Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму жағдайы туралы қазақша реферат

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.

1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары).

1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.

Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.

Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған.

Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру оменклатурасының кеңеюіне әкелді.

1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.

1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.

Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған.

Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді.

1995 жылы бірінші разрядты иеленген Алма-Аты мемлекеттік қадағалау лабараториясы ұйымдастырылған, кейін оның аты Республиканың мемлекеттік қадағалау лабараториясына (РМҚЛ) өзгертілді.

Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру жағынан көрсеткіш құралдар мен көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші, 3-ші разрядты, облыстық лабараторияның қарқынды құрылысы басталды.

Алма-Атының мемлекетік қадағалау лабараториясында, механикалық, бұрышты-сызықтық, теплотехникалық, электрлік өлшеу түрлері бойынша спекторіне кіретін салыстырып тексеру бөлімі құрылды.

1971 жылы ақпан айында КСРО-ң Қазақтың республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады. Басқару функциясын анықтайтын жаңа жағдай еңгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге жаңа мақсаттар мен міндеттер анықталып, стандартизация және метрология саласындағы КСРО-ң мемлекеттік стандарт құқығы кеңейеді.

КСРО-ң Мемстандарттың негізгі мақсаттарының бірі, мемлекеттегі стандартизация мен метрология жүйесін жасап, негізгі даму бағыттарын анықтау, өнімнің сапасы мен өндірудің техникалық деңгейінің жоғарлауының тиімді амалдары ретінді стандартизация мен метрологияның қолдану маштабтарын кеңейту және оның жұмысының эксплуатациясы мен өндірудің шығынын азайту болып табылады.

70-ші жылдарда Алма-Атыда физикалық шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан өлшеу құралдарының корсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу жоспарланды.

1974 жылы құрлыстың аяқталуы мен мекемелерді салыстырып тексеру құрылғылармен қамтамасыз етуден кейін, аккустикалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бойынша, жоғары қуатты өлшеу құралдары бойынша, селкілдеу (вибрация) мен жылдамдық бойынша, жоғарғы және төмен темпиратура бойынша, қысым мен 100 мыңға дейін баратын күш және жоғарғы жиілік бойынша жаңа лабараторияларды құрды. Бұндай салыстырып тексерулер Қазақстанның өндірістері мен ұжымдардын ғана емес, сондай-ақ Орта Азия мен Батыс Сібір мемлекеттерді де қамтамасыз етеді.

1972 жылы Қапчағай қаласында радиоциондық қадағалау құрылғыларын салыстырып тексеру бойынша лабаратория құрылды. Бұл лабаратория көрсеткіші ерекше құрылғылармен қамтамасыз етіліп, изатоптарды сақтауға барлық мүмкіндікті жасап, альфа — , бетта — , гамма – сәулеленудің энергиясы бойынша өлшеу құралдарының толық диапазонын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді.

1996 жылға дейін ол дозиметриялық және радиометриялық аппараттарын мемлекеттік салыстырып тексеруді қамтамасыз ететін жалғыз лабаратория болған.

70-шы жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамдыл қалаларында лабараториялар құрылды. Олар 2-ші, 3-ші разрядтары бойынша салыстырып тексерудің ең жаңа құрылғыларымен қамтамасз етілді.1975 жылы өлшеу техникасы мен стандарттар бойынша Қазақ республикасының тарту қадағалау лабараториясы Қазақ республикасының стандартизация мен метралогия орталығы негізінде (ҚазРСМО) қайта құрылды, ол өнім өндіру мен жасауды метрологиялық қамтамасыз етудің күйі мен шығарылатын өнімнің сапасының стандарттары мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға міндетті. 1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.

Республикадағы өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды.

1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы бойынша Алма-Атының стандартизация және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған мемлекеттік стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды. Барлық Кеңестердің Сверловск филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды.

Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің орталығы мен Басты мемлекет эталондар орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың  700-ден астамымен қамтамасыз етілді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұрынғы КСРО мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен республиканың эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады.
Рессей Федерациясы мен Украинада орналасқан метрологиялық институттар 1992 жылға дейін бірегей өлшеммен қамтамасыз етіліп, бұрыңғы Кеңес Үкіметіндегі өлшемнің барлық 17 түрі бойынша, метрология саласындағы нормативтік құжаттар мен негізгі стандарттарды жасау еңгізілді.

Осының нәтижесінде Республиканың Мемстандарт алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады.

Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді.

Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды.
Тағы рефераттар