“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі — тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:

— жетілген салық жүйесі;

— оңайлатылған валюталық режим;

— бюджет жүйесі;

— кедендік режим;

— тиімді есеп беру мен  есепке алу;

— жетілген банк жүйесі;

— шаруашылық басқару органдарын жаңарту;

— жетілген сақтандыру жүйесі;

— әкімшілік басқару органдарын жаңарту;

— жетілген сақтандыру жүйесі.

Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:

1) инвесторлар басының және меншігінің қорғауды қамтамасыз ету;

2) қаржылық валюталық, салықтық, тарифтік және тарифтік емес реттеуде құқықтық негізін жетілдіру;

3) шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;

4) инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу;

27

5)  әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.

Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.

Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан — құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.

Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:

біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;

екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.

1995 жылы еліміздің салық жүйесін реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.

Шетел қатысуы мен 100%-ды шетел капиталы барлық заңды тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.

Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.

“Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру көптеген факторлардан тәуелді болып келеді. Халықаралық салық және инвестиция жөніндегі орталық сарапшыларының жүргізген “ҚР-дағы инвестициялық ахуал” бағдарламасы нәтижесі бойынша, еліміздегі инвестициялық ахуалдың болашағы зор. Бірақ, қазіргі таңда тұрақсыз деген тұжырымға келеді. Инвестициялардан түсетін пайданың мүмкіндігіне қарамастан, анықталмағандық Қазақстанға шетел инвестиция ағымын тежеуші фактор болып отыр. Сонымен бірге салық жүйесінің даму дәрежесінің төмендігі, кеден режимінің тиімділігі, әкімшілік органдарының көпсандылығы және валюталық режим салынған капитал ресурстарының өзін-өзі өтеуі үшін нақтылы жағдайды туғызбай отыр.

Қазіргі кезеңде, жаңа салық кодексінің, “Валюталық реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі “Сыртқы қарыз және сыртқы қарызды басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы “Тікелей инвестицияларын мемлекеттік қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы елімізде экономикалық ақаулының біршама алға қадам басқандығын көрсетеді.
Тағы рефераттар