрғындар  санындағы  өз  бетінше  тұратындардың  үлесімен  құралады;

— жыл  немесе  апта  бойынша  жұмысшының  атқаратын  орташа

санымен;

— жұмысшының  жұмсайтын  еңбегінің  сапасы , саны  және біліктілігімен
Тағы рефераттар